Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Менеджменттің қалыптасуы



Менеджменттің теориялық және практикалық бастаулары ХІХ ғасырдан бастап пайда бола бастаған, бірақ менеджменттің ғылыми турғында басқару теориясы мен практикасың қалпытасуы XX ғасырға жатады.

Менеджмент теориясының негізін салушы Фредерик Тейлор. Оның еңбектері менеджментің концептуалды құрылымдарын қалыптастырған. Егер қазіргі таңдағы жағдайларда менеджмент дисциплинаралық теорияда алатын болса, бастапқы кездерде ол экономикалық ғылым шеңберінде пайда болған.

Тейлордың еңбектерінің құндылығы – оның теориясының негізінде өндірістегі өнімнің жылдам өсуі сол өндірістің кеңеюіне байланысты емес, керісінше ондағы қызметкерлердің еңбектерінің модернизациялық жүйесінің арқасында екендігіне қол жеткізді.

Классикалық менеджменттің ірге тасын қалаушылар: Г.Черча, А.Файол, Р.Эмирсон, Г.Форд және т.б. Олардың еңбектерінде мекемені басқарудың жаңаша жақтары ұсынылды. Бұл зерттеушілер жаңа басқару жолының функциясы мен практикалық ұсыныстарын тұжырымдап қана қоймай, сондай-ақ өндірісті басқарудың жаңа принциптерін ашты.

Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқын белен алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американдық ғалым – Элтон Мейр (1880-1949) болды. Американдық зертеушілер Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахим Маслоу (1908-1970) бихевиористік (мінез-құлық) мектептің өкілдері болып табылады.

Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп «басқару ғылымы немесе сандық ықпал мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С.Черчмен Джеймс Марч, Гербарт Саймон, Райт Джен Форрестер. Х.Райфа.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында менеджментке жаңа бағыт қалыптасты. Ол «ситуациялық әдіс» деп аталды. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді.

Менеджмент ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус» яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, мал тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфорт сөздігінде бұл ұғымғы мынадай түсінік беріледі:

а) адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;

ә) билік және басқару өнері;

б) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

в) басқару органы, әкімшілік бөлігі.

Белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі:

1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылыды.

2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4. Құрама одақтық (ассоциоциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемедегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5. Бизнес-менеджмент. Үкіметтен және мемлекеттен өзгеше келетін ерекше түрі.

6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі.

Менеджмент әдістері – бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі.

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі: өндірістік менеджмент, маман менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркентингтік менеджмент, сапа менеджменті және т.б.

Менеджменттің ең бастапқы бағыт-бастаулары белгілі болатын, тек мекеменің экономикалық сұрақтарынан басқаларына, яғни, еңбек қызметінің хронологиялық зерттелуі және еңбек өнімділігінің индивидуалды түрде жоғарлауы, басшылар қызметіне функционалды талдау жасау, қызметкерлердің дамуы және еңбек ету нормаларының нәтижесін шығару сияқты сұрақтары анықталмаған.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 4139 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...