Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Берілген мәтінді оқып, аударып, мазмұнын айтып беріңдер



Табиғат адамға өмірді тарту етті, оның жомартығы мен қайнар көзі туралы тамаша мысалдар бар.

Өзінің қуатты мүмкіндеріне қарамастан табиғат адамға бағынышты. Оған қамқорлық керек. Оның ормандары мен көлдерін, теңіздері мен құстарын, аңдарын қорғау керек.

Өткен дәуірлерге қарағанда адам баласы жаңа техникамен қаруланып, химия, ядролық физика саласында жетістіктерге жетіп, табиғатқа, биосфераға өз әсерін тигізді. Адам ұлы күшке ие болды. Бұл күш қоршаған ортаға жақсылықпен қатар өлім әкелуі де мүмкін. К.Маркс былай деп жазды: «Мәдениет сапасыз, стихиялық түрде дамыса, өз артына тақыр жерді ғана қалдырады. Бұл ойды «ноосфера» туралы материалістік түсініктің негізін салушы В.И.Вернадский жақтады. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша жер бетінде бір жылда 50 мың шаршы шақырым жер құр тақырға айналады екен.

«Құрғақшылық» деген термин де пайда болды.

Түрлі зиянды заттар жер бетіндегі генетикалық түрленуге қатер туғызуы мүмкін. Бұл сақтықты қажет етеді. Жер бетінің флорасы мен фаунасын қорғау үшін әлемде халықаралық табиғатты қорғау ұйымы құрылды. 1978 жылы «Бүкіл әлемдік табиғатты қорғау стратегиясы» деген құжат әзірленді. Табиғатты қорғау ұйымы күрделі ғылыми жұмыстар жүргізуде.

Сұрақтар:

1) Табиғат деген түсінікке не кіреді?

2) Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?

3)Қандай жағдайда табиғат адамға қызмет етеді?

4. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша бір жылда қанша жер құр тақырға айналады?

5. «Ноосфера» туралы материалистік түсініктің негізін салушы кім?

6. «Бүкіл әлемдік табиғатты қорғау стратегиясы» деген құжат қай жылы әзірленді.

7. Сіздің ойыңызша не жер бетіндегі генетикалық түрленуге қатер туғызады?

1-тапсырма. Эпиграфты оқыңдар, есте сақтаңдар, өздеріңді тексеріп, жатқа жазыңдар.

Келеді кез, Күрделі біздің бұл кез!

Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.

Қызыл кітап – Опат боп кеткен аңның

Бастарына қойылған қызыл күмбез. (Қ. Мырзалиев)

3- тапсырма. Биосфера, ноосфера сөздерінің мағынасын сөздікті қолдана отырып түсіндіріңдер.

Ноосфера –

Сөздік:

тарту–подарок, подношение жомартығы-щедрость қуатты -мощный мүмкіндеріне - возможностям қамқорлық – заботливость, покровительство қорғау – защищать күшке-силе тигізді-коснулась, притронулась жақсылықпен –добро, благодияние түсінік – понятие, понимание, объяснение, разъеснение негізін– основание тақыр – голый, без растительности «Құрғақшылық»- засуха қатер - опасность құрылды-образовался жүргізу-водить

5-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлемдер құраңыз.

1 Белгілі, сүреді, адам, қоршаған, өмір, ортада.

2 Табиғаттың, күші, жақсы, шипалы, бізге, белгілі.

6- тапсырма. Мына сөздерге анықтауыш жалғаңдар.

Қыс, аяз, күн, жел, ауа-райы.

Мысалы: ыстық, қапырық, желді, құрғақ, жаз.

7-тапсырма. «Адам және табиғат» тақырыпына сұхбат құрыңдар.

8- тапсырма. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтарды шешіңіздер.

1 Төңірегі тең көрініп, Теген жатыр төңкеріліп. Жас та сыйған, кәрі сыйған, Астына оның бәрі сыйған.   3 Бояуларым қашып кетті, Көк қағазды басып кетті. Қатарларын тізіп алды, Арттарында ізі қалды. 2 Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жас тамып барады.  

9 - тапсырма. Даналық ойларға өз пікіріңізді білдіріңіз.

1. «Өз елін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю сезіміне алып барады, адам өз күшіне сенгенде ғана дегеніне жете алады» (М.Жұмабаев).

3. «Жерді саудаға салу – елді саудаға салу» (Хансы Рахым).

(ОСӨЖ) 3-сабақ. Табиғат қорғауды қажет етеді.

Мәтінді мазмұндаңыз.

Туған өлкеге, мәдениетке, ауылға немесе қалаға, тілге деген сүйіспеншілік махаббат кішкентайдан өз отбасыңа, туған үйіңе, мектебіңе деген махаббаттан басталады.

Бірте-бірте бұл махаббат туған еліңе, оның тарихына, өткені мен бүгінгісіне, одан соң бүкіл адамзатқа, адам мәдениетіне ұласады.

Адам белгілі қоршаған ортада өмір сүреді. Қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді. Табиғаттың шипалы күші бізге жақсы белгілі. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру жұмысымен айналысатын ғылым – экология деп аталады. Бірақ экологияны табиғатты, экологиялық ортаны сақтаумен шектеуге болмайды. Адам баласы үшін бабалар мен олардың өздері жасаған мәдениетті сақтау маңызды. Мәдени ортаның сақталуы – қоршаған ортаны қорғаудан да маңыздырақ. Егер табиғат адамға биологиялық өмір үшін қажет болса, мәдени орта адамның рухани, өнегелік өмірі үшін қажет.

Сонымен, экологияда екі бөлім бар: биологиялық экология және мәдени немесе өнегелік экология. Адам биологиялық заңдардың сақталмауы нәтижесінен өлуі мүмкін, ал адам өнегесін жою мәдени экологияның заңдарының сақталмауынан болады.

2-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Табиғат ұғымын қалай түсінесіз?

2. Табиғатты қорғау - әр азаматтың парызы деген пікірмен келісесіз бе?

3. Экология қандай ғылым? 4. Экологияның бөлімдерін, атап беріңіз.

3-тапсырма. Төменде берілген белгілі адамдардың айтқан сөздерін жаттап алыңыз.

1. Біздің республикамыздың интернационалдық жағдайы таң қаларлық. Бізде 120 ұлт өкілдері тұрады. Бұлар 120 этномәдениет таратушылар, кемпірқосақтай түрлі түсті 120 гамма, тамаша хор жасап тұрған 120 аса сүйкімді дауыс. /Л.Лихачев/

2. Балыққа –су, құсқа – ауа, жануарға - орман, дала, тау қажет. Ал адамға Отан керек. Табиғатты қорғау дегеніміз – Отанды қорғау. /М.Пришвин/

4. Адам дүниені ойлап табушы екенін білу керек. Ол жер бетіндегі бақытсыздықтардың бәріне жауапты, оған өмірдегі бар жақсылық тиісті. /А.М.Горький/





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1428 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...