Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәтінді оқыңыздар



Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 км-ден (шақырымнан) астам. Батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның жер көлемі ұлан-байтақ. Аумағы – 2717,3 мың шаршы шақырым. Қазақстан жеріне Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия мемлекеттерінің жер көлемі сияды. Халқының саны 16 миллион адамнан астам. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Онда 100-ден астам ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Қазақ жері қызық та бай тарихымен белгілі. Оған дәлел болатын – Отырар, Тараз, Түркістан тағы да басқа әлемге әйгілі көне қалалар.

Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келеді. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстанның өзендері – Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле және басқалалары. Ең үлкен көлдері мен теңіздеріне Балқаш пен Зайсан көлдері, Арал мен Каспий теңіздері жатады. Қазақстан кенге бай. Сарқылмас қоры бар түсті металдар, темір, көмір, мыс, мұнай, газ, алтын және тағы басқа кен байлықтары кездеседі.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы.

Ауыр және жеңіл өнеркәсіптің орталықтары – Қарағанды, Теміртау, Екібастұз, Балқаш, Жезқазған, Шымкент және тағы басқалары.

Сонымен қатар, Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған ел. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, опера және балет театры, драма театрлары, мектептер, кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет сарайлары сияқты ғылым мен мәдениет ошақтары бар.

Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт!

(Ш.Бектұров. А.Бектұрова. Қазақ тілі. А., Рауан, 1994. 398-б. 299-бет)

(З.Ш.Ерназарова, Н.Қ.Мұхамадиева... Қазақ тілі (елтану) орта және жалғастырушы топтар үшін. Оқу құралы. А., Ол-жас, 2005. 60, 80 беттер)





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 691 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...