Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сөздік минимум



1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

қуатты күші ­ мощный сила мәдени - культурный өресімен –рассудительный, айқындалады-выяняеться, выявлять, уточнять. мұратқа жеткізетін – достичь цели, желание рухани – духовный рухани байлық- духовное богатство игілік – достояние талғам – вкус, тәуелді – зависимый, салт-дәстүр – традиция\ бесік-колыбель қалыптасқан – образовался сыры – секрет, тайна қадірлемеген – не ценил құрметтейді-уважать, почетный, өтеу – испольнить, выполнять, ажырағысыз - неотъемлемый гүлдену - процветание қоғамдық қызметі – общественная меңгеру - усвоить тікелей - прямой тәуелді - зависимый сәні - краса, красота тұтастай - целиком қарым-қатынас құралы – средство общение дүниетанымында – познание мира ананың аялы алақанынан – желанной ладони матери Бейнелі - образный (ая) қамту - охватить жазу жүйесі - система письменности қастерлі - святой құдіретті - всемогущий, сильный адам бойына - в человеке ана сүті - материнское молоко атадан балаға - от отцов детям мирас - наследие баға жетпес - неоценимый шұбарлау, шұбарлап сөйлеу – смешивать языки міндетті - объязан шексіз - безмерный көркемдік - художественность пақыр - бедный, неимущий парыз - долг игеру - осваивать тану - узнавать деңгей - уровень кескін-келбеті - облик болмысы - бытие оралымды - оборот өтеу – исполнять, выполнять

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

1. Ана тілі сол тілде сөйлейтін..... бірге өмір сүреді.

2. Тілінен айрылған...... өзіне тән барлық қасиетін жоғалтады,.... болудан қалады.

3. Қазақ тілі – қазақ........ ана тілі.

3-тапсырма. Мына пікірге өз көзқарасыңызды білдіріңіз. (мына сөздерді пайдаланыңыз, өйткені, себебі, әрине, жоқ, иә, дұрыс, неге, бірақ, сондықтан).

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан қол үзеді. (Ғабит Мүсірепов).

4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Тіл болмаса,......... болмайды.

2. Тіл болмаса,.......... болмайды.

3. Тіл болмаса,.................. болмайды.

4. Тіл болмаса,.................. болмайды.

5. Тіл болмаса,.................. болмайды.

5-тапсырма. Керекті жалғауларды қойыңыз.

1. Түркі халықтар......... ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл – қазақ тілі.

2. Қазақтар - өзінің шешендігі....., әсем ауыз әдебиеті..... даңқты.

3. “Туған тіл.... – тірлігім...... айғағы” (Ә.Тәжібаев).

6-тапсырма. Мына өлең жолдарына өз ой-пікіріңізді білдіріңіз.

“Әркімнің туған тілі – туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе” (Сәбит Мұқанов).

7-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз.

1. (Родного языка) жырламаған адам жоқ.

2. Менің (родной язык) – шексіз бай, өте көркем.

3. Өз атамекенімізде жүргендіктен (на своем языке) сөйлеу – басты (долг).

4. Тіл әрбір адамның бойына (материнским молоком) бірге еніп, қалыптасады.

8-тапсырма. Соңғы абзацқа бірнеше нақты сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Ана тілінің көркемдігін қайте (не істей) алмаған адам?

Ілік септігі+тәуелдік жалғаулы 10 сөз тіркестерін анықтаңыз.

Үлгі: ұлт тың игілігі+і, өзі нің болашағ-ы

5-тапсырма. Мына пікірге өз көзқарасыңызды білдіріңіз. (мына сөздерді пайдаланыңыз, өйткені, себебі, әрине, жоқ, иә, дұрыс, неге, бірақ, сондықтан).

“Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды”. (М.Әуезов)

10 -тапсырма. Сәйкес келетін грамматикалық форманы қойыңыз, жақшаны ашыңыз.

1. “Туған тіл [-сі, -ім] – тірлігім [-нің, -е] айғағы” (Ә.Тәжібаев).

2. “Сүйе [-сің, -мін] туған тіл [-ні, -ді] – анам тілі [-ді, -н]” (С.Торайғыров).

3. “Ана тіл [-ің, -сі] – ар [-ың, -ға] бұл...” (Қ.Мырзалиев)

4. “Ана тілі [-ді, -н] сүймеген

Халқы [-на, -н] сүйіп жарытпас...” (Б.Сарноғаев, қырғыз ақыны).

11-тапсырма. Мына өлең шумағына сәйкес ситуация құрыңыз. “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте”.

Сөлеу үлгілері:

- ең алдымен...

-..................дегенге қосылмаймын, себебі............

- негізінен...

- мүмкін, солай шығар...

- ең бастысы...

- әбден мүмкін...

- қалайша...

- келісе алмаймын...

12-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыз.

1. көмегімен, ғылымды, Тілдің, игереміз, өнер-білімді.

2. атадан, мирас, балаға, болып қалған, Тіл, мұра, баға жетпес.

3. өз, сөйлеу-, парызымыз, басты, тілімізде.

3. бай, көркем, шексіз, өте, тілім, ана, менің.

4-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, жалғастырыңыз, өз ойыңызды қосыңыз.

- Сен неге ана тіліңде газет-журнал оқымайсың?

- Себебі, көп сөздерді түсінбеймін.

- Қалайша, сен біраз сөздердің мағынасын жақсы білесің ғой, әрі қарай дамыту керек емес пе?

- Әрине, солай ғой, дегенмен...

- Қандай себеп...

-?

-?

15-тапсырма. Тіл, сөз өнері туралы кім көп мақал-мәтел біледі? Оның бірнешеуінің мағынасын түсіндіріңдер.

Керекті сөздерді, сөз тіркестерін тауып, орнына қойыңдар, айтылған ойдың мағынасын түсіндіріңдер (Кім жылдам?).

1. Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап................... алма. (Абай.)

2......... көркі – тіл, тілдің көркі -.... (Ж.Баласағұн.)

3. Әр халықтың.................................. – білімнің кілті. (А.Жұбанов)

4. Кей................. асылды шақпақ тасқа шаққандай боп, әсем сөйлем ішінде ұшқындап,............................... тұратын шағы бар. (М.Әуезов)

5. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген........................ толық мәнді интеллигент емес деуге болады. (М.Әуезов)

6. Ана тілін тек.................................... ғана менсінбейді,............................ ғана аяққа басады. (Ғ.Мүсірепов)

7. Тіл қаруы -.............., сөз қаруы -.............. Ақылды ой,......................... сөз адамның ең жоғарғы......................... (Ғ.Мұстафин)

8. Тіл – ұлттың....................... Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың................ көрінісі. (Л.Н.Толстой)

9. Өз тіліңді............................ тұрып,.............. -........... сүйе алмайсың. (К.Г.Паустовский)

10. Сөз өнері - өнер атаулының ең..................... да........................ (О.Бальзак)

11. Өз ойларын көрікті айта алмау -.................., ал өзінің көкейін тескен ойларының болмауы – одан да асқан...................................... (Ушинский)

12............................................. тек қана өз тіліміз арқылы түсінуге болатындығын ұмытуға болмайды.

Керекті сөздер: кемшілік, қиыны, күрделісі, сөз, бөгде тілді, жаны, жанды, қадір тұтпай, ел-жұртыңды, сөз, ой, алғыр, қасиеті, өгей ұлдары, адам, от төгіп, сөздердің, ақылдың, сөз, сөзіне.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 2327 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...