Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

СабақЛексикалық тақырып: Ана тілі - дүниетаным құралы



(дата, подпись)

Тәжірибелік сабақтар

1-сабақ

Лексикалық тақырып:

Ана тілі - дүниетаным құралы

Тірек сөздер мен сөз тіркестері

(қандай?) (кімнің?)
ана азаматтық   мәдени   рухани тілі парыз (долг)   өре   талғам (вкус, предпочтение) елдің     халықтың қуатты (мощная) күш(і)   байлық-бақыт(ы) жан(ы) кескін-келбет(і) (облик)
(неден басталады?) (не істеу?)
жөргектен (с пеленок)   бесік жырынан (колыбельная песня) ананың аялы алақанынан     басталады   ана тілінің сырын   ел-жұртының салт-дәстүрін     ана тілін анасын Отанын ұғу     тану   құрметтеу

сабақЛексикалық тақырып: Ана тілі - дүниетаным құралы

Мәтінді оқыңыз, мазмұңданыз.

Әрбір елдің қуатты күші, байлық-бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өресімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам дегеніміз тілге тікелей тәуелді екені белгілі.

Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.

Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тіл білімінде «ана тілі» терминін алғаш ұсынып, ғылыми айналымға енгізген Ахмет Байтұрсынов.

Халықтың дәстүрлі дүниетанымында ана тілі жөргекте жатқанда, бесіктен бойы озғанша, ананың аялы алақанынан, әлдилеген бесік жырынан басталады.

Осы отбасы, ошақ қасындағы ата-ана қарым-қатынасынан қалыптасқан тіл қоғамдық ортада ел-жұртының салт-дәстүрін тану, ана тілінің сырын ұғу арқылы жалғаса береді.

Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды.

Әрбір азаматтың өз ана тілін құрметтеуі тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық парызы болып табылады.

(«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы)

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, сөздікпен жұмыс жасаңыз, түсінгеніңізді айтып беріңіз.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 814 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...