Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. БӘЙТЕРЕК Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар



«Бәйтерек» туралы диалогті монологке айналдырып, мазмұндаңыз.

- Растислав, Астанамыздың төрінде тұрған «Бәйтерек» туралы сен не білесің?

- Анна, сен де қызықсың-ау, әрбір елдің астанасы болса, сол астананың өз символы болмай ма? Мысалы, Париж десе, Эйфел мұнарасын, Лондон десе, Биг-Бен сағатын есімізге аламыз. Сол сияқты Бәйтерек – астананың символы және жастардың, қала тұрғындарының демалыс орны дер едім.

- Иә, дұрыс айтасың, бірақ «Бәйтерек» тек демалыс орны ғана емес қой. Елордамыздың символы «Бәйтеректің» биіктігі неше метр білесің бе?

- Анна, сен мені ұялттың-ау?! Бәйтеректің биік екенін білем, ал бірақ неше метр? Мына отырған студенттерден сұрайыншы. Сіздер білесіздер ме?

- Растислав, жарайды, сен білмесең, мен айтайын. Биіктігі 97 метр. Неліктен 97 метр деп ойлайсың?

- 97.... иә......., 1997 жылы ел ордамыз Алматыдан Астанаға көшті. «Бәйтерегіміздің» биіктігі 97 метр болуы осы себептен деп ойлаймын.

- Иә, Растислав, мұндай шардың биікте тұруы әлемнің бірнеше қалаларында кездеседі. Мысалы, Италияда осындай шар 20 метр биіктікте тұр, ал Эмираттарда 56 метр биіктікте. Бұларды біздің биіктігі 97 метр «Бәйтерегімізбен» салыстырып көрші!?

- Шынында да, осындай шардың 97 метр биіктікте тұруы – тек қана біздің елімізде екен ғой. Анна, ал осы шар туралы не айта аласың?

- Түркі халықтарының аңызы бойынша, алып ағаш - бәйтеректің ұшар басына аңыздағы Самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана алтын жұмыртқа салады екен, сол жұмыртқа өмірдің символындай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен.

- Иә, Елордамыздағы «Бәйтерек» даламыздың асқақ рухын, халқымыздың биік парасатын, біздің бақытты болашағымызды көрсетіп тұр деп айта аламыз. Анна, «Бәйтеректің» ұшар басындағы шардың шар емес, алтын жұмыртқа екенін де білдім. Ал, енді «Бәйтеректің» жан-жағын өре қоршаған темір торшалар жайлы не айта аласың?

- Бәйтеректің жан-жағынан қоршаған темірлердің саны 101. Оның сыры мынада: Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Сондықтан да оның саны 90 емес, 100 емес, 101 болуы осыдан.

- Иә, Анна, елордамыздың символына айналған «Бәйтерек» жайлы өзіңнен көп мәлімет алдым. Осындай «Бәйтерегі» бар Астанада, сол Астананың төрінде орналасқан Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенті екеніме мақтанамын.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 885 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...