Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

СӨЖ) 4 сабақ. Арал тағдыры. Мәтінмен жұыс жүргізу. Мазмұндау, аудару



60 - жылдардан Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шару ашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90 % - дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6млн. га-ға кеміп, өзінің 60 % көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 метрге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км, ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырықтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климатың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстурлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дуние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған. Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм жәнеҚызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.

Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулулығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.

60- жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендерінің суы күрт кеміп кеткен.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.

Сұрақтар:

1. Нешінші жылдардан Арал теңізінің ауданы кеми бастады?

2. Арал теңізі қандай белдеуінде орналасқан?

3. Көлемі бойынша Арал дуние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде нешінші орында болған?

4. Теңіз қандай ойпатт орналасқан?

5 –сабақ





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 722 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...