Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Баланы қасық арқылы тамақтандыру



Кейіннен екі-үш қасықтан, бір жасында күніне жетпіс г ет жеуге болады.

Бір жастан кейін сиыр етіне қоса тауық, қоян етін де беруге болады. Бұл кезде сәби буға пісірілген котлет, тефтелилерді де жей береді. Еттен кейін қана балаға сүт тағамын бере бастаған жөн. Сиыр сүтін бала көкөніс пюресі және ботқалар арқылы алады. Ал құр өзін бір жасқа дейінгі балаға бермеген жөн. Оның орынына сәбиге айран берген дұрыс. Әсіресе, бір жасқа деінгі бүлдіршінге «Биолакт», «Ацидолакт», балалар айранын берген жөн.

Ауылды жерде бұл өнімдер табылмаса, кәдімгі айранға қант сиропын қосып, сұйылтып беруге болады. өйткені, балалар айраны кәдімгі айрандай қышқыл емес, тәтті. Бала айранның қышқыл дәмін ұнатпай, ішпей қоюы мүмкін, сол үшін қант сиропын қосқан жөн. Кейбір балалар сонда да тыжырынып, кәдімгі айранды ішпеуі ықтимал, ондай жағдайда айранға жеміс пюресін немесе шырын қосып берген жөн.

Балықты бір жасқа таман бере батауға болады. Суға пісіріп, қылқанынан тазалап, пюре немесе тефтели түрінде, басында жарты қасықтан беру керек. Баланың балыққа жауап қайтаруын байқау үшін бірінші бергенде таңертен берген жөн, бұл кезде басқа қосыша тамақ бермеген жөн. Егер аллергиялық жағдай байқалмаса, бірте-бірте балық мөлшерін көбейтуге болады. Бірақ, балыққа үйренген кезде де оны жиі беру керегі жоқ. Аптасына екі рет берсе жарайды. Елу-алпыс грамм балық жеген күні балаға ет беріудің қажеті жоқ.

Бір жастан асқаннан кейін бүлдіршінді тәулігіне бес-алты рет қана емізіп, арасында қосымша тағамдармен қоретендірген дұрыс.

Дүкендерде түрлі пюрелер, балалар ботқалары сатылады. Сыртында қанша айлық балаға арналғаны, қай уақытқа дейін жарамды екені көрсетіледі. Сол ескертпелерді қатаң қадағалай отырып пайдалануға болады.

Балаға емізгеннен кейін шырын, шәй беруге болмайды. Себебі, шырындар берілген кезде ас қорыту 5-20% дейін төмендейді. Ал, шәй бергенде витаминдер шәй ішіндегі танинмен байланысып, қорытылмай қалады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2280 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...