Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сүттің кемелділік дәрежелері



У ы з. Аяғы ауыр әйелдерде және босанғаннан кейін бірінші күндері сүт безінен кілегейлі, қою, сары түсті уыз пайда болады. Қыздырғанда уыз жеңіл іріп кетеді. Уыз тығыздығы 1050 – 1060, тәулігіне 10 – 100 мл пайда болады, орташа алғанда – 30 мл. Уызды сүтпен салыстырғанда ақуыздар мөлшері көптеу болады, каротин және А дәрумені екі – он есе көп, аскорбин қышқылы – екі-үш есе көп, В12, Д және Е дәрумендері мол. Май, су және қант мөлшері уызда кемелді сүтке қарағанда аз.

Уыз көбірек болу үшін баланы ерте емізу, бірінші күннен уыз қалдығын сауыптастау керек. Бала ауыр жағдайда болса, уызды сауып баланың ауызына тамшылап құю жөн. Уызды емген нәресте инфекциялық ауруларға шалдықпайды, өйткені уыз сәби ас қорыту жүйесін қауіпті, ауру тудыратын түрлі микробтардан қорғайтын мөлдір қорғаны – қабықша түзеді. Уыз өсіру ықпалдарына бай, осы ықпал арқасында баланың жетілмеген ішектері дами бастайды. Уызбен қоректенбеген балаға сиыр сүтін немесе басқа тагамды берсе, баланың ішек-қарыны зақымданады және аллергиялық жағдай пайда болуы мүмкін.

Уыздын арқасында физиологиялық сарғаю пайда болмауы мүмкін.

Уыздың іш босататын қасиеті бар, осы қасиетіне байланысты бала «меконийден» (баланың біріншілік нәжісі) тез құтқарылады.

Әр баланы өз анасы емізу керек, анамен бала – бір жүйе болып тұрғаннан, ана баласын өзінің антиденелерімен қорғайды. Анасы ауырса, қандай жағдайда болса да, бала емізуін жалғастыра беру керек.

Уыз өз антигендік қасиеттері бойынша жаңа туған балаға жақын, сондықтан жеңіл қортылады.

3-5 күндерден кейін сүт көлемі көбейеді, сүт бездері сүтке тола бастайды. Бұл сүтті «ө т п е л і» деп атайды. өтпелі сүттің бөліну ұзақтығы 10 – 15 күн. Құрамы бойынша кемелді сүтке жақындайды.

10-15 күннен кейін сүт көлемі көбейеді, оның құрамы және бөлінуі өзгереді. Енді осы сүтті «кемелді» деп атайды. Ол сиыр сүтімен салыстырғанда, суйыктау көрінеді, бірақта оның құрамында баланың дамуына керек заттардың бәрі де бар.

К е м е л д і с ү т алдынғы және артқы сүтке бөлінеді. Алдынғы сүт суға, ақуызға, лактозаға, минерал түздарына, дәрумендерге бай, майлар аз, сондықтан осы сүттің түсі көкшіл болады. Артқы сүт майларға бай, сондықтан түсі де ақ болады. Белсенді емген бала сүттің артқы бөлігін көбірек емеді, сондықтан солғын еметін балаларды емшектен тез алуға болмайды. Майлар мазмұны емізудің соңында бала тойғанының белгісі болып көрінеді. Емшектен артық сүтті сауып тастағанда, балаға қажетті күш-қуаттығының әсері жеткіліксіз болып қалуы мүмкін. Бала тек алдыңғы сүт емсе, салмағын қоспайды, нәжісі жиі, сұйық, көпіршімелі болады.

Егер нәресте шала болып туса, «ж е т і л м е г е н» сүт пайда болады. Жетілген сүттін айырмашылығы: ақуыздары жетілген сүтке қарағанда -1,5 есе көп, себебі – шала туған балаға ақуыздар көбірек керек. Минерал тұздары да ана сүтінде көп мөлшерде, сондықтан, жетіспейтін минералдар туғаннан кейін жеткізіледі. «өтпелі» сүттің пайда болуы шала туғандық кезде 6-7 жұмаға дейін созылады, содан кейін қана «жетілген» сүт пайда болады.

У ы з ж ә н е с ү т қ ұ р а м ы (бір литрге)

З а т т а р У ы з ө т п е л і с ү т К е м е л д і с ү т
Ақуыздар, г   17,5  
Майлар, г      
Көмірсулар, г      
Күш-қуаты, кал 1-ші күннен 5-і күнге дейін 1500 – 700    
А иммуноглобулиндер, г 3,6 - 1,4
Лактоферрин 3,3 - 1,4
Натрий, мг      
Калий, мг      
Селен, мг   -  
А дәрумені, мкг      
Е дәрумені, мг 14,8 8.9 4,3
В-каротин, мкг      

ДДСҰ материалдары бойынша табиғи тамақтандыру бойынша келесі анықтамалар белгіленді:

М ү л д е т а б и ғ и т а м а қ т а н д ы р у – бала өмрінің бірінші төрт – бес айында тек ана сүтімен қоректенеді.

А р т ы қ ш а т а б и ғ и т а м а қ т а н д ы р у – балаға ана сүтімен қатар шырын, жеміс пюресін 30 мл-ге дейін, немесе қосымша сүт қоспаларын (тәулігіне 100 мл-ден артық емес) алады.

Қ о с ы м ш а л а н ғ а н т а б и ғ и т а м а қ т а н д ы р у – оның екі түрі бар:

- табиғи жолмен тамақтандыратын балаға бесінші - алтыншы айлардан кейін жасына сай түрлі көк өніс пюрелерін, ботқаларды, т. б. қоспаларды береді;

- аралас тамақтандыру кезінде баланы ана сүтімен (тәулігіне бір реттен артық болса да) қатар ана сүті жетіспегенде бала сүт қоспаларын алады.

Тамақтандырудың маңызды бөлігі болып саналатын - тамақтандыру тәртібі. Қазіргі кезде ана баласын күндіз де, түнде де бала талабы бойынша емшекке салады, ему ұзақтығын да белгілейтін бала.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2305 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.054 с)...