Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері



А н а с ү т і н і ң ж ә н е м а л с ү т і н і ң с а н а л ы қ а й ы р м а ш ы л ы ғ ы.

Ана сүтінің құрамы мал сүтінің құрамынан ақуыздар, көмірсулар, майлар, минерал тұздары, су қатынасы бойынша саналық айырмашылығы бар. Ана сүтіне және сиыр сүтіне (ана сүті жойылған кезде бала тамағы түрінде ең жиі колданылатын өнім) кіретін негізгі заттардың саналық айырмашылығы әсіресе сиыр сутіне су қосқан кезде білінеді.

Ана сүтінің және мал сүтінің орташа бағалаулы құрамы (г/л)

Сүт түрі Су Ақуыздар Майлар Қант Күл
Әйел сүті Сиыр сүті Ешкі сүті Есек сүті   15,01 34,0 41,0 18,5 39,0 39,0 44,0 13,7 74,5 46,5 44,0 61,9   2,1 7,2 8,0 4,7

А н а с ү т і н і ң ж ә н е м а л с ү т і н і ң с а п а л ы қ а й ы р м а ш ы л ы ғ ы.

Ана сүтінде әр түрлі ақуыздар мол, он сегізі қанның сары суында кездеседі. Сиыр сүтімен салыстырғанда ана сүтінің құрамында лактоальбумин, иммуноглобулиндер, лактоглобулиндер мөлшері көбірек болады. Альбуминдер ұсақдисперсты ақуыз, сондықтан ана сүті ірігенде түйіршектері өте ұсақ болады, осыған байланысты, ас қазан сөлінің әсері көп үстірттікке жеткілікті болады.

Ж ұ қ п а л ы а у р у л а р д ы ң а л д ы н а л у ы н а ана сүтіндегі иммуноглобулиндер (А, М иммуноглобулиндер) әсер етеді. А – иммуноглобулин уызда, сүтте мол. Бұл иммуноглобулин асқазанның, ішектің, көздің, мұрынның кілегейлі қабықтарында пайда болады. Ішектердің жасушаларын ірі молекулалық заттардан сақтап, ол аллергиялық диатезден қорғайды. Сәбиде А - иммуноглобулин бірінші 1,5 айында бөлінбейді, сондықтан бірінші өмір сүру сағаттарында ана уызын ембеген нәресте аллергиялық жағдайларға шалдығуы мүмкін.

Иммуноглобулиндер - өзгермей асқазан арқылы қорытындылады, және өзінің қорғау жұмысын атқарады.

Ж ұ қ п а л ы а у р у л а р д ы ң а л д ы н а л у ы н а лимфоциттер де қатысады. Ана қаны және сүт безі тұрақты түрде өз ара лимфоциттермен алмасып тұрады. Ана ішектеріндегі, терісіндегі, немесе тыныс жолдарындағы лимфоциттер жұқпалардың антигендермен қатынасып, соңынан ананың сүт безіне түседі. Пайда болған антиденелер, белсенді лимфоциттер және лейкоциттер сүт арқылы сәбидің ағзасына еңіп, өздерінің қорғау жұмысын бала ағзасында да жалғастырады.

М а й л а р д ы ң да маңызы өте зор, ана сүті күш-қуатының бағалылығының 47% майларға байланысты жабылады. Майлардың бала өсіп дамуына және орталық нерв жүйесінің дамуына әсері көп. Майлардың 5-7% қанағатталынбаған, үнтақдисперсиялық, сондықтан да ана сүтінің қорытылуы біраз жеңілдейді. Олар дамуына себепкер болады. Осы майлардың простогландиндері иммунитетке себеп болады. 40-50% майлар ана сүтінің ферменттерімен қорытындылады.

К ө м і р с у л а р – ана сүтінде мал сүтімен салыстырғанда, сүт қанты - лактоза мөлшері көп болады. Лактоза 40%-ға дейін сүттің көмірсуларын қорытады. Ана сүтінде B – лактоза болады (сиыр сүтінде альфа - лактоза), ол В топтың дәрумендерінің пайда болуына әсер етеді және аш ішекте баяу дамуына байланысты тоқ ішекке дейін жетіп, грамм-оң бактериялардың өсуіне көмектеседі.. Лактозадан басқа галактоза дейтін көмірсу бар, ол жаңа туғандық кезеңде қолданылады да, бас мидың дамуына әсер етеді. Лактозаның күш-қуатының бағалылығы өте жоғары.

Ана сүтінде д ә р у м е н д е р (в и т а м и н д е р) көп, олардың жаңа туған балаға маңызы өте зор. Дәрумендер арасында – майда еритін д ә р у м е н д е р біраз орын алады. «А» және «Е» дәрумендер - антигипоксанттар болып саналады, сондықтан олар тұншығуға қарсы күрес жүргізетін дәрумендер.

«К» д ә р у м е н і – ішектің микрофлорасынан өндіріледі. Осы К дәруменіне байланысты бала гемморагиялық аурулардан құтқарылады. Ана сүтін ембеген балада 2-7 күннен бастап гемморагиялық аурулар пайда болуы мүмкін.

«Д» д ә р у м е н і – 100 грамм сүтте 41,2 ХБ бар, бір литр ана сүтінде тәуілігіне қажетті мешелдің алдын алушылық 400-500 ХБ-гі бар. Ана сүтімен қорытылатын балаға «Д» дәруменін беру қажет емес.

Б и ф и д у с – ф а к т о р. Жаңа туған баланың ішегі залалсыз таза, бірақ бірнеше сағаттан кейін оның ішіне әртүрлі микробтар еңеді. Ішектің микрофлорасы баланың тамақтануына байланысты. Ана сүт безінің үшында Bifidus – фактор бар. Ол бала ішегінде әдейіленген Lactobacillus bifidus дейтін бактериялардың көбейюіне әсер етеді. Олар басқа бактериялардың өсуіне бой бермей, диарея басталуға мүмкіншілік бермейді, тамақты ашытып қорытады.

Ал егер бала ана сүтімен тамақтанбаса немесе әр түрлі себептерге байланысты шыны арқылы сорғышпен емсе, оның ішегінде ішек таяқшалары пайда болады, олар тамақты шірітіп қорытады. Сондықтан, туғаннан кейін ішек таяқшалары емес, Bifidus – бактерия көбейсін десек, ешқандай шыны, сорғыш қолданбау керек, олардың орынына қасық арқылы (шала туған баланы тамызғыш арқылы) тамақтандыру керек.

Л а к т о ф е р и н – инфекцияға, қарсы тұратын фактор. Ол темірмен байланысып, басқа темір қажетті патогенді, ауру қоздыратын бактериялардың өсуіне бой бермейді.

Л и з о ц и м – инфекцияның алдын алушы фактор. Сиыр сүтімен салыстырғанда, ана сүтінде З00 есе артық. Лизоцим грамм-оң бактерияларға да әсер ететін фактор. Осының бәріне қосымша, ана сүті таза, стерильды, жылы.

Ана және сиыр сүттерін салыстырғанда, минерал тұздары арасында да айырмашылығы бар: ана сүтінде минерал тұздары, микроэлементтері мол. Жаңа туған бала микроэлементтерді тек тамақпен (ана сүтімен) қана алады. Ол бала ағзасында минерал тұздарын сақтайтын жер (депо) жоқтығына байланысты. Ана сүтімен бала ағзасына түсетін кальций және фосфордың өз ара қатынасы 2:1 болады, сондықтан баланың өз жасына сәйкес дамуына, мешелдің алдын алуына ана сүтіндегі кальций – фосфор көлемі жеткілікті.

Гормондардың бәрі де бар. Олар баланың дамуына, өсуіне керек.

Сонымен қатар, анасы табиғи жолмен баласын тамақтандырып жатқанда – екеуінің арасында тығыз психикалық және сезімдік байланыс пайда болады.

С ү т і ш ы қ қ а н ә й е л г е е м і з у д і ң ә с е рі:

- Л а к т а ц и я л ы қ а м е н о р р е я – нәрістені ұзақ, түнде де, күндіз де, 10-12 рет тәуілігіне, 30-40 минут бойы емізген әйелге етек кірі келмейді, сондықтан жүктілік те пайда болмайды.

- Қ а т е р л і і с і к т е р д і ң а л д ы н а л у ы – сүт безінің және басқа әйел жынысты мүшелерінің қатерлі ісіктерінің саны баласын емізетін әйелдерде екі есе төмендейді.

- ү н е м д і л і к п а й д а.

- Босанғаннан кейін бірінші екі сағат арасында сәбиді емізген әйелде рефлекторлық жолмен окситоцин бөлінеді. Окситоцин – ол қан арқылы сүт безіне түсетін гипофиз артқы бөлігінің гормоны. Окситоцин тек бала еміп жатқанда әрекет етеді; осыған байланысты сүт бөліне бастайды.

О к с и т о ц и н р е ф л е к с і - өте күрделі рефлекс. Оған әйелдің ойы, сезімі, әсерлері ықпал етеді. Ана көңілсіз болса, қатты ауырсыну сезімі болса, бірдемеден қорқып тұрса – сүт бөліну рефлексі жойылуы мүмкін. Әйелде жағымды сезім болса, немесе ол көңілді болған кезде – сүт безі кернеп, сүтке тола бастайды.

Окситоцинның екінші әсеріне байланысты әйелдің кеңіген жатыры мен құрсағы жиырылып, қалпына келе бастайды. Бұл процесс табиғи жүзеге асатындықтан жатырды қалпына келтіретін дәрілерді егудің қажеті де болмай қалуы мүмкін.

-Гипофизде бөлінетін екінші гормон – пролактин. Ол сүт бөлінуді ынталандырады.

алдыңғы бөлігіне дабыл жіберіп, сүт безінің жасушаларын қоздырып, сүт бөлінуін күшейтеді. Сүт безі емізіктің ынталануынан сүт бөлінуіне дейінгі процессті п р о л а к т и н р е ф л е к с і деп атайды.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 3281 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...