Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ХІХ тарау. ҰзаҚҚа созылҒан жҮктілік



Акушерліктәжірибеде ұзаққасозылған жүктілік ­ ең маңызды мәселелердің бірі. Себебі бұл асқыну ана мен бала денсаулығына көптеген зиян келтіреді. Босану әрекеттері ұзаққа созылып, нәрестенің зақымдалуы жиі кездеседі. Осыған байланысты бұл асқынуда әйелді көбінесе операциялық жолмен (кесар тілігі) босандырады. Ұзаққа созылған жүктілік деп белгіленген физиологиялық мерзімімен 10-14 немесе 290-294 күннен асып кетуін айтады.

Жиілігі 1,4-14 % аралығында, орта есеппен – 8%. Ұзаққа созылған жүктілікті қазақтар «түйеше көтеру» деп атаған. Бұл нағыз және жалған (пролонгацияланған) ұзаққа созылған жүктілік болып екіге бөлінеді.

Нағыз ұзаққа созылған жүктілік өз мерзімінен 10-14 күн асады және туған нәресте мен бала жолдасында тым жетілгендіктің (тозу) белгілері болады. Ал жалған (пролонгацияланған) ұзаққа созылған жүктілік өз мерзімінен 10-14 күн асады, бірақ туған нәрестеде тым жетілгендіктің, бала жолдасында «тозу» белгілері болмайды. Сондықтан, мұндай әйелдің босануын мерзімді босану дейді.

Жүктіліктің мерзімінен артып, ұзаққа созылуының себептері өте күрделі және соңына дейін шешілмеген. Жүктіліктің белгіленген мерзімінде толғақтың басталмау себебі ­ әйел ағзасын босануға дайындайтын нейрогуморалдық механизмдердің тежелу салдары. Бұл асқынуда жоғары және вегетативтік жүйке жүйелерінде, эндокриндік жүйесінде функционалдық өзгерістер болады. Мысалы, гонадотропин гормондарының ара қатынасы өзгереді, эстроген гормондарының мөлшері азаяды, ал прогестеронның мөлшері көбейеді, микроэлементтердің (магний, калий, кальций, т.б.) мөлшері айтарлықтай азаяды. Сонымен, жүктіліктің ұзаққа созылуының негізгі себебі ­ орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы. Сонымен қатар, етеккір айналымы бұзылған, балалық шағында инфекциялық аурулармен ауырған, жыныс мүшелерінен тыс сырқаты бар, бұрынғы жүктілігі ұзаққа созылған, жатыры қабынып ауырған әйелдер арасында жүктіліктің ұзаққа созылуы жиі кездеседі.

Ұзаққа созылған жүктілік өзінің физиологиялық бағытын жиі-жиі өзгертіп, асқынуға ұшырап отырады.

Бұл көбіне гестозбен асқынады, нәрестенің тұншығуы өте жиі кездеседі. Кейде нәрестенің тұншығуы босану кезінде нәрестенің шетінеуіне әкеп соғуы мүмкін.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 3278 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...