Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гемолитикалық ауруды анықтау



1. Әрбір әйелдің өзіне тиісті қан тобын және резус-факторын анықтайды.

2. Егер жүкті әйел теріс-резусты топқа жатса, қаны арқылы антирезус, антиденелер титрін ай сайын анықтап отыру керек.

3. Күйеуінің қан тобын және резус-факторын анықтайды.

Сонымен қатар:

а) Тұңғыш жүктіліктегі сәбидің резус-факторы, қан тобы туралы мәлімет алады.

ә) Өткен жүктілік кезінде антирезус-антидене титрінің мөлшерін біледі және сәбидің гемолитикалық аурумен ауырған-ауырмағаны туралы мәліметтер алады.

б) Гемотерапия, иммунотерапия, иммунопрофилактиканы қолданған-қолданбағаны туралы мәліметтер алу қажет.

Ал жатырдағы нәрестенің күй-жағдайын, жүрек соғысын білу үшін ЭКГ, ФКГ, КТГ әдістерін қолданады. Қағанақ суының түсін, билирубиннің оптикалық тығыздығын, Рһ-тың өзгеруін анықтайды. Аминоскопияны кеңінен қолданады.

УДТ әдісімен нәрестенің қимылын, бауырдың және қағанақ суының мөлшерін, бала жолдасының қалыңдығын біледі. Бұл әдісті 20-22, 24-26, 30-32, 34-36 апта аралықтарында қолданған жөн. Негізгі емдеу жолы ­ ауыспалы қан құю (сәби қанын жіберіп, оны таза қанмен ауыстыру), фототерапия және инфузиондық (гемодез, плазма, т.б.) емдерді кеңінен қолданады.

АВО жүйесі бойынша иммунологиялық қайшылық ананың қаны 0 (І) топ, нәрестенікі А (ІІ) немесе В (ІІІ) топқа жатқанда пайда болады. Нәрестенің А және В антигендері ананың иммундық мүшелерін тітіркендіріп, иммундық антиденелер өндіреді. Бұл антиденелер толық, толық емес болып екі топқа бөлінеді. Толық антиденелердің молекулалары үлкен, ірі, плацентадан өтпейді, ал толық емес тобы одан жеңіл, өтіп кетеді, сондықтан АВО жүйесіндегі иммунологиялық қайшылықтың себепкері болады. Бұл қайшылық сирек кездеседі (7-10%). АВО жүйесіндегі қайшылықта жатырдағы нәресте гемолитикалық аурумен өте сирек ауырады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1847 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...