Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күтімнің жалпы ережесі



Нәрестенің жаңа туған кезеңі бала ағзасының біртіндеп жатырдан тыс тіршілік ету жағдайына бейімделуімен сипатталады. Осы процесс неғұрлым жайлы өтуі және ешқандай асқынулар мен аурулар туғызбауы үшін санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау керек.

Дені сау туған нәрестенің керуетіне физиологиялық бөлімшеде 2,5 ш.м., ал обсервациялық бөлімшеде 4,5 ш.м. аз болмауы керек. Палаталар кең, жарық, жақсы желдетілетін және қажетті күтім заттарымен жабдықталған болуы керек.

Жетілмей туған және асфиксияда немесе бас миының босану жарақаттарымен туған нәрестелерге кювездермен және реанимация жасауға қажетті аппаратуралармен қосымша жабдықталған бөлмелер бөлінеді.

Палаталар күніне бірнеше рет балаларды тамақтандыруға әкеткенде желдетіліп отырады. Оған қоса осы уақытта ылғалды тазалық жасалып, ультракүлгін сәулесімен сәулелендіріліп отырады. Жетіліп туған нәрестелер палатасының температуралық шамасы 22-240С, ал жетілмей туған нәрестелердікі - 24-260С, ауаның қатыстық ылғалдылығы 60% болуы керек.

Нәрестелер күтіміне қажетті заттардың барлығы зарарсыздандырылып отырады. Керуеттер күн сайын 0,5% хлорамин ерітіндісімен сүртіледі, нәресте шығарылғаннан кейін матрастары дезкамерада дезинфекцияланады. Клизма жасауға қажетті заттардың барлығы 20 минут қайнатумен стерильдендіріледі.

Жаңа туған нәрестелерді күту бөлімшесінде медбике асептика мен антисептика ережелерін қатаң сақтауы керек. Кезекшілікке кіріспес бұрын жуынып, таза халат, шашын тегіс жабатын бас орамал, бөлімшеде киюге ғана арналған аяқ киім киюі керек. Әсіресе қолының тазалығын мұқият бақылауы тиіс. Жұмыс алдында медбике қолын сабындап щеткамен 3-5 мин бойы жуып, соңынан дезинфекциялаушы ерітіндімен өңдеуі керек. Бұл шараны әр баланы жуындырып-тазалағаннан кейін қайталап отырады. Ауалы-тамшылы жұқпалардың таралуының алдын алу мақсатында 4 қабатты мәрлілі маска киеді.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1509 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...