Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Нәрестелерді клиникалық тексеру



Дені сау туған нәрестеге байсалды бет пішіні, эмоцианалды айғай, тез ояну, созылу тән. Алғашқы күндері босану ағымына байланысты (жамбас түбіне бетпен, желкесімен немесе жамбасымен орналасу) баланың жатуында өзгешелік болуы мүмкін. Қозғалыс белсенділігінің төмендігі немесе артықтығы жүйке бұзылыстарының бар екенін көрсетеді. Қозғыштығының арту симптомына - діріл, Морроның спонтонды рефлексі, табан клонустары (тыныштық кезде немесе әлсіз тітіркенуге жауап ретінде табанның ұзақ тырысып, дірілдеуі). Гиперқозғыштықтың неғұрлым ауыр көрінісі ретінде қаңқаішілік босану жарақаты, қанқа ішіне қан кету, менингит, сепсис, сондай-ақ алмасудың тұқым қуалаушы аурулары, электролитті құрам (гиперкальциемия) бұзылысы, гипо- және гипергликемия кезінде пайда болатын тырыспалар.

Баланы тексеру кезінде міндетті түрде оның тонусы, яғни, оның бар-жоғы, аяқ-қолдарға бірдей бөлінуі бағаланады.

Бала позасының өзгерісіне назар аудару өте маңызды. Қалыпты жағдайда жетілген балада флексорлы поза болуы керек, яғни, қолы мен аяқ буындары бүгіліп, басы денесіне келтірілген. Патологиялық жағдайларда жүйке-бұлшық ет қатысы бұзылып, бала позасы өзгереді. Ол түрлі аурулардың бар екенін меңзейді. Мысалы, «бақа» позасы – қолдары денесі бойында әлсіз жатады, аяқтары шамалы бүгілген – ОЖЖ ауыр зақымдарында, жұлын-миының зақымында, бүйрек безі жеткіліксіздігінде, жұқпалы аурулар кезінде кездеседі. Опистотонус – желке бұлшық еттерінің ригидтілігінен басы артқа қарай шалқайған, қолдары денесі бойында созылып жатыр, саусақтары жұмылған, аяқтары созылған және төменгі үшінші балтыр деңгейінде айқасқан – іріңді менингит, менингоэнцефалит, ауыр субарахноидальді қан кету, билирубинді энцефалопатияға тән.

«Фехтовальщик» позасы – басы бетімен иыққа бұрылған, бір жағының қолы мен аяғы жазылған жағдайда, екінші қолы иық буынында кері қайырылып, білек буынында бүгілген, аяғы жамбас-сан буынында кері қайырылып, тізе буынында бүгілген – қаңқа ішінің босану жарақатында кездеседі. Ассиметриялық позалар тонустың бұзылысын және ОЖЖ перинатальді зақымданғанын көрсетеді. Баланы тексеру кезінде қол және табан сүйектерінің қойылымына назар аудару қажет. «Тырнақты қол», «Итбалық қолы», «Маймыл қолы» сияқты өзгерістер, сонымен қатар табанның варусты және вальгусты орналасуы ОЖЖ түрлі зақымдарында, ұрықтың жатыр ішінде қиналуына тән және ерте кезеңде дұрыстауды қажет етеді.

Клиникалық байқаулар көрсеткендей, массаж бен қалыпқа келтіруді ертерек қалдану оң нәтиже береді.

Дені сау нәрестенің терісі нәзік, тегіс, жұмсақ болады. Бала терісінде арнайы бақылау мен күтімді қажет етпейтін патологиялық емес өзгерістер болуы мүмкін. Оларға шамалы петехиальді қан құйылулар, моңғал нүктесі, қал, т.б. жатады. Балаларда күтімнің нашарлығына байланысты тері өзерістері байқаулы мүмкін:

- жұқпалы емес тер бөртпесі - тері қабаттарында орналасып, дененің қатты жылуымен және күтімнің төмендігіне байланысты дамитын ұсақ нүктелі қабынбайтын бөртпелер;

- көбіне қозғалыс белсенділігі артылған балаларда тері қабатының үйкелуінен пайда болатын жаралар. Олар әдетте балтырларда, қолтық астында кездеседі. Жараның негізі себебі – баланың дұрыс құндақталмауы. Тері бөртпесі сияқты емделеді;

- аралық пен шап аймағында дұрыс жуындырмау және жиі құндақтамау кезінде пайда болатын күлбіреулер. Кейде күлбіреулер ішек жұқпалары салдарынан, ал кейде дәрілік препараттар нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Терінің босану кезіндегі зақымдары – тырнақ ізі, эхкимоздар, басқан із, қысқыштар салғаннан, кесар тілігі операциясынан кейін кездесуі мүмкін.

Тұқым қуалаушы және туа біткен тері өзгерістері. Бұл өзгерістердің жиі көрінісі - гемангиома. Нәрестеде гемонгиоманың болуы медперсонал тарапынан зақымның диаметрде (немесе биіктігінде) өсуін мұқият бақылауды қажет етеді. Гемангиоманы зақымданған тамырларды күйдіру (криотерапия) көмегімен емдейді.

Тері қабатының өзгеруі. Нәресте терісінің түсі – қызғылтым немесе ақшыл-қызғылтым. Акроцианаз патологиялық симптом болып саналмайды және біраз уақыт бойы сақталуы мүмкін. Сонымен қатар, тері қабаты түсінің өзгеруі баладағы бір жайсыздықты аңғартады. Мысалы, жайылған цианоз жүрек зақымында немесе оның туа біткен кемістігінде байқалады.

Цианоздың көп мөлшердегі жүйелі ұстамасы ОЖЖ зақымы не пневмония – өкпе жұқпасы туралы айтады. Терінің боздығы қаназдықты немесе жұқпамен улануды байқатса, сұр топырақты реңкі ауыр пневмонияға, менингитке тән болады. Терінің мәрмәрлігі жетілмегендікті, тамыр тонусының төмендегін, лимфостазды көрсетеді. Сарғыштық нәресте кезеңіндегі сарғаю симптомының жиі белгісі болып табылады.

Баланы «жоғарыдан төмен» кестесіне сай жан-жақты тексеру қажет.

Ең алдымен баланың басы тексеріледі, оның қалпы, қаңқа сүйегінің тығыздығы, жіктері мен енбектері, олардың өлшемдері анықталады. Осы өлшемдердің ерекшеліктері жатырішілік жайсыз әсерді, баланың жетілгені, босану ағымы туралы хабар береді. Одан әрі иықты шығару кезінде иықтың сынуына байланысты бұғана тексеріледі. Орнына келтіруші таңғышты ерте мерзімде салу - сүйектің 5-7 күннен кейін бітесіп кетуіне және одан әрі неврологиялық асқынулардың, қолдың салдануын болдырмауға жағдай жасайды.

Одан әрі кеуде торы тексеріледі, ентігу мен қабырға аралықтың ішке тартылуның бар-жоқтығы анықталады, тыныс алу жиілігі (1 мин. 36-50 рет), жүрек жиырылуының жиілігі (1 мин. 120-160 рет соғу) саналады.

Осыдан кейін іші қаралады (пальпация жасау мүмкінділігі, іш кебуі). Бала өмірінің бірінші айларының негізгі мәселесі ­ асқазан-ішек жолының бейімделуі. Балалардың көбін іш ұстамалары, кебуі, газдың жиналуы мазалайды.

Ең соңында жыныс мүшелері қаралады. Олардың тазалығы, шап жарығының бар-жоғы анықталады, ұл балаларда аталық жұмыртқасының орналасуы тексеріледі.

Жоғарыда аталған манипуляциялардың барлығы гестация мерзіміне қарамастан жас туған нәрестелердің барлығын тексеру кезінде жасалады. Дегенмен, жетіліп туған нәрестеге патологиялық болып саналатын бірқатар симптомдар анағұрлым төмен гестационды мерзімді балалар үшін қалыпты болуы мүмкін.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2051 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...