Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жаңа туған нәрестені тамақтандыру



Жаңа туған нәрестені тамақтандыруға анағұрлым бейімдендірілген тағам – ана сүті. Сүт - құрамында ақуыз бен оның фракцияларының, көміртегі мен майлардың нәрестеге қажетті мөлшері бар теңдессіз өнім. Сүт компоненттері нәресте ішегінің ферменттік және микроптық құрамының ерекшеліктеріне дағдыланып, перистальтиканы қалпына келтіреді, газ түзілудің азаюына ықпал етеді. Соңғы кезде нәрестені жұқпалардан сақтап қалу үшін туғаннан кейінгі бірінші сағаттардан бастап төске салу ұсынылып отыр.

Гемолитикалық аурудың жіті кезеңдерінде, анасындағы цитомегамияның жіті түрінде, АИТВ жұқпасы, С гепатитінде төс сүтімен тамақтандыру қарсы көрсетілген.

Жетіліп туған нәрестені 6-7 рет тамақтандыру ұсынылады. Тамақтандыру алдында анасы қолын сабындап, жылы сумен жуады, басына орамал және бетіне маска тартады. Сүт безінің ұшын фурацилин ерітіндісімен (1:5000) сүртеді.

Медбике анаға баланы төске дұрыс салу техникасын көрсетіп, тамақтандырудың дұрыстығын қадағалауы керек. Нәрестені анаға параллельді жатқызып, басын қолдың шынтақ бүгісіне орналастырады. Әр тамақтандыру кезінде баланы тек бір сүт безіне қана салады. Тамақтандыру ұзақтығы 20-30 минутқа созылады. Сорылған сүт мөлшерін анықтау үшін нәрестені бір киімде тамақ алдында және соңынан өлшейді. Егер бала қажетті мөлшерді сормаған болса, оны сүзілген сүтпен, сүт қоспасымен немесе әйел сүтінің жасанды алмастырушысымен тағы да тамақтандырады.

Нәрестеге тәулігіне қажетті сүт мөлшерін келесі тәсілмен анықтайды: нәрестенің өмір сүру күнін 10-ға және тамақтандыру санына көбейтеді. Мысалы, өмірінің үшінші күнінде оған (6 рет тамақтандырса) қажет болады: 3 х 10 х 6 = 180 г сүт.

Қосымша тамақтандыру дәрігер тағайындауы бойынша жүргізіледі. Сүт немесе сүт қоспасын 37-380С жылытады, ал қажетті өнімдерді арнайы тоңазытқышта сақтайды.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1777 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...