Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жетіліп туған нәрестелердің күтімі



Бала нәрестелер палатасына түскеннен кейін медбике үнемі оның тәртібін, дауысын, сору, құсып тастау ерекшелігін бақылап отырады. Тері, шырышты қабат, кіндік тұқылының күтіміне ерекше назар аударылады.

Күн сайын таңғы ас алдында белгілі бір жүйелілікте нәрестені жуындырып отырады: көз, мұрын, құлақ, тері, ең соңында бұт аралығын жуып, өңдейді. Баланы ағынды жылы сумен жуындырады. Конъюктивасының тітіркенуі мен көздерінен бөлінділер байқалса, фурацилин ерітіндісімен (1:5000) өңдейді. Өңдеу барысында әр көзді бөлек мақта тампонымен көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүрту керек. Мұрын мен құлақ тазалығын фурацилин ерітіндісіне немесе стерильді майға (күнбағыс немесе вазелин) малынған мақталы таяқшалармен тазалайды.

Тері қыртыстарын (мойын, қолтық, тізе асты) алғашқы 2 күнде йодтың 1% спиртті ерітіндісіне малынған мақтамен, ал қалған күндері стерильді маймен сүртіп отырады.

Нәрестенің астын жуу үшін медбике оны сол қолына арқасымен жатқызады. Бөксесі мен аралығын жылы ағынды сумен балаларға арналған сабынмен жуады. Жуу қимылының бағыты алдынан артына қарай болу керек. Соңынан кептіріп, стерильді вазелин майын жағып қояды.

Кіндік қалдығының күтімі ашық тәсілмен жүргізіледі. Кіндік тұқылын тәуілгіне 1-2 рет 70% этил спиртімен, 2 % су тотығы ерітіндісімен өңдеп отырады. Кіндік жарасын толығымен жазылғанша (орта сесппен 10 күннен 2 аптаға дейін) өңдейді.

Нәрестені әр тамақтандыру алдында және тері күлбірлеуінің алдын алу үшін әр зәр шығарғаннан кейін жаялықпен орап отырған дұрыс.

Бала киімі жеңіл, ыңғайлы, жылы болуы керек. Нәрестенің бірінші киімдерінің құрамына 4 стерильді жаялық, жейде және көрпеше кіреді.

Нәрестені күн сайын бірінші тамақтандыру алдында өлшеп отырады. шешіндірілген баланы жаялыққа салып, өлшейді, сосын алынған саннан жаялық салмағын алып тастап, таза баланың салмағын шығарады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1533 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...