Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жаңа туған нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы



Гестационды жас шамасы. Гестационды жас деп баланың ұрықтанған кезеңінен бастап шынайы жасын айтады. Гестация аптасы соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап саналады. Гестация мерзіміне байланысты жаңа туған нәрестелер жетілген (гестацияның 38-42 аптасы), жетілмей туған (гестацияның 38 аптасынан төмен) және мерзімінен аса туған (гестацияның 42 аптасынан көп) болып бөлінеді.

Тірі туу. Қазіргі уақытта өз бетімен тыныс ала алмаса да, жүрек соғысы тыңдалатын балалар тірі туған нәресте деп саналады. Өйткені, реанимацияның жаңашыл тәсілдері өкпені жасанды желдету тәсілдерінің көмегімен нәрестенің дұрыс тыныс алуына жағдай жасай алады.

Жетілу. Бала гестациясының мерзімі оның жетілуімен сай келе бермейді. Ұрық пен нәрестенің жетілуі – оның мүшелері мен жүйелерінің жатырдан тыс тіршілік етуін қамтамасыз етуге дайындығын сипаттайтын жағдай. Ол сыртқы белгілермен (дене пропорциясы, теріасты май клетчаткасының дамуы, қаңқа сүйегінің жағдайы, жыныс мүшелерінің дамуы, т.б.) анықталады. Жетіліп туған нәресте сыртқы ортаның қалыпты температурасында өз денесінің тұрақты температурасын ұстайды, оның сору және жұту рефлекстері айқын, тыныс алу мен жүрек соғысының ырғағы тұрақты және дұрыс, сыртқы тітіркендіргіштерге әсері дұрыс, шешіндіру кезінде жылдам оянып, созылып-тартылады, жетілген баланың айғайы қатты және эмоцианалды болып шығады.

5 кесте





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 3443 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...