Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау



Әйел жүкті болған кезде, күмәнді және күмәнсіз белгілері пайда болады. Күмәнді белгілерге, жүктілікке байланысты әйел организміндегі жалпы өзгерістер жатады. Оларға:

1. Тәбеттің өзгеруі (жүрек айну, құсу);

2. Иіс сезудің өзгеруі (әтірге, темекіге), жиіркену;

3. Жүйке жүйесінің бұзылуы (ұйқышылдық, ашуланшақтық);

4. Бет қарын және емшек ұшы терісінің қараюы (пигментация) жатады;

Күмәнсіз белгілерге:

1. Етеккірдің тоқталуы;

2. Сүт бездерінде уыздың пайда болуы;

3. Қынап пен жатыр мойынының көгеруі;

4. Жатырдың пішіні мен көлемінің өзгеруі жатады.

Жүкті әйелдер тұңғыш рет кеңес орнына келген мезетте, оларға арнаулы № ІІІ формалы карта толтырылады. Бұл картаға әйелден алынған барлық мәліметтер (паспорт, тұрмыс, еңбек, етеккір, бұрынғы жүкті болған шақтарына мінездеме) жазылады. Сонымен қатар жүкті әйелдің бойы, толықтылығы, жамбас қуысының өлшемдері, қан қысымы, қынапты тексеру мәліметтері түгел түсіріледі.

Әрбір жүкті әйел екі рет (жүктіліктің бірінші және екінші жартысында) терапевт, тіс, құлақ дәрігерлерінің тексерулерінен өтуі қажет.

Бірінші рет кеңеске келген жүкті әйелдің жатыр мойнын арнаулы айнамен мұқият қарайды, жүктіліктің мезгілін есептейді. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысында қан мен несеп анализін, қанның тобын, резусын, Вассерман реакциясын анықтайды. Кеңес орнына келген сайын, әрбір жүкті әйелдің дене салмағын, жатыр деңгейін, іш айналымын, қан қысымын, қан және несеп анализін қайталап отыру қажет.

Жүктілік кезеңі дұрыс өткен жағдайда, әйел кеңес орнына жүктіліктің бірінші жартысында айына бір рет, келесі жартысында екі рет, ал 30 аптадан кейін 3-4 рет келуі керек. Орташа есеппен алғанда жүкті әйел кеңес орнына 14-15 рет келіп тексерілуі қажет. Ал егер жүктілік кезеңінде әр түрлі ауытқулар болса, ананың кеңес орнына келуі жиілейді.

Әрбір жүкті әйелдің қолына № 113 алмасу картасы толтырылып беріледі. Бұл картада жүкті әйелдің барлық денсаулық мәліметтері жазылып, босану үйіне толғақпен немесе алдын ала түскенде осы анықтама картасы дәрігердің қолына тапсырылады.

Қанапты айнамен тексеру. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін толық қарап болғаннан кейін, сол қолмен жыныс еріндерін ашып, қасық тәріздес айнаны қынаптың артқы қабырғасына енгізіп, артқы күмбезіне дейін жеткізеді. Екінші қолмен көтергішті қынаптың алдыңғы қабырғасына енгізіп, артқы күмбезіне дейін жеткізеді. Екінші қолмен көтергішті қынаптың алдыңғы қабырғасына енгізіп, жатыр мойны мен қынап қабырғаларын тексереді. Бұл әдіс жатыр мойнының, қынаптың ауруларын және жүктіліктің кейбір ерте белгілерін анықтауға көмектеседі.

       
   

 
 

 
 


Қынапты саусақпен тексеру. Ол үшін сол қолдың ІІ және І саусақтарымен жыныстың үлкен және кіші еріндерін ашып, қынапқа біртіндеп оң қолдың әуелі ІІІ саусағын, содан кейін ІІ саусағын енгізеді. Бас бармақ шат сүйегіне қарап, IV және V саусақтар алақанға бүгіліп, ал қолдың сыртқы бұтаралыққа тіреледі. Содан кейін саусақтарды қынаптың алдыңғы күмбезіне жеткізіп, жатыр мойнын шамалы төмен басады. Сол қол құрсақтың сыртынан жамбас қуысына қарай біртіндеп жылжып, қынаптың алдыңғы күмбезінде орналасқан оң қол саусақтарымен түйіседі. Бұл әдіспен жатырдың пішінін, орнын, өлшемін, тығыздығын анықтайды. Осыдан кейін жатырдың қосалқы бөліктерін және кіші жамбас қуысынан тексеріп, сегізкөз мүйісін анықтайды.

Жүктіліктің 5-6 жұмалық мерзімінде (шамамен бір жарым айлық мезгілде) жатыр көлемі ұлғаяды. Екі айлық мезгілде оның көлемін үйрек жұмыртқасымен, ал үш айлық мезгілде әйел жұдырығымен салыстыруға болады.

Гегар белгісі – жүктіліктің ерте мезгіліне тән. Жатыр өте жұмсақ (әсіресе мойны мен жатыр қуысының жалғасқан жері).

 
 

Снегирев белгісі – саусақпен тексергенде жатырдың жұмсаруы, қатаюы.

Пискачек белгісі – жатыр пішінінің өзгеруі, ұрықтың орналасу орнына байланысты жатыр бір жағына қарай үлкейеді.

       
   

Жоғарыдағы белгілерді қолдана отырып, жүктілікті анықтайды, УДТ аппаратына жібереді және де әйелдің зәрінде, плазмасында хорионды гонодотропинді (ХГТ) құрамын анықтайды.

Жүктілік мерзімі анықталғаннан кейін (12 жұмалық мерзімге дейін), жүкті әйел диспансерлік бақылауға алынады. Мысалы, жасы 30-дан асқан, көп босанған, жүрек-қан тамыр ауруымен ауыратын әйелдер және де жүктілік гестозы т.б. Мұндай әйелдерді босанардан екі жұма бұрын перзентханаға жатқызады.

Психо-профилактикалық дайындық. Әйелдер кеңес орнының негізгі мақсаттарының бірі – жүкті әйелдер арасында, бірінші есепке алынған күннен бастап психо-профилактикалық дайындық жүргізу. Бұл дайындықтың негізгі мақсаты – босану алдындағы қорқынышты азайту, босану кезеңіндегі ауру сезімін жеңілдету. Ол үшін 32-35 жұма аралығында дәрігер жүктілермен кеңес ретінде 5-6 сабақ жүргізеді.

І сабақтың мақсаты – босанар алдындағы қорқыныштың алдын алу. Ол үшін жүктілік пен босанудың физиологиялық құбылыс екенін, жүктілік мезгілінде әйел организміндегі өзгерістерге тоқтай отырып, босану кезеңінің өзгешеліктерін жете түсіндіру керек.

ІІ сабақта - әйелдің сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің анатомиясын таныстыру.

ІІІ сабақта – толғақ басталысымен босанудың бірінші кезеңінің тәртібіне үйретеді. Ол үшін: 1) тыныш жату; 2) толғақ кезінде бірқалыпты және терең дем алу; 3) дем алу және дем шығару әрекеттерін жатырдың төменгі жағын сипалаумен сәйкестендіру; 4) сегізкөз-бел саусақтардың ұшымен мықын сүйектің алдынғы жоғарғы өсінділерін басады, ал сегізкөз ромбасына екі жұдырықты қояды; 5) толғақты бақылау қажет.

IV сабақта – босанудың екінші және үшінші кезендеріндегі ерекшеліктерімен таныстырады. Екінші кезеңде босанып жатқан әйелді күшену ережелерімен толғақ арасында дұрыс дем алу тәртібіне үйретеді.

V сабақ – «Ана қуанышына» арналады, аналарға көмек туралы заңдармен таныстырады.

VI сабақта – толғақтың алғашқы белгілерімен, перзентханаға алдын ала жату жағдайларымен және тазалық ережесімен таныстырады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 17086 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...