Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәліметтер алу



Жүкті әйелден мәлімет алу белгілі бір жоспармен жүргізіліп, алынған мәліметтер әйелдің картасына немесе босану тарихына енгізіледі.

1. Төлқұжаттық мәліметтері (аты-жөні, жасы, жұмыс орны, мамандығы, мекен-жайы).

2. Тұрмыс және еңбек жағдайлары

3. Бала кезінде ауырған аурулармен қатар, тұқым қуалайтын ауруларды сұрап білудің мыңызы зор. Себебі ол, ұрпақтың дамып жетілуіне әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, асқазан ауруларын анықтау қажет, өйткені жүктілік бұл ауруларды қайта қоздырып, босану кезеңдерін қиындатады

4. Етеккір мәліметінде төменгі жағдайды анықтау керек:

А) Тұңғыш рет етеккір неше жаста келді, аралығы қанша күн, түрі және сипаты қандай, сонымен қатар етеккір кезінде, келген қан көлемі қандай?

Ә) Жыныстық қатынас басталғаннан соң, түсік болды ма және босанғаннан кейінгі етекккір сипаты қандай?

Б) Соңғы рет етеккір қашан болды?

5. Секреторлық қызмет (бездердің сұйықтық шығару процесі) – жыныс жолдарынан бөлінетін сұйықтықтардың себептері.

6. Жыныстық қатынас. Қай жастан бастап жыныстық қатынаста, нешінші некесі, жыныстық қатынас кезінде қанау және ауыру сезімдері бола ма, жоқ па?

7. Жолдасының денсаулығын анықтау. Тұқым қуалайтын және де басқа аурулармен ауыра ма жоқ па, арақ-шарапқа әуестігін анықтау.

8. Бала туу шақтарында: соңғы жүктілік нешінші, алдыңғы жүктіліктің барлық босану жолдары және екіқабат кезінде жүрек, бүйрек т.б. ағзалардың жағдайы, босанғаннан кейін қандай аурулармен ауырады?

9. Жоғарыда аталған мәліметтермен қатар, жыныстық қатынастың басынан алғашқы жүктілікке дейінгі мерзімді анықтаудың мыңызы зор. Егер жыныстық қатынастың басынан 1,5-2 жылда әйел жүкті болмаса, оның себептерін, босану кезеңдеріне әсерін анықтау керек.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2415 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...