Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен материалдық қорларды алғашқы тану және бағалау



Ауыл шаруашылығы өнімдері дегеніміз өсімдік және мал шаруашылығыда өндіріс процесін жүзеге асыру негізінде алынған өнімдер. Ол сатуға арналған өнім және әріқарай өндіріс процесінде пайдалануға арналған тұқым, мал азығы ретінде көрініс алады.

Ауыл шаруашылығында өнідірілген өнімнің жартысы тауар ретінде сатуға арналады.

Дайын өнім және материалдық қорлар есебінің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:

- ауыл шаруашылығы өнімі мен материалдық қорлардың қозғалысын дер кезінде және дұрыс құжаттау;

- ауыл шаруашылығы өнімі мен материалдық қорлардың қозғалысын, тиімді пайдалануын жүйелік бақылау орнату;

- кез-келген есеті мерзімге сақтау орындары бойынша дайын өнім мен материалдық қорлар жөнінде сандық мәліметтер алу;

- сатуға және ішкі өндірістік қор жасақтауға арналған дайын өнім мен материалдық қорлар жөнінде мәліметтер жинақтау.

Ауыл шаруашылығы өнімі келесі салалар бойынша жіктеледі: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнеркәсіп өндірісінің өнімдері.

Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандартына сәйкес ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімін мынадай кезде ғана таниды:

1) Ұйым өнімді өткен оқиғалардың нәтижесінде бақылауы тиіс;

2) Ұйымның осы өнімді пайдаланудан болашақ пайда алу тиіс;

3) Өнімнің өзіндік құнын бағалау ықтималдығы жеткілікті деңгейде жоғары болуы тиіс.

Ұйымның өзі өндірген өнімі өзіндік құны бойынша бағаланады. Осы есепті жылы өндіріліп, келесі есепті мерзімге ауысатын дайын өнім балансты қорлар ретінде нақты өзіндік құндарымен көрсетіледі.

Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандартына сәйкес материалдық қорларға мыналар жатады:

1) Сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлар;

2) Қайта сатуға арналған мүлік (жер, ғимарат, автокөліктер);

3) Ұйым өндірген және сатуға арналған дайын өнім;

4) Дайын өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіруге арналған, сондай-ақ өндірістің өзін қамтамасыз етуге арналған шикізаттар және материалдар;

5) Аяқталмаған өндіріс – дайындық сатысына жетпеген өнім, кейіннен қайта өңдеуге арналған жартылай фабрикаттар;

6) Басқа да қосымша қорлар.

Жалпы ауыл шаруашылығы ұйымдарында материалдық қорлар пайдалану бағыты бойынша мұнай өнімдері, қосалқы бөлшектер, шикізаттар мен материалдар, құрылыс материалдары және басқа да материалдар.

Материалдық қорлар кез келген актив сияқты есепте мынадай тану өлшемдері болған кезде ғана мойындалады:

1) Материалдық қорлар бойынша болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығы болған кезде;

2) Есепке алынатын материалдық қорларды сатып алуға немесе өндіруге іс жүзінде жұмсалынған шығындарды бағалау мүмкіндігі жоғары болған кезде.

Демек, материалдық қорлар баланста оларды пайдаланудан болашақ экономикалық пайда ағынының ықтималдылығы болған кезде ғана танылады.

Қаржылық есептілікте материалдық қорлар өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Материалдық қорлардың өзіндік құны – оларды сатып алуға, өңдеуге жұмсалынған барлық шығындарды, қорларды ағымдағы жағдайына және олардың сақтау оырндарына дейін жеткізу мақсатында жұмсалынған өзге де шығындарды қамтиды.

Сатып алуға жұмсалынған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баждар, тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстарды және сатып алуға байланысты тікелей басқа да шығыстар жатады. Материалдық қорларды сатып алу кезінде сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және өзге де ұқсас баптар сатып алу шығындарын анықтау кезінде шегеріледі.

Материалдық қорларды өңдеуге арналған шығындар – өңдеуге байланысты жұмысшыларға төлеуге арналған тікелей еңбек ақы шығындарын, өнімдердің бірліктеріне тікелей байланысты басқа шығындарды, шикізатты дайын өнімге айналдыру кезінде жүйелі негізде бөлінетін ауыспалы өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.

Өзге де шығындарға материалдық қорларды сақтау орындарына дейін жеткізуге байланысты тасымалдау шығындары (үстеме шығындар ретінде) жатады.

Материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалау орташа өлшемді құн әдісі бойынша (кезеңнің басына қорлардың және кезең ішінде сатып алынған немесе ұйымның өзі өндіріген қорлардың орташа құны бойынша) жүргізіледі.

Ауыл шаруашылғы ұйымдарында материалдық қорлардың кірісі және шығысы бойынша толық есепті жүргізу үшін материалдық қорларды сақтау орындарын тиісті өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Материалдық қорлар ұйым ішінде ішкі ауыстыруға ұшырауы мүмкін. Қорларды ішкі ауыстыру деп олардың бір субъекті ішінде ауысуы деп (бір материалдық-жауапты тұлғадан екіншіге) түсіндіріледі. Бір ұйымның ішінде қорлардың ішкі орын ауысуына байланысты операциялар қорлардың талдамалық есебінің шоттары бойынша жазбалармен көрсетіледі.

Материалдық қорларды жауапты сақтауға немесе өңдеуге берген кезде ұйым осы мүлікке иелік етуге байланысты барлық тәуекелдерге ие болып қала береді, сондықтан бұл қорлар субъектінің баланстық шоттарынан алынбайды.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1669 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...