Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оймадағы және басқа да сақтау орындарындағы дайын өнім мен материалдық қорлардың есебі



Ауыл шаруашылығыкәсіпорындарында қоймадағы дайын өнім мен материалдардың қозғалысы мен олардың қалдығының есебін жүргізу үшін, оларды сақтау мақсатында және мүмкін пайда болатын өндірімсіз шығындардың алдын алу үшін қойма шаруашылығын ұйымдастырудың маңызы өте жоғары.

Сақтаудағы материалдық құндылықтардың номенклатуралық нөміріне ұяшық жазылып, материалдардың сақталған орнына, ал егер материалдар ашық жерлерде сақталса арнайы бағанаға жапсырылып қойылады. Ұяшықта материалдардың аттары, номенклатуралық нөмірі, маркасы, сорты, көлемі, өлшем бірлігі, материалдық қордың нормасы көрсетіледі.

Қойма меңгерушісінің немесе қоймашының міндетіне оған берілген материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамсыз етумен қатар, нормаланған материалдық құндылықтардың әрбір түрі бойынша нақты қалдықтың қорлардың бекітілген нормаларымен сәйкестігін қамтамасыз ету қажет. Қоймадағы материалдардың сорттық есебінің негізінде қоймашы немесе қойма меңгерушісі материалдардың нақты қалдығының қорлар нормасынан ауытқуы туралы, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған материалдардың қалдығы жөнінде ақпарат беріп отыруға тиісті.

Қоймадағы материалдық құндылықтардың талдамалық есебі белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша «Материалдардың қойма есебі карточкасы» ашылады. Бұл карточкада материалдық құндылықтардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, номенклатуралық нөмірі, есептеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған материалға ұйымның есеп бөлімі ашып, одан кейін кіріс ету ордерімен бірге қоймашыға береді.

Материалдардық құндылықтардың сорттық-сандық есебін осы материалдарға жауапты тұлға жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты тұлғаның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін.

Материалдардың номенклатуралық түрі аз болатын ұйымның қоймасында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге арналып жасалған «Сорттық есеп кітабында» жүргізуге болады. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың (кіріс ету ордері, талаптар мен жүкқағаздары және т.б.) материалдардың кіріске алынуын және есептен шығарылу операцияларын, олардың жұмсалынған күнін қойманың есеп карточкасына жазып және күннің соңындағы материалдық құндылықтардың қалдығын шығарып отыруға тиісті.

Ай соңында ұйымның есеп бөліміне материалдардың толықтай алынғаны немесе алынып болмағанына қарамастан шектеп-алу карталарының барлығы тапсырылуға тиісті. Қоймалық – сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін есеп бөлімі бақылып отырады. Есеп бөлімінің қызметкерлері жиі-жиі, (апта сайын немесе 10 күнде) қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс рәсімделуін және қоймалық – сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін, сонымен қатар осы карточкалардағы материалдар қалдығының дұрыс анықталуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жөнінде есеп бөлімінің қызметкері есеп карточкасының тиісті жолына қол қояды.

Материалдардың есеп бөліміндегі есебінің екі нұсқасын бөліп көрсетуге болады. Бірінші нұсқа бойынша есеп бөлімі материалдың әрбір түрі және сорты бойынша талдамалық есептің карточкасын ашады және бұл карточкаға алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кірісін және шығысын жазады. Қойма есебінің талдамалық карточкасында материалдардың тек сандық есебі ғана емес, сонымен қатар ақшалай есебі де жүргізіледі. Айдың соңында барлық карточкалардың жиынтық мәліметтері бойынша талдамалық есептің сандық-сомалық айналым ведомостісі жасалып, оларды тиісті синтетикалық шоттардың айналымдары және қалдықтарымен салыстырады. Екінші нұсқа бойынша барлық кіріс және шығыс құжаттар номенклатуралық нөмірлер бойынша жинақталып, айдың соңында құжаттар бойынша материалдардың түрлерінің кірісі және шығысы жөніндегі есептелген жиынтық мәліметтер материалдардың айналым ведомостісіне жазылады. Бұл нысан өте ауқымды және материалдарды топтастыру және олардың айналым есептеу кезінде ешқандай қателіктер жібірілмейді. Ең жетілген есеп -материалдардың жедел-бухгалтерлік немесе қалдықтық есеп әдісі болып саналады. Есептің мұндай әдісінде есеп бөлімі қойма есебінің мәліметтерін бөлек талдамалық есеп карточкаларында қайталамайды.

Қойма меңгерушісінің есеп бөліміне тапсыратын құжаттар «Қабылдау-өткізу регистріне» тіркеледі. Материалдарға жауапты тұлғаның келісімі бойынша есеп бөлімінің қызметкері әрбір операцияның дұрыстығын тексергені және құжатты қабылдағаны жөнінде карточкаға қол қояды.

Егер орталық қойма немесе цехтардың, қосалқы шаруашылықтардың не болмаса бригаданың сақтау орындары ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталуы, материалдарға жауап беретін тұлғаның есеп карточкасын дұрыс жүргізілуі орталық есеп бөлімімен тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары белгіленген уақытта тіркемелермен бірге есеп бөліміне табыс етілуі керек. Ұйымның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма басшысы белгіленген күні есеп бөліміне екі дана етіп «Материалдардың ай соңындағы ведомостісін» немесе «Тізімін» тапсыру керек.

Ведомості құрамында материалдардың өзгерісі (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Ведомостіге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін ведомостінің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады.

Материалдардың есебін жедел (қалдықтық) әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар М-20 үлгідегі «Қоймадағы материалдар қалдығының есептеу ведомостісі» жүргізіледі.

Үлгі №М-20

Ұйым, кәсіпорын __________________________

Қойма (сақтау орны) _______________________

1 кесте - Қоймадағы материалдар қалдығы есебінің ведомостісі

Материалдық жауапты тұлға ______________________

Ретік № Номеклатуралық нөмір Материалдың атауы Өлшем бірлігі Бағасы Қалдығы, күні Қалдығы, күні Қалдығы, күні
Саны Сомасы Саны Сомасы Саны Сомасы
                     

Қойма меңгерушісі карточкалардағы әрбір ай ішіндегі жиынтық деректер бойынша материалдардың келесі айдың бірінші күніне қалған қалдықтарын осы ведомостіге көшіріп жазады. Ведомостіде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі.

Есеп бөлімінде материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай соңына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланылатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолдары тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, ай соңында есеп бөліміне тапсырылады.

Ұйымның бөлімшелері қоймалық-сорттық карточкасының орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жөнінде М-19а үлгідегі сандық карточкасын толтырып, есебі беріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты тұлғаның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы енгізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар (кіріс ету, босату, түгендеу) негізінде көрсетіледі. Ұйымның құрылымдық бөлімшелері өндіріске жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың есеп бөліміне берген есеп мәліметтеріне өндіріске пайдаланылған (жұмсалған) материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қоймалардағы немесе арнайы сақтау орындарындағы дайын өнімнің есебі материалдар есебі сияқты, «Қойма есебінің карточкаларында» жүргізеді. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылан қалдықтарды қойма меңгерушісі «Дайын өнім қалдықтарының кітабына» көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар «Құжаттарды тапсыру тізімдерімен» бірге ұйымның есеп бөліміне беріледі.

Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізіміні бойынша мәліметтердің келіп түсуіне қарай «Материалдық құндылықтардың қозғалысы жөніндегі есеп» есептік топтар бойынша мәліметтерді жазып отырады. Ведомостіде ай басындағы өнім қалдықтары, кіріс пен шығысты көрсетіліп және айдың соңындағы қалдықтарды есептік топтары бойынша шығарылып отырылады. «Материалдық құндылықтардың қозғалысы жөніндегі есеп» деректерін «Дайын өнім қалдықтарының кітабымен» салыстырып тексереді, бұл өз алдына қойма есебінің ұйымынң есеп бөлімінде жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

Айдың соңында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін барлық өнімнің нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнның арасындағы айырмашылықтар анықталады.

2.4 Дайын өнім мен материалдық қорлардың талдамалық





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1852 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...