Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ауылшаруашылығы өндірісінің ерекшелігі және оның бухгалтерлік есепке әсері



Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық жағдайына қарай біздің еліміз агроөнеркәсіп саласымен айналысуға өте ыңғайлы болып саналады.

Нарықтық қатынастарға көшудің алғашқы жылдарында Кеңестер тұсында жоғары деңгейде дамып отырған ауыл шаруашылығы - құлдыраудың ең төменгі деңгейіне жеткен болатын. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар меншіктің әртүрлі нысандарына айналып, нарықтың жаңаша даму жолдарын тез арада игермей, экономикалық дағдарысқа ұшырады. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы өзінің экономикалық-әлемуеттік маңыздылығын барынша төмендете берді. Дегенмен де, экономикалық дағдарыстан кейінгі даму үрдістерінің нәтижесінде ел экономикасы халықаралық жүйеде дами отырып, экономикалық-әлеуметтік жандану жағдайына қол жетікізіп отырмыз.

Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің әлеуметтік-экономикалық, өндірістік жағдайын дамыту үшін төрт бағыттағы экономиканы дамыту үлгісін ұсынған болатын. Соның бірі агроөнеркәсіп саласын қалпына келтіре отырып, дамыту бағдарламасы. Елбасы қазіргі даму кезеңі кезінде елдің агроөнеркәсіптік кешенінің алдына бірқатар жаңа маңызды міндеттерді күн тәртібіне қойып отыр. Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешен біздің экономикамыздың аса маңызды жоғары кірісті саласы болуға тиіс деп атап көрсетті.

Әрине, Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығын өркендетуде біраз жұмыстар істелінуде. Оны жоққа шығаруға болмайды. Десе де, ауыл шаруашылығы халық үшін әрі тамақ, әрі нақтылай ақша, сондай-ақ шикізат көзі және ауыл тұрғындарын жұмыс орнымен қамтамасыз ететін сала болып табылады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары халық үшін азық-түлік өнімдерін, өнеркәсіптің бірқатар салалары үшін шикізаттар өндіреді. Ауыл шаруашылығын басқа өнеркәсіп түрлерінен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың да өз ерекшеліктері бар.

Ауыл шаруашылығындағы ең басты және еш нәрсемен ауыстыруға болмайтын, табиғаттың өзі берген өндіріс құралы жер болып табылады.

Өндіріс процесінде бастапқы материал дайын өнім (тұқым, көшеттелетін материалдар) немесе жанды өсімдік пен мал болып табылады. Олар болашақта алынатын өнімнің барлық салмағын көрсетпейді. Өнімнің соңғы салмағы өндіріс барысында өсімдіктер мен малдардың, еңбек, сыртқы ортаның және өндіріс құралдарының уақыт барысындағы ықпалымен табиғи өсуі және дамуы арқылы жасалады. Ол өсімдіктер мен малдардың өсу және дамуының табиғи жағдайлармен анықталады. Селекциялық әдісті қолдану және өсімдік сорттары мен мал тұқымдарының тез жетілетін түрлерін іріктеп алу арқылы бұл процесс тездетіліп, өндіріс кезеңі қысқартылады. Нәтижесінде шығындарды уақытылы және толық есептеу және өнімдерді кіріске алу міндеті тұрады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің салалық айырмашылығынан басқа, сонымен қатар меншіктің әртүрлі нысандары есептің ұйымдастырылуына өз әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:

- мемлекеттік кәсіпорындар;

- серіктестіктер;

- шаруа қожалықтары мен фермерлер;

- акционерлік қоғамдар мен бірлестіктер.

Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін басқару және бақылау құқығы мелекеттің құзырында болады.

Серіктестік шаруашылықтарға қатысу әріптестердің жазбаша келісімдері мен шарттары түрінде бекітіледі. Серіктестікті олардың құрылтайшылары құрайды. Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері: басқару істеріне қатысуға; серіктестік қызметі жөнінде мағлұматтар алуға; оның құжаттарымен танысуына; несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге; тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар.

Шаруа қожалықтары мен фермерлер – ауыл шаруашылығында өнім өндірумен, оларды сатумен, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындаумен айналысатын жанұялық не болмаса бірнеше тараптардың бірлескен ұжымдық бірлестігі болып саналады.

Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке тұлға және заңды тұлғалар да құқылы. Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі шарт. Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таратылады, оны кәсіпорындар да, жеке адамдар да сатып ала алады.

Акционерлік қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп комиссиясы құрылады. Олардың мүшелері бір немесе бес жылға сайланады. Сонымен қатар директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жыл мерзімге тағайындалады. Ал директорлар кеңесі атқарушы директорды және оның мүшелерін сайлайды.

Жоғарыда аталған меншік түрлеріндегі айырмашылықтар шаруашы-лықтың ұйымдастыру құрылымына, басқару жүйесіне, еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеуге, түскен табыстарды бөлуге, қаржыландыруға және несие беруге, бухгалтерлік есепті және одан кейінгі қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды ұйымдастыруға ықпал жасайды.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласын барынша нығайту үшін ауыл шаруашылығында бірлескен өндірістік серіктестіктер құрып, олардың еш кедергісіз жұмыс істеуі мен сыртқы экономикалық қызметтерін дамытудың маңызы өте жоғары болып отыр. Бірлескен өндірістік серіктестіктер осындай кәсіпорындарға қатысушылардың жасасқан шарттарының негізінде құрылады. Олардың мақсаты агроөнеркәсіп өнімінің белгілі бір түрлеріне сұранысты барынша толық қанағаттандыру, халықаралық талаптарға толықтай сәйкес келетін озық техника мен инновациялық технологияны, басқару тәжірибесін, қосымша материалдық және қаражат ресурстарын тарту, экспорт базасын дамыту және тиімсіз импортты қысқарту. Бірлескен өндірістік серіктестіктердің жарғылық қорында мемлекеттің де үлесі болуға тиіс. Себебі, бұл серіктестіктер мемлекетттік тапрсырмаларды орындап, агроөнеркәсіп саласын халық шаруашылығының ең ірі саласы ретінде дамытуы қажет.

Ауыл шаруашылығы саласында әртүрлі меншік нысандарының қызмет етуі осы саладағы бухгалтерлік есепті жетілдіруді қажет етіп отыр. Сондықтан, ауыл шаруашылығы субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп жүйесі басқарудың тиімді құралына айналуы үшін, ондағы берілетін ақпараттар пайдаланушылар үшін сапалы, әрі сенімді болуы қажет деп санаймыз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдегі реформалаудың нәтижесінде, экономиканың барлық саласында, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында да, алдыменен, ұйымдардың жоспарлау-бақылау бөлімдерінің қызметкерлері қысқаруға ұшырады. Сонымен қатар, ұйымдар өндірістің жоспарлы көрсеткіштерінің мүлдем қолданудан бас тартты. Ал шаруашылық субъектілерінде жасалынған бизнес-жоспарлар негізінен банктерден несиелер мен мемлекеттен субсидиялар алу жасалынған болатын.

Демек, қазіргі ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы есеп құжаттарының толықтай жетілмеуі, саладағы өндіріс шығындарына жоспарлау мен нормалаудың болмауы, бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасатын ақпараттардың маңыздылығын басқару қызметі үшін барынша төмендетіп отыр.

Осы аталған мәселелердің барлығы ауыл шаруашылығы саласында бухгалтерлік есепті бүгінгі күннің талаптарына сәйкес әрі қарай жетілдіруді қажет етеді.

1.2 Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2742 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...