Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Және жиынтық есебі



Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында материалдық қорлар мен өндірістен алынған дайын өнімнің есебі 1300 «Қорлар» шотына ашылған шот топтарында жүргізіледі.

1310 «Шикізаттар мен материалдар»;

1320 «Дайын өнім»;

1330 «Тауарлар»;

1340 «Аяқталмаған өндіріс»;

1350 «Басқа да материалдық құндылықтар».

Ауыл шаруашылығынан алынған дайын өнім өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісінің дайын өнімі болып бөлінеді. Сондықтан 1320 «Дайын өнім» шотына төмендегідей аралық шоттар ашуға болады:

1320/1 «Өсімдік шаруашылығының дайын өнімі» (жем-шөп);

1320/2 «Мал шаруашылығының дайын өнімі»;

1320/3 «Өнеркәсіп өндірісінің дайын өнімі».

Өсімдік шаруашылығынан алынған дайын өнімнің өзіндік құны Дт 1320/1 Кт 8110/1;

Мал шаруашылығынан алынған дайын өнімнің өзіндік құны Дт 1320/2 Кт 8110/2;

Өнеркәсіп өндірісінде қайта өңдеуден алынған дайын өнімнің өзіндік құны Дт 1320/3 Кт 8110/3 бухгалтерлік жазуларымен көрсетіледі.

Сатылған дайын өнімнің өзіндік құнын есептен шығару кезінде Дт 7010 Кт 1320/1; 1320/2; 1320/3 бухгалтерлік жазу беріледі.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шикізаттар мен материал-дарды мынадай түрлерге бөліп жіктеуге болады:

1310/1 «Отырғызылатын тұқымдық шикізаттар»;

1310/2 «Минералдық тыңайтқыштар»;

1310/3 «Отын»;

1310/4 «Биопрепараттар, дәрі-дәрмектер, химикаттар»;

1310/5 «Ыдыс және ыдыстық заттар»;

1310/6 «Өңдеуге берілген материалдар»;

1310/7 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, тетіктер мен бөлшектер»;

1310/8 «Қосалқы бөлшектер»

1310/9 «Құрылыс материалдары»;

1310/10 «Басқа да материалдар».

1310/1 «Отырғызылатын тұқымдық шикізаттар» аралық шотында өсімдік шаруашылығында өндірілетін өнімнің құрамына енетін тұқымдық шикізаттардың есебі жүргізіледі.

1310/2 «Минералдық тыңайтқыштар» аралық шотында калий тұзы, фосфор ұнтағы, суперфосфат, амиак селитрі, микротыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы өсімдіктердін қорғау үшін улы химикаттар және т.б. тыңайтқыштар есебі жүргізіледі.

1310/3 «Отын» аралық шотында өсімдік және мал шаруашылығындағы техникалық және автокөлік құралдарына пайдаланылатын, сондай-ақ өндірістік цехтардың қажетіне, энергия өндіруге, ғимараттарды жылытуға пайдаланылатын (мұнай өнімдері мен дизельдік отын, керосин, бензин) отындардың нақты бары және қозғалысы есепке алынады. Ауыл шаруашылығы кәсіпоырндарында мұнай өнімдері үшін қолданылған талондардың есебі де осы аралық шотта жүргізіледі.

1310/4 «Биопрепараттар, дәрі-дәрмектер, химикаттар» аралық шотында малдарды емдеу және ветеринарлық профилактика мақсат ыүшін арналған вакциналар, сұйылтқыштар және басқа дәрі-дәрмектер мен химикаттар есебі жүргізіледі. Ұйымның есеп бөлімінде биопрепараттар, дәрі-дәрмектер, химикаттар ақшалай өлшеммен, ал сақтау орындарында сандық өлшеммен есептеледі.

1310/5 «Ыдыс және ыдыстық заттар» аралық шотында барлық ыдыстар мен ыдыстық заттар түрлерінің (шаруашылық бұйым ретінде қолданылатындардан басқалары), сондай-ақ ыдыстардарды дайындауға және жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектердің есебі жүргізіледі.

1310/6 «Өңдеуге берілген материалдар аралық шотында басқа жаққа өңдеуге берілген, болашақта өңдеуден алынған өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін материалдар есептелінеді. Материалдарды өңдеу үшін басқа жаққа төленген шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелінетін шоттардың дебетіне апарылады.

1310/7 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, тетіктер мен бөлшектер» аралық шотында өндірістік цехтарда немесе өнеркәсіп өндірісінде дайындалған өнімді жинақтауға, өңдеуге арналған бұйымдардың нақты бары және олардың қозғалысы есепке алынады.

1310/8 «Қосалқы бөлшектер» аралық шотында ұйымның пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын және айналымдағы немесе қордағы автокөлік дөңгелектерін жөндеуге арналған қосалқы бөлшектердің нақты бары және қозғалысы есепке алынады.

1310/9 «Құрылыс материалдары» аралық шотында шаруашылық әдіспен құрылыс жүргізуге және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға, қолданылатын тауарлық-материалдық құндылықтардың есебі жүргізіледі.

1310/10 «Басқа да материалдар» аралық шотында жоғарыда берілген материалдық қорлардың топтарына енгізілмеген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында пайдаланылатын басқа да материалдардың есебі жүргізіледі.

Егер ауыл шаруашылығы кәсіпорындары материалдық құндылықтарды басқа ұйымдардан сапы алатын болса, онда олар нақты өзіндік құны бойынша бағаланады. Материалдық қорлардың нақты өзіндік құны сатып алу бағасы мен оларды дайындау және ұйымға жеткізу шығындарынан тұрады. Материалдардың жоспарлы-есептік бағамен есебін жүргізу кезінде жоспарлы-есептік бағамен сатып алудың нақты өзіндік құндары арасындағы айырмашылықты есептеу әдісі арқылы анықталып, бөлек есептелінеді.

Сонымен, бухгалтерлік есепте 1310 «Материалдар» бөлімінің сәйкесті шотарының дебетінде түскен материалдардың құндары мына шоттардың кредитімен корреспонденцияланады:

- 3310 «Жабдытаушы және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» - барлық үстемелер мен жабдықтаушылар шотына енгізілген басқа да шығындарды қоса (ҚҚС қоспағанда) жабдықтаушылар бағасы бойынша материалдардың құнына;

- 3390 «Басқа да қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» көлік ұйымдары мен тауар биржаларының қызметтері үшін төленген қызметтердің құны (ҚҚС қоспағанда);

- 1250 «Есеп беруге тиісті тұлғалардың дебиторлық берешегі» - есеп беруге тиісті тұлға арқылы төленген материалдардың құны;

- 8310 «Көмекші өндіріс» - материалдарды ұйымның меншікті көлік құралдарымен тасымалдау шығындарының құны және өзіндік өндірістен қайта өңдеуден алынған материалдардың нақты өзіндік құны;

- 6280 «Басқа да кірістер» - заңды және жеке тұлғалардан төлемсіз алынған материалдардың құндары; түгендеу кезінде артық шыққан материалдардың құндары.

Жабдықтаушылардан есеп-айырысу төлем құжаттарынсыз алынған (фактураланбаған) материалдар қоймада жасалынатын акті арқылы кірістеледі. Бұл материалдар жоспарлы-есептік бағамен не болмаса келісім бағасымен кіріске алынады. Келесі айда есеп-айырысу төлем құжаттары түскеннен кейін фактураланбаған материалдардың құндары жабдықтау-шылардың құжаттарында көрсетілген нақты сома бойынша түзетіліп, жаңа жазу жазылады.

Акцептелінген және және төленген, бірақ айдың соңында жолда қалған немесе жабдықтаушының қоймасынан шықпаған материалдар жолдағы материалдар деп бөлініп материалдар есебі жүргізілетін шоттарда есепке алынады. Келесі айда есепке кіргізілген сомалар түзетіліп, ал келіп түспеген материалдар үшін төленген сомалар дебиторлық борыш ретінде есепте тұра береді.

Ұйымға тиісті емес (ұйымның өңдеуге алған, комиссиялық келісім шарт бойынша делдалдық ұйым ретінде сатуға алған, жауапты сақтауға алған) материалдары келісім шартта көрсетілген баға бойынша баланстан тыс шоттарда есепке алынады.

Өндіріске және басқа да қажеттіліктерге жұмсалған материалдардың құны 1310 «Материалдар» бөлімінің сәйкесті шоттарының кредитінен мына шоттардың дебетіне шығарылады:

- 8110 «Негізгі өндіріс» - өсімдік және мал шаруашылығы өндірісіне нақты жұмсалған материалдардың құны;

- 7010 «Дайын өнімдерді (тауарлар мен қызметтерді) сату бойынша шығыстар» - сатылған дайын өнімдер мен материалдардың нақты өзіндік құны;

- 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» - жалпы және әкімшілік мақсаттар үшін, сонымен бірге сату процесі үшін пайдаланылған материалдардың құны;

- 7470 «Басқа да шығыстар» - төлемсіз берілген, түгендеу кезінде жетіспеген материалдардың құны.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында дайын өнім мен материалдар қозғалысының жиынтық есебі 10 журнал-ордерде, оған тіркелген ведомостіде немесе машинограммада, Қаржылық есептіліктің 1 Ұлттық стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуші кәсіпорындар үшін «Қорлар есебінің ведомостісінде» жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен материалдық қорлардың талдамалық есебі қалдықтық әдіс бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс арқылы қоймадағы немесе сақтау орындарындағы дайын өнім мен материалдық құндылықтар әрбір түрлері бойынша «Қойма есебінің кітабында» немесе «Карточкаларда» натуралдық өлшемде, ал есеп бөлімінде жиынтық шоттар және материалдық жауапты тұлғалар бойынша ақшалай өлшемде жүргізіледі. Қалдық әдісі бойынша есеп бөлімінде материалдардың сандық-сомалық есебінің талдамалық шоттарын және айналым ведомостісін жүргізбейді. Олардың орнына әрбір материалдық-жауапты тұлға жасаған «Материалдық құндылықтардың қозғалысы жөніндегі есеп» алмастырады. Есептің мұндай түрі қойма есебінің кітабындағы (карточкасы), материалдық-жауапты тұлғаның есебіндегі және есеп бөліміндегі жіберілген қателіктерді тез анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Демек, есеп бөлімі мен қоймадағы дайын өнім мен материалдық қорлардың есебі жедел-бухгалтерлік есепке біріктіріледі.

Жедел-бухгалтерлік келесідей негізгі ұстамдармен сипатталады:

- қойма меңгерушісі жүргізетін қоймалық-сорттық карточкалардағы материалдардың сандық есебінің жеделдігі және дұрыстығымен;

- материалдардың қозғалысына байланысты операциялардың дұрыс және дер кезінде құжатпен рәсімделуіне, сондай-ақ қойма есебінің жүргізілуіне есеп бөлімі қызметкерлерінің үнемі бақылау жүргізе алатындығында;

- тексеру күніне есеп бөлімінің қызметкерлері қоймадағы материал-дардың нақты қалдығы мен қойма есебінің мәліметтерін тексере алатындығында;

- материалдардың есебі жоспарлы-есептік бағамен қоймалар бойынша немесе (материалдық жауапты тұлғалар бойынша) синтетикалық шоттар, аралық шоттар және материалдардың жіктемесі аралығында ақшалай өлшеммен жүргізілуінде;

- жоспарлы-есептік баға бойынша материалдардың қалдығын қойма есебінің мәліметтерін және бухгалтерлік есептің мәліметтерін салыстыру арқылы қойма есебі мен бухгалтерлік есептің өзара байланыстылығымен.

Жедел-бухгалтерлік әдіс кезінде, жалпы қабылданған материалдардың қоймалық сандық есебі қолданылады.

Мұндай әдіс кезінде материалдардың талдамалық бухгалтерлік есебі ақшалай өлшеммен қоймалық-сорттық есепте қолданылатын алғашқы құжаттарының мәліметтеріне негізделіп жүргізіледі. Сандық және құндық есеп арасындағы мұндай байланыс келесідей тәртіппен жүзеге асырылады:

Ұйымның есеп бөліміне қойма меңгерушісі тапсырған кіріс және шығыс құжаттары олардың дұрыстығы тексерілгеннен кейін есептік бағамен бағаланады. Есеп бөлімі алғашқы құжаттардың бірінші данасына операциялардың, жабдықтаушылардың белгілерін (коды) қойып, осы алғашқы құжаттарды операциялардың түрлері, материалдардың түсу жолдары мен жұмсалу бағыттарына қарай және корреспондеттік шоттары бойынша жіктеп, операциялардың сомалары синтетикалық есептің тиісті регистрлеріне жазылып, белгі қойғаннан кейін алғашқы құжаттар есеп бөлімінің басқа да бөлімшелеріне беріледі. Онда жабдықтаушылар және есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысудың есебі, өндірістің, үстеме шығындардың, жалпы және әкімшілік шығыстардың, материалдарды өңдеудің және дайындаудың немесе басқа жаққа босатудың есебі жүргізіледі.

Алғашқы құжаттардың тексерілген (бағаланған) екінші данасы қойма бойынша ұяшықтарға, ал оның ішінде синтетикалық шоттар мен аралық шоттар, есеп топтамалары мен номенклатуралық нөмірлері бойынша бөлініп қойылады.

Алғашқы құжаттарды тексеруден өткізгеннен кейін есеп бөлімі әрбір есептік топ бойынша қорытынды соманы есептеп, оны материалдардың синтетикалық есебінің жиынтық топтамалық ведомостіге көшіреді. Ведомостілер әрбір қойма бойынша ақшалай өлшемде жүргізіледі. Айдың соңында синтетикалық шоттар, аралық шоттар және есептік топтар бойынша материалдар қозғалысының жалпы айлық жиынтығы анықталады. Жоғарыда айтып өткендей, өндіріс орындарындағы қоймалар мен сақтау орындарындағы материалдар есебі үшін жұмысты орындаушылар «Айлық материалдық есепті» жасайды. Бұл есеп учаскіге тиісті материалдардың барлық номенклатуралары, соның ішінде ай ішінде қозғалысы болмаған материалдар бойынша да жасалады. Сонымен қатар жұмысты орындаушы жауапты тұлғада материалдардың аз мөлшерде болуы, өндіріске материалдардың құжатсыз босатылуы (ашық сақтаудағы материалдардың), материалдардың нақты жұмсалғаны айдың соңында материалдарға түгендеу жүргізу арқылы анықталуы, сонымен қатар жедел-бухгалтерлік (қалдықтық) әдіс енгізілмеген ұйымдардың орталық қоймасында айлық материалдық есептің жасалуы сияқты факторлар да әсер етеді. Сонымен қоса, қоймадағы материалдық есеп тек есепті айда қозғалысы болған материалдар бойынша ғана жасалады.

Бұл әдіс кезінде қоймадағы материалдар қалдығының ведомостісін (кітабын) жүргізу сақталып қалады. Ведомостіні есеп бөлімінде жүргізген дұрыс және ведомостіге жазылған қалдықтардың дұрыстығы қойма меңгерушісінің қолымен куәландырылады. Есеп бөлімі жиі-жиі ведомостіде көрсетілген материалдардың түрлері (номенклатуралық нөмірі) бойынша сандық қалдықты қойма есебінің карточкасындағы мәліметтермен салыстырып отыруға тиісті, осымен бірге қойма карточкаларының дұрыс жүргізілуі де тексеріледі.

Егер есеп автоматандырылған болса, онда қоймадағы немесе материалдық-жауапты тұлғадағы материалдардың қалдығы және қозғалысы жөніндегі жиынтық есеп регистрі болып синтетикалық шоттар мен аралық шоттар бойынша «Материалдық құндылықтар қозғалысының айналым ведомостісі» саналады.

Материалдарды жоспарлы-есептік бағамен бағалау кезінде олардың нақты өзіндік құны жоспарлыдан жоғары немесе төмен болуы мүмкін.

Анықталған ауытқулар айдың соңындағы материалдардың қалдығы мен есепті айда шығарылған материалдардың құндары арасында таратылуға жатқызылады.

Ауытқуды немесе көліктік-дайындау шығыстарын бөлу жұмсалған материалдардың әрбір түрі немесе тобы бойынша пайыз түрінде ай басындағы материалдардың қалдығы мен ай ішінде түскен материалдардың ауытқуы қосындысын есепті бағамен ай басындағы материалдардың қалдығы мен есепті баға бойынша ай ішінде түскен материалдардың қосындысына бөлу арқылы мына формуламен анықталады:

МҚА + ТМА

П = ¾¾¾¾¾¾¾¾ ´ 100 %; (1)

ЕМҚ + ЕТМ

Мұндағы, П – материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағадан пайыздық ауытқуы;

МҚА – ай басындағы материалдардың қалдығы бойынша ауытқу;

ТМА – ай ішінде түскен материалдар бойынша ауытқу;

ЕМҚ – ай басындағы есептік бағамен материалдардың қалдығы;

ЕТМ – есепті бағамен ай ішінде түскен материалдар (ішкі орын ауыстыру сомаларын қоспағанда).

Есепті ай ішінде жұмсалған материалдардың осы пайызға тиісті ауытқудың бөлігі есепті бағамен материалдардың шығысы көрсетілген шоттардың дебетіне шығарылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауыл шаруашылығы өнімдері дегеніміз не?

2. Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандартына сәйкес материалдық қорлар дегеніміз не?

3. Материалдық қорларды бухгалтерлік есепте алғашқы танудың шарттары қандай?

4. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түсімін рәсімдеуге байланысты алғашқы құжаттарды атап, оларды рәсімдеу тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.

5. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін жөнелту және жұмсау бойынша құжат айналымына сипаттама беріп өтіңіздер.

6. Мал шаруашылығы өнімдерінің кірісі, жөнелтілуі және жұмсалуы бойынша құжат айналымына шолу жасаңыздар.

7. Шикізаттар мен материалдарды сатып алу, кірістеу және қоймадан жұмсау бойынша құжат айналымына сипаттама беріңіздер.

8. Материалдар мен дайын өнімнің қоймадағы есебіне сипаттама жасаңыздар.

9. «Отырғызылатын тұқымдық шикізаттар» аралық шотына сипаттама беріңіздер.

10. «Минералдық тыңайтқыштар» аралық шотына сипаттама беріңіздер.

11. «Отын» аралық шотына сипаттама беріңіздер.

12. «Биопрепараттар, дәрі-дәрмектер, химикаттар» аралық шотына сипаттама беріңіздер.

13. «Ыдыс және ыдыстық заттар» аралық шотына сипаттама беріңіздер.

14. «Өңдеуге берілген материалдар аралық шотына сипаттама беріңіздер.

15. «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, тетіктер мен бөлшектер» аралық шотына сипаттама беріңіздер.

16. «Қосалқы бөлшектер» аралық шотына сипаттама беріңіздер.

17. «Құрылыс материалдары» аралық шотына сипаттама беріңіздер.

18. «Басқа да материалдар» аралық шотына сипаттама беріңіздер.

19. Материалдар мен дайын өнімнің талдамалық есебіне сипатта жасаңыздар.

20. Материалдар мен дайын өнімнің жиынтық есебіне сипатта жасаңыздар.

Тест сұрақтары:

1. Ауыл шаруашылығы өнімдері дегеніміз бұл:

А) сатуға арналған өнім және әрі қарай өндіріс процесінде пайдалануға арналған тұқым, мал азығы;

Б) басқа жақтан сатып алынған және әрі қарай сатуға арналған өнім тұқым, мал азығы;

В) ұйымның балансында көрсетілген тұқым, мал азығы;

Г) болашақ мерзім алынатын өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері;

Д) өсімдік және мал шаруашылығында өндіріс процесін жүзеге асыру негізінде алынған өнімдер.

2. Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандартына сәйкес ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімін қандай жағдай ғана таниды:

А) ұйым өнімді өткен оқиғалардың нәтижесінде бақылауы тиіс; ұйымның осы өнімді пайдаланудан болашақ пайда алуы тиіс; өнімнің өзіндік құнын бағалау ықтималдығы жеткілікті деңгейде жоғары болуы тиіс;

Б) ұйымның осы өнімді пайдаланудан болашақ пайда алуы тиіс; өнімнің өзіндік құнын бағалау ықтималдығы жеткілікті деңгейде жоғары болуы тиіс;

В) ұйым өнімді өткен оқиғалардың нәтижесінде бақылауы тиіс;

Г) өнімнің өзіндік құнын бағалау ықтималдығы жеткілікті деңгейде жоғары болуы тиіс;

Д) ұйымның осы өнімді пайдаланудан болашақ пайда алуы тиіс.

3. Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандартына сәйкес материалдық қорларға мыналар жатады:

А) сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлар; қайта сатуға арналған мүлік (жер, ғимарат, автокөліктер); ұйым өндірген және сатуға арналған дайын өнім; дайын өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіруге арналған тауарлар;

Б) сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлар; қайта сатуға арналған мүлік (жер, ғимарат, автокөліктер); ұйым өндірген және сатуға арналған дайын өнім; дайын өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіруге арналған өнімдер;

В) сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлар; қайта сатуға арналған мүліктер; ұйым өндірген және сатуға арналған дайын өнім; дайын өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіруге арналған, сондай-ақ өндірістің өзін қамтамасыз етуге арналған шикізаттар және материалдар; аяқталмаған өндіріс – дайындық сатысына жетпеген өнім, кейіннен қайта өңдеуге арналған жартылай фабрикаттар; басқа да қосымша қорлар;

Г) аяқталмаған өндіріс – дайындық сатысына жетпеген өнім, кейіннен қайта өңдеуге арналған жартылай фабрикаттар; басқа да қосымша қорлар;

Д) ұйым өндірген және сатуға арналған дайын өнім; дайын өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіруге арналған, сондай-ақ өндірістің өзін қамтамасыз етуге арналған шикізаттар және материалдар.

4. Материалдық қорлар кез келген актив сияқты есепте мынадай тану өлшемдері болған кезде ғана мойындалады:

А) материалдық қорлар бойынша болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығы болған кезде; есепке алынатын материалдық қорларды сатып алуға немесе өндіруге іс жүзінде жұмсалынған шығындарды бағалау мүмкіндігі төмен болған кезде;

Б) материалдық қорлар бойынша болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығы болған кезде; есепке алынатын материалдық қорларды сатып алуға немесе өндіруге іс жүзінде жұмсалынған шығындарды бағалау мүмкіндігі орташа болған кезде;

В) материалдық қорлар бойынша болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығы болған кезде; есепке алынатын материалдық қорларды сатып алуға немесе өндіруге іс жүзінде жұмсалынған шығындарды бағалау мүмкіндігі жоқ болған кезде;

Г) материалдық қорлар бойынша болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығы болған кезде; есепке алынатын материалдық қорларды сатып алуға немесе өндіруге іс жүзінде жұмсалынған шығындарды бағалау мүмкіндігі орташадан жоғары болған кезде;

Д) материалдық қорлар бойынша болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығы болған кезде; есепке алынатын материалдық қорларды сатып алуға немесе өндіруге іс жүзінде жұмсалынған шығындарды бағалау мүмкіндігі жоғары болған кезде.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында астық өнімдерін комбайнмен жинап, оны қырманға кірістеген кезде қандай құжат рәсімделеді?

А) кіріс кассалық ордер;

Б) жүкқағазы;

В) шот фактура;

Г) астықты және басқа да өнімдерді егіс алаңынан жөнелту тіркемесі;

Д) өлшенген астықты және басқа да өнімдерді кірістеу реестрі.

6. Қырман меңгерушісі қырманға кіргізілген астықты өлшегеннен кейін қандай құжат үлгісін толтырады:

А) өлшенген астықты және басқа да өнімдерді кірістеу реестрін;

Б) егістен астықты шығару жол қағазын;

В) жүк автокөлігінің жол қағазын;

Г) берілген талондарды тіркеу журналын;

Д) шот фактураны.

7. Ұйымның қырманындағы немесе басқа да сақтау орнындағы астықтың түсімін және оның шығысын қандай құжатта көрсетіледі?

А) астықтың және басқа да өнімдердің қозғалысы ведомостісінде;

Б) берілген талондарды тіркеу журналында;

В) шот фактурада;

Г) қойма кітабында;

Д) материалдық бухгалтердің есебінде.

Астықты немесе ауыл шаруашылығының басқа өнімдерін дайындаушы ұйымдарға, диірменге немесе сатып алушыларға жөнелту кезінде қандай құжат үлгілері рәсімделеді?

А) астықтың және басқа да өнімдердің қозғалысы ведомостісі;

Б) берілген талондарды тіркеу журналы;

В) шығыс ордер;

Г) тауарлық-транспорттық жүкқағазы, жүк автокөлігінің жол қағазы, немесе шот фактура;

Д)өнімдерді жөнелту бойынша құжаттардың тіркемесі.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1843 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.024 с)...