Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Билет №92



Диагностическая тактика при подозрении на туберкулез костно-суставной системы, мочеполовой системы, эндокринных органов. Туберкулез органа зрения.

сүйек буын туберкулезімен ауыратын адамдарды анықтау, омыртқа жүйесінің, буынның созылмалы аурулары бар науқастарды алдын алу шараларымен өткізі жүзеге асырылады. Сүйек буын туберкулезін анықтау үшін, жалпы рентгенография және томография қолданылады. Туберкулезбен сзақымданған буында: буын құрайтын сүйек тіндерінің сиреуі остеопороз, буын саңылауының тарылуы, буын қабының инфилтрациясы, буынның үстіңгі бетінің құрылымының бұзылуы, сүйек буынды шетінде құрылымы бұзылған ошақтар байқалады. Туберкулезді спондилиті бар науқастардың рентгенограммасында омыртқа денесінің сүйекті тінінің сиреуі, омыртқа аралық саңылаулардың тарылуы немесе жоғалуы, омыртқа денелерінің жалпайғаны және бұзылғаны, ыдырау қуыстарына ағып келген іріңдіктің (абсцесстер) көлеңкелерікөрінеді. Зақымдалған сүйек тінінің биопсиясы мен пункциясы, буын қуысымен, абсцесс құрамдарын гистологиялық, микробиологиялық, цитологиялық зерттеу туберкулез диагнозын қоюға көмектеседі.

Бүйрек және зәр шығару жолдарының туберкулезі науқастың бүйрек аймағының рентгенограммасында әктену ошақтарын, урограммада бүйрек қуыстарының кеңеюін, туберкулезді папилитте бір немесе бірнеше емізікшелердің ыдырауын, кавернозды туберкулезде ыдырау қуыстарын анықтауға болады. Туберкулез диагнозын қоюда ангиография, бүйректің радиоизатопты және ультрадыбысты тексерулері маңызды көмек көрсетеді. Олар мүше құрылымының өзгерісін, үрдістің орналасқан жерін, зақымдану көлемін және оның сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Зәр анализінде ТМБ табылуы бүйрек туберкулезін анықтаудағы ең басты, шешуші фактор болып табылады.

Несепағар туберкулезі, әдетте бүйрек туберкулезімен қатар жүреді. Несепағардың кілегей қабатында ойық жаралар, туберкулез төмпешіктері пайда болады, олар тыртықтанып несепағар түтігін тарылтады.

Қуық туберкулезінде ауырсыну сезімімен өтетін жиі зәр шығару, терминалды гематурия байқалады. Диагноз қоюда цистоскопияда зақымданған жерді көзбен көріп, қуықтың кілегей қабатынан биоптат алып, биопсия жүргізеді. Несепағардың және қуықтың кілегей қабатында жаралы зақымдану пайда болғанда, зәрде өзгермеген эритроциттер, ТМБ анықталады.

Жыныс ағзаларының туберкулезі диагноз қоюда туберкулинді тері астына жіберу сынамасы қолданылады. Жалпы және ошақты реакциялардың пайда болуы жыныс ағзаларының зақымдануының этиологиясы туберкулез екенін көрсетеді. Жатырдың ішкі бетін қырып алып, қырындыдан ТМБ іздейді. Іш қуысын лапороскопиямен тексергенде, іш пердесі бетінде туберкулезге тән төмпешікті бөртпелер табылады.

Эндокринді мүшелер туберкулезі

Бүйрек үсті безінің туберкулезі кезінде УЗИ және КТ 6мм және одан да улкен мөлшердегі некроз ошақтарын және инфильтратты көруге мүмкіндік береді. Толық науқастарды КТ қолданған дұрыс.

Қалқанша безінің туберкулезінде гистологиялық зерттеудің маңызы зор. Инфильтрация ошағын анықтау үшін УЗИ және радиоизатопты сканирлеу қолданылады

Көз туберкулезі туберкулинді тері астына жіберу сынамасы қолданылады. Онда біз ошақты реакцияның пайда болғанын көзбен көруге болады.





Дата публикования: 2015-01-24; Прочитано: 475 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...