Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндірістік ғимараттарды және олардың элементтерін типтеу және үйлестіру



Зауыттарда шығарылатын, жиналатын элементерді кеңінен қолданудың негізгі жолдарының бірі оларды типтеу болып табылады. Типтеу – бұл әртүрлі объекттерді құрылыста үйлестірілген көлемдік – жоспарлау және конструкциялық шешімдерді көп рет қолдануға мүмкіндік беретін жобалаудағы және құрылыстағы техникалық бағыт.

Үйлестіру дегеніміз бұл зауыттарда шығарылатын, ғимараттар бөлшектерінің және конструктивтік элементтердің көлемінің біркелкілігі.

Үйлестіру ғимараттардың бөлшектерінің әртүрлі мөлшерлерінің санын және оның конструктивтік элементтерінің түрлерін шектеу арқылы жетіледі.

Үйлестірілу құрылыста бір модульдік жүйе (БМЖ) негізінде іске асырылады. Негізгі модуль (м) ретінде 100мм мөлшері қабылданады. Іріленген модульдер: 12000, 6000, 3000, 1500, 1200, 600, 300 және 200мм, бөлшек мөлшерлер: 50, 20, 10, 5, 2 және 1мм.

Өнеркәсіп құрылысында іріленген мөлшерлер ғимараттардың горизонтальдық және вертикальдық мөлшерлерін тағайындауға қолданылады. Мысалы: бағаналар арасындағы қашықтықтар 12000 және 6000 мм-ге тең болуы мүмкін. Бөлшек модульдер майда (БМЖ) мөлшерлердің (жабын плиталарының қалындығы және т.б.) тағайындау үшін қолданылады.

БМЖ – да мөлшерлердің негізгі үш түрі белгіленген, олар: номиналдық, конструктивтік және натуралдық.

Номиналдық мөлшерлер – көлемдік – жоспарлау және конструктивтік элементтердің шартты (номиналдық) шектерінің арасындағы қашықтық.

Конструктивтік мөлшерлер – жобалау, натралдық мөлшерлер. Конструктивтік элементтердің (фактылық) шындық мөлшерлері.

Конструкциялық мөлшерлер номиналдық мөлшерлерден элементтер арасындағы қажетті жіктер мен саңлаулар мөлшерлерімен ерекшеленеді (2 сурет).

Ғимараттардың конструктивтік элементтерінің типтелуін және көлемдік – жобалау үйлестіруін қамтамасыз ететіннегізгі параметрлер: пролет, бағаналардың қадамы және қабаттың (ғимараттың) биіктігі болып табылады.

Пролет дегеніміз бағаналардың жабынның (бөренелердің, фермалардың) негізгі күш тарту тұлға конструкциялар пролетіне сәйкес, бағытындағы бөлу біліктерінің арасындағы қашықтық. Көбінесе бір қабатты өндірістік ғимараттардың пролеттері 12, 18, 24, 30 (әрбір 6м сайын) метрге тең болып алынады.

Бағаналар қадамы дегеніміз негізгі күш тарту тұлға конструкцияларының (бөренелер, фермалар) біліктеріне сәйкес бағыттағы бөлу біліктерінің арасындағы қашықтық. Көбінесе бағаналар қадамы 6, 12м-ге тең болып алынады.

Бағаналар торын бөренелердің пролеттерімен қадамының көбейтіндісі түрінде белгілейді, мысалы: 18х6; 18х12; 24х12 және т.б.

Биіктерді бір бағытта сандармен (әдетте бағаналар қадамын), екінші бағытта кирилица әріп кестесінің бас әріптерімен белгілейді.

Бір қабатты ғимараттардың биіктігі болып еденнен жабын күш тарту тұлға конструкциясының астыңғы белгісінің арасы есептеледі, ал көпқабатты ғимараттарда – шектес қабаттардың едендерінің арасындағы қашықтық.

Құрылыс жобалауында техникалық шешімдердің бірлігін қамтамасыз ету үшін, бір – және көпқабатты өндірістік ғимараттарды үйлестіру бойынша едәуір жұмыстар жүргізілді, олардың негізгі типтері мен қолдану салалары анықталды.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 1257 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...