Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндіріс операцияларын есептеу



Операциялар орындау құрамы мен техникалық шарттарын анықтау. Операцияларды орындау үшін бастапқы мәліметтер: процесс технологиялық схемасы; бұйымдарды орындауға арналған техникалық шарттар, материалдар мен жартылай фабрикаттарды орындауға қабылданған әдістер, операциялардың, процесстердің және жабдықтардың технологиялық режимдері болып табылады.

2 кесте. Операциялық қарапайым мысал

Операция атауы Арматуралық біліктерді өрімге дәнекерлеу
I. Жұмыс орнын ұйымдастыру схемасы II. Техникалық шарттар
1 – жапсарлап дәнекерлеу станогы 2 - рольганг 1. Дәнекерленетін шыбықшалардың кесілген жері тоттан және бояудан тазар-тылуы керек. 2. Қысу еріндерімен жанасатын, шы-бықшалардың бүйір беттері, қорғалған болулары керек. 3. Жапсар бетінің шыбықша білігі ара-сындағы бұрыш 90 о немесе оған жақын болу керек. 4. Жапсарды шұғыл мұздатудан және суланудан қорғау керек.
III. Еңбек қауіпсіздігі шарттары
Жұмысшылар жарық әйнекті көзілдірік киіп жұмыс істеулері керек.
    IV. Оперциялар элементтері Орындаушылар Еңбек сиымдылығы, адам-мин   Жабдық және құрал-сайман       Бақылау
Саны   Мамандығы Разряд (дәреже)
1. Машина жал-ғасуына шыбықшалар ұштарын орнықтыру және салып қою 2. Машинаны жұмысқа қосу, жап-сарды дәнекерлеу, ста-нокты өшіру 3. Стендке өрім-ді жеткізу     Арматурашы III – IV     МСР-100-3 дәнекерлеу машинасы   Шыбықшыларды беруге арналған роликті стол   Өрімді жылжы-туға арналған роликті стол ТББ әр партияның ортасынан үш-үш-тен үлгілер алып, оларды үзілгенге дейін үзіп сынайды. Сынақ нәтижесі ак-тіленіп, арнайы жур-налға жазылады

Операцияларды жобалау кезде олардың мазмұнын, технологиялық режимдер және олардың мүмкін шектері көрсетілген, операциялардың бөлек элементтерін орындау нақты техникалық шарттарын анықтайды.

Операциялар мазмұны мен оларды дайындау тиімді шарттары: жабдықтар, материалдар және жұмысшылар орналасуын ұйымдастыру схемасы; технологиялық режимдер және олардың ауытқу мүмкін шектері туралы мәліметтер бар, опера-цияларды орындауға техникалық шарттар; операцияларды дайындау кезде қауіпсіз жұмыс шарттары; операцияларды дайындау кезектілігі және элементтер мазмұны, олардың еңбек сиымдылығы, операцияларды дайындауға арналған қажетті жұмыс-шылар құрамы, жабдықтар, аспаптар және құрал-саймандар; әрбір операцияны бақылау мақсаты, техникалық құралдары және периодтылығы әдетте 2 кестеде келтірілген, операциялық нормальда белгіленеді.

Операциялық нормальдар, жобалау процессінде қажетті қорларды анықтау және жұмыс істейтін бойлардың жұмысын басқаруға арналған технологиялық есептеулерге нормативтік база болып табылады.

Процесстің әрбір операциялық еңбек сиымдылығын есептеу. Базалық бұйымды немесе бұйымдар тобын (көпорынды қалыптарды қолдануда, бұйымдарды ұзын стендттерде және біруақытта бірнеше бұйымдар өңделетін басқа жағдайларда дайындауда) келесі кезектілікпен есептеледі: бұйымның конструктивті-технологиялық мінездемесі және қабылданған жабдықтар мінездемесі бойынша жұмыс көлемін табады; операцияның әрбір элементі бойынша еңбек сиымдылығын операциялық нормальдар немесе типтік нормативтер бойынша анықтайды; әрбір операциялар бойынша және бүтін бұйымға (бұйымдар тобына) жұмсалатын жалпы еңбек шығы-нын есептейді; әртүрлі разрядтар (дәрежелер) және жұмысшылар мамандығы үшін бұйым дайындауға жұмсалатын жұмыстар еңбек сиымдылығын анықтайды.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 752 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...