Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің мақсаты мен міндеті. Жобалау сатылары



Өндірістік құрылыстың екпінділігін жоғарылаты, оның бағасын төмендету және сапасын жақсарту үшін, практикаға ғылым және техниканың соңғы жетістіктерін, же-тілген көлемдік-жоспарлау және конструкциялық шешімдерді ендіру, өндірістік ғима-раттар мен биналар құрылысы кезінде ірі мөлшерлік конструкциялар мен толығынан зауытта шығарылатын бөлшектерді толығынан жинау әдісін қолдану керек.

Өнеркәсіптің әрбір саласының өзіне тән өндірістің технологиялық процесстері-мен байланысты ғимараттар жоспарлау шешімдері бар. Олар: қабаттылық, тұтас алғанда ғимараттың және бөлек қабаттың биіктігі, жоспар-дағы ғимараттардың және пролеттердің өлшемдері, конструкциялық шешімдер, көлік керек-жарақтары, желдету әдістері, жарық түсіру, жылуландыру және т.б.

Құрылысты бастау бұрын, келешектегі құрылатын ғимараттың жоспары жаса-лынады. Жоспар түсінігі: жоспарланатын ғимараттың керектігін анықтайтын көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді, сметалық және басқа жұмыстарды, зерттеуші, жоспарлау-конструкциялық және есептеу жұмыстарының жиынтығын, сонымен қатар оның бағасын қосады.

Өнеркәсіп ғимараттарын жоспарлау кезінде келесі жағдайларды:

- жақын арадағы ғылым мен техниканың даму келешегіне сүйеніп, өнеркәсіп саласына тиісті кәсіпорындарын жобалау кезде қолданылатын негізгі техникалық бағыттарды;

- күші бар «ҚНжЕ»-ні, жобалау және құрылыс нұсқауларын, жобалау ката-логтарын, құрылыс конструкциялары мен бұйымдарын;

- бекітілген прейскуранттарды (нарық көрсеткішін), сметалық нормаларды, құрылыс бағасын анықтауға арналған бағалауларды;

- өнеркәсіп салаларына арналған нормативтік салыстырмалы күрделі қаражат бөлуді – нұсқау етіп қолдану керек.

Ғимаратты қымбат реконструкция (қайта құру) жасамай жабдықтарды модер-низациялау немесе өндірістің технологиялық процестерін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін, бөренелердің кеңітілген торларын және құрастырылу конструкцияларын қолда-ну керек.

Ғимараттардың көлемдік-жобалау және конструкциялық шешімдері олардың аумағы мен көлемдерін әсерлі қолдануды қамтамасыз етулері және технологиялық процестерді ұйымдастыру үшін қолайлы шарттар жасаулары керек.

Технолгиялық процестер және олардың ерекшеліктері ғимараттарды жобалау шешімдерін қабылда кезеңінен тыс, оның конструкциялық нобайын таңдауда да үй-лестірілулері керек. Конструкциялық нобай деген түсінік, бұл тік және көлденең эле-менттердің жүйесі (ғимарат қаңқасы), ол әртүрлі күштерді қабылдап, ғимаратардың кеңістік қатаңдығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өндірістік ғимараттардың түрі мен көлемдік-жобалау шешімі оның бекітіліп үйлестірілген габариттік үлгісіне және салааралық үйлесімге қойылатын талаптарға сәйкес таңдалады. Толығынан жо-баланған ғимарат пен кәсіпорын техника жөнінде алдыңғы қатарда, бағасы ең аз бо-луы керек. Ол бөлінген қаражаттың әрбір теңгесіне ең көп өнім артуын қамтамасыз етуі, еңбек шарты бойынша жаңа технологиялық жабдықтар мен автоматтандырылған басқару жүйесін қолдану арқылы өндірістің кәзіргі заман талаптарына жауап берулері керек.

Жеке өнеркәсіптердің жобаларын дайындау кезде олар жоспарлау жобаларымен және аудандардың құрылысымен немесе өнеркәсіп торабының бас жоспар үлгілерімен үйлестірілулері керек. Өндірістік тораптарда өнеркәсіп орындары қосалқы кәсіпорын-дармен, инженерлік биналармен және коммуникациялармен (қатынас жолдарымен) бірлестіріледі. Өндірістік тораптарда біріңғай тұрмыстық, жұмыс істеушілерді емдеу және басқа қызмет көрсету жүйелері, сонымен қатар сәйкестілік жағдайларда негізгі кәсіпорындардың бірлестірулері қамтылады.

Кәсіпорындарды құру үшін ауылшаруашылыққа жарамсыз жерлерде табиғатты қорғау заңдарын бұзбай және табиғи ресурстарды (қорларды) қолданып, бекітілген қаланың бас жоспарына сәйкес құрылыс жобаларының нормалары мен ережелерін, өнеркәсіп торабының құрамында орналастыруды ескеріп және аудан жоспарының үлгісіне сәйкес таңдау керек.

Жобалауды бастау үшін бастапқы құжат – жобалу тапсырмасы болып табыла-ды. Оны жобалау жұмысын атқаратын ұйымдардың тікелей қатысуымен, тапсырыс беруші ұйым құрастырады. Өндірістік кәсіпорынды, ғимаратарды немесе биналарды жобалау тапсырмасында келесі мәліметтер: кәсіпорынның, ғимараттың немесе бина-ның атауы; жобалау негізі; құрылыс үшін аудан, орын және алаң; шығарылатын өнім номенклатурасы; өндірістің толық даму және бірінші кезектегі негізгі түрлерінің қуат-тылығы; кәсіпорынның мамандандырылуы; негізгі техникалық процесстер мен жаб-дықтар; жобалау барысындақол жеткізу көзделген, кәсіпорынның немесе бинаның бөлінген қаражаттары мен негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерінің көлемі; жобалау сатылары және тағы басқа мәселелер көрсетіледі. Жобалау екі сатылы: тех-никалық жоба мен жұмыс сызулары және бір сатылы: техникалық жұмыс жобасы (техникалық жоба жұмыс сызулары қатарынан атқарылған) іске асырылады.

Бас жоспар (генплан) дегеніміз жобаланатын өндіріс жиынтығының масштабтық үлгісі. Онда жобаланатын және бұрыннан жұмыс істейтін ғимараттар мен биналар, негізгі жүретін жолдар, жер көлемдерінің көгалдандырулары мен жайластырылушылықтары орналастырылады.

Бас жобалар жұмыс істейтін нормативтік құжаттар негізінде жобаланады; жобалар шешімдері, көліктердің және адамдар ағыны мен көліктердің түрлері негізделеді; негізгі көрсеткіштер (кәсіпорынның орналасқан алаңы, құрылыс коэффициенті және т.б.) келтіріледі.

Бас жобаның шешімдері құрылыс алаңының дамуын ескеріп, оның функционалдық зоналарға (бөлектерге) бөлінуін қарастыруы керек. Онда зауыт алдындағы, өндірістік, жәрдемші және қойма зоналары ұйымдастырылады.

Атмосфераға (қоршаған ауаға) өндірістік зияндықтар (газдар, түтін, ыс, шаң, сасық иіс, шу) шығаратын кәсіпорындарды тұрғын аудандарға қатынасты ық жаққа орналастыру және санитарлық-қорғау зоналарымен бөлу керек. Бұл жағдайда кәсіпорындар бес класқа бөлінеді: І – клас – санитарлық – қорғау зоналарының ені 1000 м; ІІ – клас – 500м; ІІІ – клас – 300; ІV – 100 және V – 50 м.

Өндірістік ғимараттарды дүниенің төрт жағына және тұратын желдердің басым бағытына (желдер раушанына) сәйкес, олардың ең ыңғайлы табиғи жарықтануын және желденуін ескере отырып орналастыру керек.

Желдер раушаны – бұл бағыттары және қайталануы (%), кей уақытта олардың жылдамдығы бойынша желдердің бөліну үлгісі. Желдер рашанын құру үшін бір нүктеде сегіз румбтар бағыты бойынша сызықтар жүргізеді және олардың әрқайсысына берілген уақыт ішінде осы бағытта тұрған желдің бірлік мөлшерін белгілейді; кесінділердің ұштарын түзу сызықпен қосады. Олар жыл мерзімі немесе жылдың әртүрлі кезеңі бойынша құрылады.

    Бас жобада құрылыс алаңының жайластырылуы көрсетіледі. Оған алаңның көгалдандырылуы, ойынға, гимнастикалық жаттығуға арналған алаңдар, клумбалар, кіші архитектуралық формалар және т.б. кіреді. Бас жоба бойынша негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіш қоршаудағы құрылыс алаңының кәсіпорын жалпы алаңына қатынасының пайызы ретінде анықталатын құрылыс тығыздығы болып табылады. Бұл жағдайда құрылыс алаңы барлық түрлі ғимраттар мен биналар орналастырылған алаңдардың, сонымен қатар ашық қоймалар немесе дайын өнімдерді сақтауға арналған алаңдардың қосындысы болып табылады.

Өндірістік ғимараттар туралы жалпы мәліметтер, жіктелуі,





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 2263 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...