Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндірістің тиімді әдісін таңдау



Өнімдердің конструктивті-технологиялық жіктелуі. Темірбетон бұйымдарының берілген номенклатурасының өндіріс әдісі процесс ұйымдастыру түрін, жабдықтарға және биналарға қүрделі қаражат шығаруды, технологиялық бойларға қызмет көрсетумен байланысты шығындарды, өндірістік қуат шығындарын және қорытындыда, салыстырмалы келтірілген шығындардыалдын ала анықтайды.

Технологиялық процесстерді жобалаудың маңызды бастапқы бөлімі өнімнің конструктивтік-технологиялық жіктелуі және базалық бұйымдардың технологиялықтығы болып табылады.

Өнімнің конструктивті-технологиялық жіктелуі, ЦНИИЭПжилища әдістемесіне сәй-кес, технолгиялық класстар бойынша өнімдердің функциональді типіне бөлуден басталады. Бір технологиялық классқа, бір технологиялық бойда, жалпы технологиялық процессті қолданып дайындалатын, функциолальдік тағайындалу (сыртқы қабырға панельдері, жабындар ж.т.б.), конструктивтік нышандары (тұтас, көптесікті, бірқабатты, көпқабатты ж.т.б. жабын панельдері) жалпылығы бар бұйымдар жатады.

Номенклатураның технологиялық жіктелуінің екінші этапы, әрбір технологиялық классқа кіретін бұйымдардың барлық маркаларын табу болып табылады. Бұйымдар маркалары талданады және ірілендіріледі. Бұйымдардың бір бірінен өзгешілік нышаны, бір қалыпта қайта жөндеусіз дайындауға кедергі келтірмесе (мысалы, егер маркалар арматураға бекітілген және фиксаторлардың қайта құруын талап ететін төсемелі бөлшектердің орналасуымен айрықшаланатын болса), оларды бір іріленген маркаға біріктіреді.

Технологиялық жіктеудің үшінші этапы технологиялық топтарға іріленген марка-ларды біріктіруді қарастырады. Бір технологиялық топқа, жалғыз қайта құрылған қалыпта дайындауға ыңғайлы бұйымдарды топтайды. Бір технологиялық топқа кіргізудің анықтаушы нышаны, бұйымдардың бірдей қалыңдығы, ойықтардың бар немесе жоқ болуы, шет шекара-лардың профилі ж.т.б. болып табылады.

Бір технологиялық топқа жиналған бұйымдардың сызуларын графикалық бірлестіреді; сонан соң ең күрделі,технологиялық процессті жобалауда шешім қабылданатын, ірі габаритті, базалық бұйымды атап көрсетеді.

Конструктивті-технологиялық жіктеу, технологиялық бойлардың өндіріс қуат-тылығын әсерлі қолдану арқылы, бұйымдардың белгілі комплектерін шығаруда цикл-дылықты қамтамасыз ету үшін үй-, зауытқұрылыстық және аул құрылыс комбинат-тарын жобалауда аса маңызды.

Базалық бұйымды технологиялық талдау. Өндіру әдісін және технологиялық бойлар типін таңдау үшін шығарылатын өнімнің технологиялықтығын (зауыт өндірісінің кәзіргі заман механизациялау деңгейіне сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін, конструкцияның қасиеттері мен нышандарының жиынтығы) анықтау және талдау керек.

Технологиялықтық деңгей геометриялық параметрлерін, дайындау дәлдігін, бет өңдеу тазалығын, дайындау процессінде бұйымның орнын, арматуралау түрін, қалыптан босату шарттарын, бастапқы көрсеткіштерімен тасымалдылығын салыстыру арқылы анықталады.

Бұйымдардың геометриялық параметрлері ұзындық, ен, биіктік және келтіріл-ген бұйым қалыңдығымен сипатталады. Дайындау технологиясы үшін шек кескіндері, қалыптан босату үшін еңістердің, ойықтар мен тесіктердің, шығыңқылар мен серелер-дің бар болуы, геометриялық формалардың қарапайымдығы өте маңызды. Сыртқы бұрыштардың ойылуы мен ішкі бұрыштарда кернеу шоғырлануын болдырмау үшін жүздер немесе кішігірім айналмалар қарастырылады. Алдын-ала кернелген конструк-цияларда алдын-ала кернеуді бетонға кедергісіз беру үшін бой және көлденең қабырғалар қыйылысатын жерде жайпақ еңістер қарастыру керек.

Құралмалы құрылыстың негізгі шарттарының бірі – темірбетон бұйымдарын дәл дайындау. Темірбетон конструкцияларының мөлшерлеріне қойылатын техноло-гиялық шектер МемСТ 13015-пен белгіленеді.

Темірбетон конструкцияларын дайындау үшін дәлдік классына сәйкес белгіленген жабдықтарды қолдану ұсынылады, мысалы, 5 – 7 класстар үшін бортпен жабдықталған, тығырықпен немесе бұйымдардың қалыпта қату кезінде қатты қалыпталатын беттері байланыстырылған жонылған металл қалыптар; 8 – 10 класстар үшін қайырылатын борттық жабдықтары бар дәнекерленген металл қалыптар, қырнап тегістелген бетті темірбетон матрицалар; 10 - 12 класстар үшін жонылған немесе әрленген бетті ағаш қалыптар.

Бұйымдардың беттерін өңдеу тазалығы бұжырлық классымен, сонымен бірге таза беттер саны және олардың өзара орналасу технологиялық көрсеткіштерімен сипатталады. Бұжырлық класс зауыттық дайындықтың талап етілетін дәрежесіне, конструктивтік талаптарға және қалыптау әдісін, осы операциялар үшін әрлеу және технологиялық жабдықтар түрін таңдауға сәйкес орнықтырылады.

Дайындау процессіндег бұйымдар орны дайындаудың жеткілікті дәлдігі мен беттер тазалығын ең аз еңбек шығынымен алынатын талап қойылған пішін үйлесу шарттарын қамтамасыз етуі керек. Дайындау процессі немесе бұйымдардың технологиялық база орнын анықтау, дайындау мүмкін әдістерін, тығыздау, тазалау және қалыптарды майлау үшін технологиялық жабдықтарға алаң мөлшерін алдын-ала анықтайды.

Арматуралау түрі конструкцияның функциональдік тағайындалуынан тәуелді. Арматураланбаған бетон бұйымдарын дайындағанда тек монтаждау ілгектерін орнықтыру қажет. Кернелмеген темірбетон конструкциялары бөлек торлармен, қаңқалармен және барлық арматуралық элементтері бар кеңістік қаңқалармен арматуралануы мүмкін. Алдын-ала кернелген темірбетон конструкцияларын дайындау арматураны орналастыру мен созуды, сонымен қатар кернелмеген арматураны орналстыруды қарастырады. Арматуралау түрі арматуралау операцияларын орындау-да арнайы технологиялық жабдықтарды қолдану қажеттілігін алдын-ала анықтайды.

Қалыптан босату шарттары конструкцияның конструктивтік ерекшелігімен және қалыптау әдісімен тығыз байланысты. Құралмалы темірбетон конструкцияларын дайындау зауыт іс-тәжірибесінде қалыптан босатуды бетон қалыптаудан босату беріктігіне (екі стадиялық жылумен өңдеу кезінде) және 70% маркалық беріктікке жеткен соң бірден қалыптаудан кейін орындайды (дереу қалыптан босату). Бұл шарттар қалыптар конструкцияларын, қалыптау жабдықтары және жылумен өңдеу режимдерін таңдауға ықпал етеді.

Тасымалдылық – бұл қалыптар массасымен бірге конструкциялардың массаларының және бұйымдарды қалыптан босатумен байланысты, қосымша күштер-ге, сериялық көтеру жабдықтары мен тасымалдау құралдарына сәйкестік.

Берілген номенклатура бұйымдарының мүмкін дайындау әдістерін талдау. Өндіріс әдісін технологиялық, экономикалық және бәселестіктен шығатын түсініктен таңдайды. Технологиялық салыстырудың негізгі критерийлері (белгілері) келесілер: қолдану аумағының орындылығы, жоғары сапалы бұйым мүмкіндігі, процесстерді механикаландыру және автоматтандыру, еңбекті ұйымдастыру дәрежесі, қөлік байланыстары мен өндірістік желілеулер. 1 кестеде бұйымдардың конвейерлік, агрегаттық және стендтік дайындау әдістерін салыстыру келтірілген.

1 кесте. Темірбетон бұйымдарын дайындау әдістерін технологиялық салыстыру

Көрсеткіш Өндіру әдісі
Конвейерлік Агрегаттық Стендтік
       
Қолдану ау-мағы Біртипті бұйымдардың үл-кен көлемін шығару Өндірістің икемді техно-логиясы бойынша бұйым-дардың кең номенклату-расын дайындау Аз мөлшерде ірігабаритті және көлемді элементтерді дайындау
Бұйымдар сапасы Ең жоғары сапа қамтама-сыз етіледі Жаңа қалыптанған бұйым-ды жылжыту қажеттілігі-нен жоғары сапаға кепіл-дік берілмейді Тығыздау және жылумен өңдеу әсерлі әдістерінің жеткіліксіздігінен жоғары сапаға әрдайым кепілдік беріле бермейді
Процессті ме-ханикаландыру және автомат-тандыру дәре-жесі Барлық операциялар меха-никаландырылуы және ав-маттандырылуы мүмкін Жылдам қату камералары-на қалыптарды жеткізуден басқа барлық процесстерді механикалндыруға және автоматтандыруға болады Қалыптан босату және беттерді тегістеу опера-циялар әрдайым механика-ландыруға болмайды
Еңбекті ұйым-дастыру дең-гейі Жоғары өнімділік пен ең-бек қауіпсіздік шарттары қамсыздандырылады қалыптанған бұйымдарды посттан постқа жылжыту қажеттілігі еңбек қауіпсіз-дігін төмендетеді Жұмысшыларды жылжы-ту қажеттілігі еңбек өнім-ділігі мен қауіпсіздігін тө-мендетеді
       
Жүк ағынының орындылығы Ең жоғары орындылықты Көліктік байланыстар кран операцияларының шара-сыздығынан күрделілейді Жүк ағынының күрделілігі әрбір постқа қызмет көр-сетуге байланысты

Варианттарды техника-экономикалық салыстыру. Технологиялық процес-стерді жобалау барысында, соңғы ғылым жетістіктерімен, алдыңға қатарлы өндіріс тәжірибелерімен және жергілікті шарттармен түзілетін бар (типтік) шешімдер негіз ретінде қолданылады. Бұл үшін жобалаудан бұрын өңделетінге ұқсас, олардың негізгі технологиялық мінездемелерін, мысалы жылдық өнімділікті, негізгі материалдар шығынын, бойда жұмыс істейтін жұмысшылардың санын ж.т.б. айқындап типтік және кәзіргі кезде бар технологиялық бойларды талдайды.

Алынған мәліметтер негізінде: 1 м2 өндіріс алаңынан алынатын өнім мөлшерін, бір жұмысшының өнім шығаруын, өнімді дайындау еңбек шығынын, бойдың металл сыйымдылығын ж.т.б. бой көрсеткіштерінің салыстырмалы техника-экономикалық тиімділігін есептейді.

Варианттар саны көп болған жағдайда технологиялық бой техника-экономи-калық әсерлілігінің негізгі критерийі ретінде өнім бірлігінің салыстырмалы шығынын, теңге/м3, өлшемімен қабылдайды,

Скел.=С+ЕК,

мұнда С - өңім бірлігінің өзіндік құны, теңге; Е – нормативтік әсерлілік коэффициенті (құрылыс материалдары өнеркәсібі үшін Е=0,12); К – салыстырмалы күрделі шығындар (өнім бірлігіне), теңге.

Бірдей бұйымдарды шығаруға арналған бойларды салыстырған жағдайда, вари-анттарды тек шикізаттарды өңдеуге жұмсалған келтірілген шығындар бойынша, теңге/м3, өлшемімен бағалауға болады:

Скел.шөң+ЕК,

мұнда Сөң – материалдырды өңдеу құны, теңге.

Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері бойынша бірнеше технологиялық бойларды салыстыру жобалаудың бастапқы стадиясында технологиялық процесстің бағытын негіздеп таңдауға мүмкіндік береді.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 1089 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...