Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Активтер мен пассивтердің құрылымы



Пассивті несиелік операцияларға ең алдымен депозиттік операциялар жатады.

Белгілі бір мерзімге не болмаса қажет етілген уақытқа дейін заңды және жеке тұлғалардың ақшалай құралдарын салым салуға тарту бойынша банктің операциялары депозиттік болып аталады. Депозиттік операциялардың үлесіне әдетте олардың пассивтерінің 95% сәйкес келеді.

Депозиттер – депозиттік операциялардың субъектілері банкке оның күшіне байланысты белгілі бір уақыт аралығында өсіп отыратын үстеме алу мақсатында құйатын ақша қаражаттарының соммасы.

Экономикалық мазмұнына сәйкес депозиттер келесідей болып бөлінеді:

- жедел депозиттер;

- қажеттілікке сәйкес депозиттер;

- тұрғындардың жинақ салымдары.

Жедел депозиттер олардың мерзіміне байланысты мынадай болып жіктелінеді:

- 3 айға дейінгі депозиттер;

- 3 айдан 6 айға дейінгі депозиттер;

- 6 айдан 9 айға дейінгі депозиттер;

- 9 айдан 12 айға дейінгі депозиттер;

- 12 айдан жоғары мерзімдегі депозиттер.

Шотта сақталынған құралдардардың сипаттамасына байланысты талапқа дейінгі депозиттер: кәсіпорынның не ұйымның есептік, ағымдық және бюджеттік шоттардағы қаражаттары; әртүрлі қорларда сақталынуына байланысты арнайы шоттардағы қаражаттар (тоғыз экономикалық көрсеткіш бойынша); капиталдық салымға арналған кәсіпорынның жеке қаражаттары; кәсіпорындар мен ұйымдардың есептік кезеңдегі қаражаттары; басқа банктермен келісім бойынша корреспонденттік шоттардағы қаражаттар; жергілікті бюджеттердің қаражаттары.

Жинақ салымдары олардың сақталу ерекшеліктеріне байланысты келесідегілерге бөлінеді: жедел; қосымша салымдармен жедел; ұтыстық; ақшалай-заттай ұтыстық; жастық (молодежно)-марапаттық; жағдайлық; ағымдағы шоттың ұсынушысына; талапқа дейінгі; жинақ сертификаттары; пластикалық карточкалар (несиелік және т.б.).

Дамыған экономикалы мемлекеттерде депозит түрлерінің арасындағы нақты шекара жойылады да, жедел және талапқа дейінгі депозиттер сапасына сай келетін шоттар пайда болады. Мысалға, АҚШ-та НАУ-шоттар – пайыздың нарықтық көрсетілімі бойынша төленетін және оларды есептік шоттарда жазуға болатын, яғни бұл шоттарды төлем үшін пайданатын депозиттер.

Банктік тәжірибеде кең тараған ұғым депозиттік стратегия болып табылады. Депозиттік стратегия – банкке белгілі мерзім мен пайыздық көрсеткіші анықталған жедел қойма енгізілгендігін дәлелдейтін бағалы қағаз.

Ресурстарды депозиттік емес тарту көздеріне келесілер жатады: банк аралық нарықта займдарды алу, бағалы қағаздарды кері қайтарымының келісімі бойынша сату, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен ссудаларды алу мен векселдердің есебі, банктік акцептердің сатылымы, евродоллар нарығында займдарды алу, капиталдық ноталар мен облигацияларды шығару. Қазақстандық банктер осы аталған көздерден банк аралық несиелер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің несиелерін қолданады. Банк аралық несие нарығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің корреспонденттік шотында орналасқан қаражаттар сатылып алынады және сатылады. Ұлттық Банктің коммерциялық банктерге арналған несиелері қайта қаржыландыру тізімі бойынша, яғни қызметтің мәні бойынша таратылады. Тек 10%-орталықтандырылған несиелер банктерге конскурстық негізде таратылады.

Несиелеу – кәсіпкерлік қызмет пен пайда алуды көздейтін банктің ерекше операциясы. Несиелік салымдардың негізгі үлесі экономикаға салынатын қысқа мерзімді несиелеуден (57% теңге бойынша несиелер және 49% шетел валютасы бойынша несиелер), соның ішінде тұрғындарға – 3%, саудаға – 27% үлес бойынша таратылады.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 1127 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...