Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Несие беру үрдісі



Президент немесе басқа жауапты адамның бұйрығы клиент шоттары бойынша есептік және несиелік бөлімге келеді. Онда клиенттің аты-жөні, несие берілетін сома, шот көрсетіледі. Бағыты бойынша несие беру үш түрлі болуы мүмкін:

1. Несие клиенттің есеп шотына түседі;

2. Есеп шоттан алынған несие тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша түрлі төлем құжаттарының төленуіне беріледі.

3. Несие басқа, оның алдында берілген кредиттерді өтеуге түседі.

Несие мөлшеріне қарай үш түрге бөлінеді:

1. Несие толық сомада есепті шотқа түседі, содан оның күнделікті шығындары шығады

2. Несиенің барлық көлемін алу құқығына клиент қосымша ақша ресурстарының қажеттілігінің пайда болуына байланысты асықпай жүргізеді,

3. Клиент алдын-ала белгіленген несиелік келісімдегі несие көлемінен бас тартуға құқығы бар.

Несие көлемі экономикалық жағдайларға тәуелді:

1. Қарыз алушының төлемдік айналымының ажырау үлкендігі;

2. Несиені қамтамасыз етуге түсетін және оның өтімділігінің деңгейінің тауарлы-материалды құндылықтарының жинағы.

3. Маржа деңгейі;

4. Клиенттің банкке сенуі және тәуекелділік деңгейі

5. Банктегі нақты көлемдегі ресурстардың бар болуы;

3-кесте – Несиені өтеу варианттарының классификациясы

Қайтарымның толықтығымен 1. 1) Несиені толық өтеу; 2) Несиені жиілеп өтеу.
Өтеудің жиілігімен 1. 1) Бір реттік несие өтеу; 2. 2) Көп реттік несие өтеу.
Өтеудің жүзеге асу уақыты бойынша 1. 1) Несиені өтеудің жүйелілігі; 2. 2) Несиені өтеудің эпизодтылығы.
Өтеу уақыты бойынша 1) Жедел несиені өтеу; 2) Кешіктіріп несие өтеу; 3) Уақытын өткізіп несие өтеу; 4) Мерзімінен бұрын несие өтеу.
Өтеу көздері бойынша 1) Клиенттің жеке қаражаттары; 2) Жаңа несиенің қолданылуы; 3) Гаранттың шотынан қаражаттар алынуы; 4) Басқа кәсіпорынның шотынан қаражаттардың келуі; 5) Бюджеттік түсімдер және тағы да басқа.




Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 447 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...