Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банктік қызмет, банктік өнім және оның деңгейлері. Банктің инвестициялық және басқа да қызметтері



Тұтынушылардың көп санын тарту банктік қызметтердің үлкен көлемін ұсыну арқылы үлкен пайда алуға бағытталған. Банктік қызмет – бұл банк төлем алатын тауар болғандықтан, банктік маркетингтің мақсаты пайданы арттыру және оның қажеттілігі банк үшін анық. Банктік қызметте маркетингтік кешен 5 элементтен тұрады (5-ші «Р» элементі – адам).

Банктік өнім деп банкпен жасалған кез келген қызмет немесе операцияны түсінуге болады. Банктік өнімнің де тауарлардағыдай, үш деңгейін ашып көрсетуге болады.

Бірінші деңгейді тұтынушы сатып алатын негізгі, дәстүрлі банктік қызметтер құрайды. Бұл – банктің базалық ассортименті: депозиттік (шоттарды ашу және жүргізу), несиелік, инвестициялық, пластикалық карточкаларды шығару және оларға қызмет көрсету.

Екінші деңгей нақты орындалған банктік өнім немесе қызмет болып табылады, яғни банктің ағымдағы ассортименті (қосымша қызметтер). Ағымдағы ассортимент банктің базалық бағытталуына әсер етпей әрдайым өзгеріп және дамып отырады. Ағымдағы ассортименттің өзгеруі бірінші рет келген адамды тұрақты тұтынушыға айналдыруға, тұтынушыны қызметтердің көп түрін сатып алуға ынталандыруға бағытталған. Бұл – инкассация, құжаттар мен бағалы заттарды тасымалдау, валютаны айырбастау, тәуекелдерді есептеу және басқару, тәуекелдерді сақтандыру.

Үшінші деңгейді кеңейтілген, дәстүрлі емес банктік өнімдер немесе қызметтер құрайды. Бұл деңгейдің қызметтері тұтынушылармен достық қарым-қатынастарды қалыптастыруға, оларға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Бұл – трасталық, факторингтік, форфейтингтік және лизингтік операциялар, кеңес берушілік және ақпараттық қызметтер, кепілдіктерді беру, депозитарлық қызметтер, тұтынушының бағалы заттарын сақтау және т.б..





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 882 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...