Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банктегі ассортиментті жоспарлау



Салым салудың үш түрі бар:

- салымдары;

- жылдам салымдары;

- қажеттілік салымдары.

Ағымдағы және процентті шоттары уақыт аралық жағдайында NOW-шотында орналасқан, және чектік депозиттер, сол бойынша банк шоттардың минималды қалдықтары мен пайыздарын төлейді.

Ал клиент шотты жүргізу бойынша және салымдарды салу немесе ақша құралдарын алу бойынша қызметтерге ақы төлейді.

Несие беру банктың маңызды функциясы болып табылады және қарыздарды әр түрлі белгілер бойынша классификациялауға болады. Қарыздардың кейбір түрлерін қарастырайық:

1. Ипотекалық қарыз – құрылысқа және бөлмелердi қалпына келтiруге немесе оларды алуға беріледі.

2. Ауылшаруашылық қарыздар – аграрлық өндірістің маусымдық кезінде және ауылшаруашылық техника құрал жабдықтар қажеттілігіне байланысты беріледі.

3. Бағалы қағазға байланысты қарыздар – дилерлер мен брокерлер көмегімен алынады.

4. Коммерциялық банктерге берілетін қарыз – банктердiң арасында құралдардың қайта бөлінуi ретінде жүзеге асады.

5. Жеке тұлғаларға берілетін қарыз – ұзақ уақыт қолданатын тауарларды алу құралы ретінде алынады.

6. Сауда-өнеркәсіптік қарыздар – салымдар көздеріне және айналым ақшаларына төлем жасау үшін алынады,

7. Меншікті кепілдікке қоюдағы қарыздар – ломбард несиесі сияқты алынады.

8. Дисконттік несие – қысқа мерзiмге векселдермен қамтамасыз ету арқылы беріледі.

9. Кепілдендірілмеген қарыздар – соло вексельге байланысты сенімді қарыз.

10. Кепілді несие – өткен мерзiмнiң ағымында нақтылы өлшемнiң қарызын беру қажеттiлiгі жағдайында банктік мiндеттеменi беру

11. Чектік несие – ағымдағы шот несиесі.

12. Пайыздық жалақымен бекітілген қарыздар – нарықтық пайыз ставкаларының тербелістерін есепке алмай ақ несие алушы несиені пайдаланғаны үшін пайыздық мөлшерін төлеу тиіс.

13. Жүзетін пайыздық ставкалардағы қарыздар – пайданы толығымен алмау тәуекелділігін кішірейту үшін беріледі.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 520 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...