Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сынылатын қызметтер сипаттамасы бойынша сегменттеу. Кредиттік қызмет. Салымды операциялар. Инвестициялық операциялар. Басқа да қызметтер



Қаржы-несиелік институттарды қарастырғанда банк-корреспонденттерге ерекше көңіл аударылады.

Банктер үкімет нарығы өкілдерінен келесі салым түрлерін қабылдайды:

а) сұранысқа дейінгі депозиттер;

б) жедел депозиттер;

в) қаржы мекемесі депозиттері.

Ұсынылатын қызмет сипаттамасы бойынша банк қызметтерінің 4 негізгі тобы бөліп көрсетіледі:

а) несиелік қызметтер;

б) салым операциялары;

в) инвестициялық операциялар;

г) өзге де қызметтер.

Берілген сегмент түрі тұтынушылар қызығушылығын арттыратын банктік өнімнің түрін анықтауға мүмкіндік береді. Несиелеу – банктің салымшылардан алған қаржыны несие алушының иелігіне беру.

Салым операциялары – бұл пайыздық ынталандыру мақсатында тартылатын қаржылар.

Инвестициялық операциялар – банктің баға айырмашылығы арқасында акцияларды клиенттің немесе өзінің атынан сату және сатып алу арқылы пайда табуы кезіндегі құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар.

Өзге қызметтерге мыналар жатады:

- есеп айырысу қызметі бойынша операциялар;

- кепілдік беру;

- сыртқы экономикалық қызметпен байланысты валюталық операциялар мен қызметтер:

- инженерлік-экономикалық сараптама бойынша қызметтер;

- кеңес беру қызметттері;

- траст-операциялары;

- құндылықтарды сақтау қызметтері;

- лизинг;

- аудиторлық қызметтер;

- банк бөлімшесі жүйелері арқылы банк клиенттерінің жарнамаларын орналастыру.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 573 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...