Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банктік қызметтегі маркетингтің мәні, түсінігі және қажеттілігі



Банктік маркетингтің банк саласына қажеттілігі дәстүрлі операциялардың шектеуінен шығу, шетел банктерімен бәсекелестікті күшейту, банктік емес мекемелердің бәсекелес тұлға ретінде пайда болуы, қорлардың банктен банктік емес мекемелерге аударылуы соның нәтижесінде бағалы қағаздар нарығын дамытуды көздейді. Банктік салаға сақтандыру, жинақ және зейнетақы қорлары, сауда өнеркәсіптік және каржылылық корпорциялары және т.б. компаниялар кірістіріледі. Соның нәтижесінде коммерциялық банктердің табыстылығын төмендету және тәуекелді операцияларды күшейту үйреншікті жағдайға айналды. Осындай қарпалыс бәсекелістік кезде банктер жаңа қызметтер түрлерін, жаңа бизнес түрлерін бірінші орынға тек акционерлерді ғана емес, сонымен қатар әрбір клиенті бағалай білуі керек, сонда ғана банк ары қарай даму қарқыны жоғарылайды.

Маркетинг бұл банктің жоспары мен философиясы, ол жан жақты және терең талдауды, мықты дайындықты талап етеді, яғни басшыдан бастап төмен лауазымда отырған банк бөлімшелерінің белсенді жұмысына қатысты жағдайларды қадағалайды. Маркетингтік қарым қатынас бірінші орныда өз өніміне емес керісінше клиенттің қажеттілігіне қалыптасуы тиіс. Сондықтанда нарықты зерттеу кезінде тұтынушының талғамы мен қажеттілігіне талдау жасау қажет. Банк қызметкері қаржылық өнімді сатушы болып табылады. Ол клиентке нақты қажет қаржылық қызмет көрсету формасы анықтап, әр келісімшарттың оған қолайлы және тастылығын анықтау керек.

Банк саласындағы маркетингтің түсінігі банктің маркетингтік мүмкіндіктерін талдау, стратегиялық жоспарлар және маркетингктік жоспарларды құру, тәуекелдікті төмендету және банктің мақсаттары мен міндеттеріне жетуін көздейді.

Банк саласындағы маркетингтің негізгі мақсаты тұрғындардың бос ақша қаражаттарын уақытша қолданысқа алу болып табылады. Дамыған мемлекеттерде бактік операцияларды қолдану пайызы өте жоғары, 80% үй шаруашындағы түрғындар банк клиенттері болып табылады, мыслыға ағымды және жинақ шоттары, несие карталары бар. Сонымен қатар банк өз клиенттеріне жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, өйткені адамдар банкке нақты бір операция бойынша жүгінеді және қосымша немесе аралас қызмет түрлерін қолданушы тұрақты сатып алушы болып табылады. Банктің маркетинг қызметінің екінші өзекті мәселесі бар шығын көлемі, яғни банк жаңа өнімдерді құрастыру және нарыққа шығару кезінде көп шығындалады, өйткені банк қымбат ресурстармен жұмыс жасайды ал оларды қолайлы және табысты нарық сегментерінде қолдану қажет, яғни тұтыну жоғары, ал қызмет көрсету ұсталымтары салыстырмалы түрде төмен болуы қажет. Банктер сонымен қатар нарықтың заңдарына бағынады яғни абыс табудың қайнар көздеріне жетуге ұмтылады. Несие ешқандай табыс бермейді, алайда банк ол табысты несие алушылар шотынан қалыптастырады. Сондықтанда олар өз ресурстарын тиімді салаларға бағыттаулары қажет. Коммерциялық банктердің көмегімен қаржылық үзылыстерді жабу мүмкін емес, ал тиімділігі аз іс шараларды қаржыландыру тиімсіз сонын нәтижесінде банк шығынға ұшырайды.

Осыған орай маркетингтің осындай екі саладағы бағыты бар: бірі клиентарды банкке қаражат салушы ретінде тарту болса, екінші несиелік ресурстарды кәсіпорындар мен ұйымдарға бағыттау, яғни бұл ұйымдар берген ресурстарды банкке де тиімді етеп жұмсауды көздейді. Қортындылай айтсақ банкттік маркетинг табыстар мен уақытша бос жатқан ақша қаражаттарын экономикада қолдану болып табылады.

Маркетингтің банке қажеттілігі тағы бар, өйткені шарттар барлық коммерциялық банктерге бірдей. Мысалы:

- Несиелік ресурстарды қалыптастырушы қорға барлық коммерциялық банктердің міндетті төлемдері;

- Банктік ликвидтілік стандарттары мен Ұлттық банкінің нақты пайыз ставкасын орнату;

- Банктік мекемелердің тікелей несиелендіруі;

- Ұзақ және қысқа мерзімді құнды қағаздармен операциялар жүргізу.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 665 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...