Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тауарға баға белгілеуде қолданылатын стратегиялар



· Қаймақ қалқып алу стр.сы. Жаңа тауарларды жоғары бағамен сатуды көздейді. Тауар жаңа болғандықтан, оған деген сұраныс икемді емес. Жоғары баға жарнама және тауар бейнесін қалыптастыруға жұмсалатын шығындарға байланысты белгіленеді. Икемділігі жоғары сегменттер үшін бағалар біртіндеп төмендей бастайды. Қаймақ қалқып алу стратегиясын қолданған кезде тауардың өмірлік циклі қысқа болуы мүмкін немесе бәсекелестер де оны қайталауы мүмкін.

· Престижді бағалар стр.сы. тауарларды жоғары бағамен сатуды көздейді, ол тауардың сапасына, ерекшелігіне, маркасына және беделіне көңіл аударатын нарық сегменттеріне арналған. Бұл стр.ны бизнес әлемінде жоғары беделге ие фирмалар қолданады. Беделді тауар үшін тұтынушылар бағаны асыра төлеуге әзір. Мыс, Мерседес Бенс

· Психологиялық тұрғыда баға тағайындау(марк.к немесе дөңгелектенбеген бағалар) бағаны психологиялық тұрғыдан қабылдауға негізделген. Бұл стр.я көбіне тұтынушы тауарлар нарығында қолданылады. Психологиялық баға дөңгелектенген бағадан сәл төмен бағамен белгіленеді.

· Ассортименттік баға белгілеу стр.сы. Бұл стр.я көбінесе сұранысы бірқалыпты емес, бірін бірі толықтыратын және ауыстыратын тауарларға қолданылады.

· Бағалар дифференциациясы. Ф. Котлер мұндай бағаларды дискриминациялық деп те атайды. Баға өзгерісін сегменттер әр түрлі қабылдаған кезде, нарықты тік және көлденең бөлгенде қолданылады. Егер сатушы өз бизнесінің мақсатына орай, бір бірімен байланысы жоқ, сұранысының даму деңгейі әр түрлі аймақтық және ұлттық нарықтардың бірнешеуін анықтаса, бағаларды тік дифферециациялау қолдалады.

- Бәсекелеске қарап баға белгілеу:

· Нарыққа ену стратегиясы

· Нарықтық лидерге қарап баға белгілеу

· Бәсекелеске қарағанда жоғары баға белгілеу

43.тауарды жылжыту мәні мен жоспарлануы. тауарды жылжыту деген сөз экономикалык әдебиеттерде маркетингтік коммуникация сөзімен синоним болып келеді. маркетингтік коммуникациялардың мынадай түрлері бар: жарнама, өткізуді ынталндыру, жеке сату, коғаммен байланыс. Жылжытудың түрлі нысандарын таңдауға тауардың түрі, жылжыту стратегиясы, сатып алушының сатып алуға дайындык деңгейі, тауардың өмірлік циклінің кезеңдері әсер етеді.

Тұтынушылардың тауар туралы мағлуматы мен білімін арттыруда жарнама мен паблик рилейшнз ең басты роль аткарады. Тауарды нарыкка шығару кезеңінде жылжытудың ең тиімді құралдары-жарнама мен PR. Тауарды нарыкка жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалык тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға кояды. Ол болашак сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен кызметтер туралы маңызды фактілер мен мәлімет жеткізу үшін қыска жіне нұска түрінде ұсынылады.

Жылжытуды жоспарлау процессі бес кезеңнен тұрады:

Мақсатты аудиторияны анықтау; жарнама маөсатын анықтау; хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу; жарнама құралдарын таңдау; жарнама тиімділігін бағалау.

44. тауарды жылжыту мәні мен арналары. тауарды жылжыту деген сөз экономикалык әдебиеттерде маркетингтік коммуникаци сөзімен синоним болып келеді. маркетингтік коммуникациялардың мынадай түрлері бар: жарнама, өткізуді ынталандыру, жеке сату, коғаммен байланыс. Жылжытудың түрлі нысандарын таңдауға тауардың түрі, жылжыту стратегиясы, сатып алушының сатып алуға дайындык деңгейі,тауардың өмірлік циклінің кезеңдері әсер етеді.

коммуникацияның жеке және жеке емес арналары бар. Жеке коммуникация арнасы –бұл адамдардың жүзбе-жүз, телефон немесе хат алысу аркылы өзара катынасуы. мұндай арнадағы катынастар кеңес берушілер, достар, әріптестер, көршілер аркылы жүреді. Жеке емес тауарды жылжыту арнасы- БАК аркылы таратылатын хабарлар және арнайы шаралар жатады.осы екі кезеңдік коммуникация процесінде лидердің пікірі маңызды роль аткарады.

45. Жарнама, мәні, атқаратын қызметі. Жарнама түрлері ж\е оларды тарату құралдары. Жарнама д\з – қаржыландыру көзі алдын ала анықталған, БАҚ арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтерді жылжыту қызметі.

Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі: 1. жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны БАҚ на ұсынады. 2. жарнама беруші жарнама мақсатын нақты көрсетіп, жарнама агенттіктеріне тапсырыс береді. Жарнаманың атқаратын қызметтері:1.Эк\қ - сұранысты қалыптастыру, өтімді ынталандыру, тұтынушыларға тауарларды алғызуды жылдамдату арқ сату-алу үдерісін тездетеді. 2.Ақпараттық - тұтынушыларды өндірушілер т\лы ж\е олардың тауарлары т\лы ақпарат ағымдарымен қамт\з етеді. 3.Коммуникациялық - сауалдама, тұтынушылар пікірлерін жинау, тауар өтімін талдау арқ жарнама рынокпен ж\е тұтынушымен қайтара байланысын қам\з етеді. 4.Бақылау -рыноктағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді. 5.Түзетім - өткізу саясатын ж\е жарнама қызметін ұтымды жағына өзгертуге мүмкіндік жасайды. 6.Сұранысты басқару -нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсер тигізу жолдарын табуға мүмкіндік ашады

Түрлері:

1. Баспа жарнамасы(каталог, проспект, буклет, плакат).

2. Баспасөздегі жарнама(мақалалар, репортаж)

3. Радиожарнама. Негізгі түрлері: радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепотаждар, радиороликтер)

4. Тележарнама. Телеролик, телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағадарлама арасындағы телезаставкалар.

5. Аудиовизуалды жарнама. Бұл – жарнамалық роликтер, жарнамалық-техникалық фильмдер, жарнамалық беделді фильмдер. 6. Сыртқы жарнама. Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспоранттар, түрлі түсті жазбалар, дүкендер сөресі, фирмалық жазбалар.

7. Көліктегі жарнама. Бұл – автобус, троллейбус және т.б. көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар.

8. Жарнама сувенирлері

9. Интернет арқылы жарнама

Жарнама түрлері Жарнаманы тарату құралдары
Тікелей жарнама a) Пошта хаттары, баспа материалдары b) Пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
Баспа жарнамасы a) Анықтамалар,каталогтар b) Пресс релиз, баспасөз хабарламасы c) Буклет d) Анықтама
Баспасөз жарнамасы a) Газеталар b) Журналдар
Хабар жарнамасы a) Радиожарнама b) Тележарнама
Сыртқы жарнама a) үлкен габариттік плакат b) газжарығы құрылымдар c) мультивизио плакаты d) электронды панносы
Экран жарнамасы a) кино және видеофильмдер b) слайд фильмдер
Транспорт жарнамасы a) транспорт сыртындағы жарнама b) транспорт салонындағы плакаттар және хабарландырулар

46.жарнамалык компанияны әзірлеу. Жарнаманы әзірлеу товарды өткізу жоспарымен бірге жасалады да, мұнда рынокты зерттеу нәтижесі және бәсекелестер қабылдаған шаралар ескеріледі. Өнімді өткізуде жарнаманың тиімділігін дәл анықтау ешқашанда мүмкін болмайтындықтан, кәсіпорын жарнама құралдарын пайдаланған кезде қалауынша еркін әрекет ете алады.

Дегенмен, жарнама бюджетін анықтауда мынандай тәсілдер анықталады:

1.айналым процессін анықтау;

2. бәсекелестер жұмсаған қаржыны анықтау;

3. өзінде жұмсалған жарнама қаржыларын бағалау.

Әдетте бірінші және үшінші тәсілдермен жарнама құралдарының жалпы сомасы, ал екіншісімен - бөлінісі анықталады. Жоспарлар резервтерді ескере отырып жасалады.

Жарнама шараларының жоспарына жататыны:

1. күнделікті жарнама шараларын өткізу жоспары;

- жарнама құралдары бойынша;

- жекелеген шараларды өткізу уақыты бойынша;

2. көрмелер мен экспозициларға қатысу жоспары;

3. жарнама шараларының қорытынды жалпы жоспары, бұған резервтер де жатады.

4. арнайы жарнама науқандарын өткізудің жеке жоспары.

Ірі американдық фирманың қожайыны жарнама бюджетін талқылаған кезде былай деген көрінеді: осыған жұмсалған ақшаның жартысына жуығы желге ұшқанын білемін, бірақ оның неге тектен – тек жұмсалғанын білмеймін. Көп жағдайда мұы өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Өткізу деңгейін сақтау, содан кейін арттыру үшін, жарнама шараларымен бір мезетте кәсіпорын имиджін (мәртебесін) сақтау және жақсарту мақсатында шаралар жоспарын қабылдау қажет. Мұның өзі өкілеттік шығындарға байланысты (журналистерді шақыру, қабылдау, газеттер мен журналдарға хабарландырулар жіберу, т.б.). Осының барлығының қоғамдағы байлансы қызметіне («паблик рилейшнс») тікелей қатысы бар.

Батыс рыноктары ауытқуын бағалағанда байқалатыны, фирмаларда баға үнемі өсіп, тұрақтанған, коньюктурасы жоғарылаған сайын, олар жарнамаға ақшаны аямай жұмсайды, ал тоқырау кезеңінде, үнемдей мақсатында жарнама бюджетін әдетте қысқартады. Мұны циклды жарнама деп атайды. Дұрысында төмен коньюктура кезеңінде жарнама қызметін жандандыруы, яғни оны антициклы ету қажет еді.

47. Жеке сату ж\е оның мәні -ол дег\з, тауарды сату мақсатында тұтынушы мен сатушы арасында жеке дара байланыстың орнығуы. Бұл тұтын\р мен кездесіп әңгімелесу барысында тауарды қолдану туралы кеңес беріп, оны ауызша ұсыну. Жеке сату әдісінің ерекшеліктеріне мыналар жатады:сатушы мен сатып алушы тауарға байланысты өзара карым-катынасы туралы арнайы кездесу өткізеді;карым катынас содан кейін тұракты калыптасуы мүмкін;кездесу нәтижесі өз әсерін беріп тауар сатылуы мүмкін.

Ол коммуникация түрлерінің ең тиімдісі, бірақ ұйымдастыру шығындары жоғары. Бұның басты артықшылығы, сауда қызметкері әрбір сатып алушы мен жеке жұмыс істейді. Клиент тауар бағасы, берілетін кепілдемесі, қызмет көрсету ж\е жеткізу шарттары туралы мәлімет алады. Сон\н, жеке сату тұтынушы талаптарына бейім\н маркетинг\к коммун\ң ең икемді түрі,сондыктан бұл әдіс өндірісте және сауда да тәуекелділігі аскан кымбат тауарларды сатканда тиімді колданылады.арнайы сату күрделі болады және оңай емес сондыктан оны колдану үшін арнайы сауда агенттері мен арнайы сату жоспары жасалады.Жеке сатудың ең маңызды кезеңі-ол тауарды ресми таныстыру болып табылады.

48.Қоғаммен байланыс(PR) түсінігі,даму тарихы,түрлері мен әдістері ол, ұйым мен қоғам арасындағы өзара бай\с, оң қарым қатынас құру сонымен қатар ол, фирманың жағымды бейнесін құру мақсатында жасалатын байланыс жүйесі. Қоғаммен байланыстары фирманың табысты әрекеті тәуелді болатын ізгі карым катынастарды орнатуға бағытталады және фирманың беделін камтамасыз ету максатымен жүргізілетін кез келген коммуникациялык іс әрекеттерін камтамасыздандырады.

Түрлері: паблисити (үгіт насихат жүр\у), демеу\к, фирмалық стиль. Демеушілік- бұл маркетингтік коммуникациялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін мәдениет, білім бері, спорт саласында жұмыс істейтін тұлғаларға немесе ұйымдарға, қаржылай көмек көрсету.

Фирмалық стиль – ол тек фирма мен оның тауарларына ғана тән бейне.

PR әдістері: БАҚпен байланыс. Баспасөздерде мақалалар жариялау, радиоға теледидарға материал беру; баспасөз конференцияларын ұйымдастыру. ресми мәлімдеу мен компания пікірлерін елге жариялау мақсатымен БАҚ өкілдерін шақыру; Баспа өнімдері. фирмалық бланктер, визиткалар. Кино және фотоқұралдар. деректі фильмдер, клиптер, фотосуреттер. сөз сөйлеу. Жарнама тауарда таныстыру рәсімін өткізу. Демеушілік. Фирмалық стиль

49.Өткізуді ынталандырудың мәні мен құралдарының түрлері. Туарлар мен қызметтердің сатуды ынталандыратын шаралардың жиынтығы. Өткізуді ынталандыру әдітеріне мыналар жатады: 1) өзінің сауда қызметкерлерін ынталандыру. 2) делдалдард ынталандыру. 3) тұтынушыларды ынталандыру.Тауарды сатуда өтімді ынталандыру үшін кыска мерзімде түрткі шаралар пайдаланады.Өтімді ынталандыру шаралары келесі жағдайларда колданылады:1.рынокта ұксас тұтыну касиеттерімен бәсекелес тауарлар сатылған кезде;2.рынокка жана тауарды ұсынғанда немесе фирма жаңа рынокка шыккан кезде;3.туар кулдырау өмір кезеңіне келген кезде.Өтімді ынталандырудың мынандай ерекшеліктері орын алу керек:

-тауарға деген тартымдылыкты күшейту

-сатып алуға шакыруларды көбейту

-сатып алуға шакырулар әдісі колданылады

-сатып алуға тұтынушыларды талаптандыру-ол үшін тұтынушыларға жеңілдіктер,баға төмендету т.б.әдістер колданылады.

Өтімді ынталандырудың 3жолы бар:

-сауда саласында(делдалдарды) ынталандыру.Бұл жол жанама өткізу арналарын пайдаланады.Делдалдарды ынталандыру үшін мына әдістер колданылады:бағада жеңілдіктер,сауда жарыстаын жүргізут.б.

-өткізумен айналысатын фирма жұмысшыларын ынталандыру. Жұмыс сапасын жаксарту максатымен уәждеме колданылады.

-тікелей тұтынушыларды ынталандыру.мұнда тұтынушыларға баға жеңілдіктері,купондар,кепілдеме беріледі.

50.Маркетингтік жоспар және оның түрлері. Маркетинг\к жоспар, ол табысқа жеткен көптеген компаниялар пайдаланатын әдіс. Жоспарлаудың ұтымды жактары:келешекке арналған жоспарлау фирма басшыларын іс келешегін алыстан ойластыруға,оны күні бұрын бәлуіне итермелейді;алдағы бакылауға алынған іс әрекет көрсеткіштерін аныктауға;фирма әрекеттерін ұтымды үйлестіру;фирманың күтпеген кездейсок өзгерістреге күгі бұрын дайын болуына мүмкіндік береді сонымен катар фирма өзінің міндетін және саяси максатын анык белгілей алады.

Маркетинтік жоспар, стратегия жасауға, ресур\ы ұтымды пайд\а, комп\ң келешегі үшін қажет болжау ақпар\н алуға мүм\к береді. Маркетинг жоспары мынадай белгілеу бойынша беріледі.1) қамту ауқымы. 2) іс –әрекет ету мерзімі. 3) мәнділігі. 4)әзірлеу әдісі.

Маркетингтік жоспар\н келесі түрлерге бөлуге болады:: мерзім ұзақтығы бойынша (қысқа 1жыл, орта 2-5жыл,ұзақ 5жыл); ауқымы б\ша (әр негізгі өнімге арнайы марктинг жоспары, барлық өнімдерді қамтитын жалпы маркетинг жоспары, арнайы маркетинг тауарына бөлінген шаруашылық жоспары);; зерттеу әдістері б\ша (төменгі өндіріс буынынан жоғары буынға қарай, н\е жоғарыдан төменге қарай жасалған маркернгтік зерттеу).

51.стратегиялык жоспарлау процесі. Стратегиялық жоспарлау проце сі– ұйым максаттарын,мүмкіндіктерін,ресурстарын және жаңа нарыктык мүмкіндіктерді сәйкесінше үйлестіру және оларды біркалыпты ұстап тұруды баскару болып табылады. оның максаты-компанияның табысты дамуына бағытталған өнімді және бизнесті құру мен реформалау. Стратегиялық жоспарлаудың үлгілері: 1. Ансофф ұсынған тауар нарық матрицасы. Бұл матрица төрт балама стратегиядан тұрады: нарыққа ену- тауарларды жылжытуды қарқындату және бәсекеге қабілетті бағалар қою арқылы бар тауаоларды нарықта өткізуді ұлғайту мақсатында қолданылады; нарықты дамыту- бар тауарлардың жаңа нарықтарда өтуін ұлғайту немесе тұтынушыларды бұрынғы өнімді жаңаша қолдануға шақыру, яғни нарықты кеңейту; тауарды әзірлеу- жаңа не жетіліп, жаңартылған тауарларды әзірлеп, қазіргі нарыққа сату арқылы өткізу көлемін ұлғайту; диверсификация- фирманың жаңа тауарларымен жаңа нарықтарға шығуы. 2.SWOT талдау: фирманың күшті жақтарын, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтайды.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 3592 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...