Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар



Бағаға ісер ететін негізгі факторлар:

Өндіріс шығындары, тұтынушылар, тауар козғалысына катынасушылар, бәсекелестер және мемлекет, тұрғындардың сатып алу қабілеттілігі, тасымалдау көлемі. Фирма баға стратегиясын таңдау үшін оған кандай фактор әсер ететінің біле отырып,оларды талдау керек.

Өндірістікк шығындар көбінесе мемлекеттің экономикалық жағдайына және орта салалық өзіндік құнды белгілейтін өндірістің қоғамдық шығындарына байланысты.

Тұтынушы - баға және сату көлемініің өзара тәуелділігін екі себеппен түсіндіруге болады: бағаны кабылдау және тауарды сатып алу бағытына карай тұтынушыларды 4 топка бөлеміз: үнемдеп сатып алушы, дербестелінген сатып алушы, этикалык сатып алушы, көңілсіз сатып алушы.

Тауар қозғалысына катынасушылар-бағаны белгілеуде маңызды роль аткарады.

Бәсекелестер: бағалық бәсекелестер –тауардың бағасын өзгерту арқылы бәсекелестік күрес жүргізу; бағасыз бәсеке – тауар сапасын, оның ерекше қасиеттерін, қауіпсіздігін, сервисін, әсемділігі мен дизайнын және т.б сипаттамаларын жақсарту арқылы жүргізілетін бәсекелестік күрес.

Мемлекет. Кәсіпорынның бағаны белгілеудің еркіндігін мемлекет шектейді.

Тұрғындардың сатып алу қабілеті – олардың ақшалай табысына байланысты.

Тасымалдау көлемі. Тасымалдау көлемі неғұрлым жоғары болса, тауардың әрбір данасына кететін шығындар соғұрлым аз болады да, бағаны төмендетуге мүмкіндік береді.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 3381 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...