Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәстүрлі емес тауарларға



Ұйымдар,сонымен катар адам күші және орындар,идеялар жатады.


26. Тауардың өмірлік циклі және оның түрлері. Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі, немесе тауардың өмір циклі деп аталады. Тауардың өміршендік кезеңі дегеніміз тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады.. Тауардың өміршендік кезеңі:

· Рынокқа енгізу

· Өсу

· Кемеліне жету

· Құлдырау

Рынокқа енгізу фазасында-жаңа тауарға рынок қалыптасады. Сату көлемі, маркетинг шығындары шамалы болады. Бұл фазада пайда алынбайды, керісінше шығын болуы мүмкін. Өсу фазасында тауардың болашағына әсер етеді. Тауарды өткізуден түскен пайда барынша максималды деңгейіне жетеді. Мұндағы фирманың негізгі мақсаты сату көлемінің өсуін неғұрлым ұзақ уақытқа созу керек.Кемеліне жету фазасы жаңа тауар дәстүрлі тауарға айналады, сату көлемі шектеледі. Пайда көлемі төмендей бастайды. Алайда тұтынушылардың көпшілігі тауарды әлі де сатып алады. Құлдырау фазасында сату көлемі төмендей түседі. Бұл фазада тауардың қасиеттерін зерттеп, оны жаңарту мүмкіндіктерін немесе оны өндірістен шығаруды қарастыру қажет. Бір фазадан бесқасына ауысқан кезде күрт өзгерістер әдетте байқалмайды. Сондықтан маркетинг бағдарламасына дер кезінде ұтымды өзгерістер енгізу үшін сату көлемінің өзгерісіне зер сала қадағалау қажет. Тауардың өміршеңдік кезеңінің түрлері: Дәстүрлі ирегі: рынокқа тауарды енгізу, өсу, кемеліне жету және құлдырау фазалары нақты мезгілдерімен қамтылған. Классикалық ирегі:тауардың тұрақты өтімі аса тез көтеріліп және тез төмендеуімен сипатталған. Ұзаққа созылған елігу ирегі: бұл да жоғарыдағыдай тек өнімнің өтімі төмендеп барып бір деңгейде сақталады. Мерзімді немесе сән ирегі: тауар жақсы өтімін тауып, маусым мерзіміне қарай осы ирек сипатын алады. Жаңару немесе зарығу ирегі: белгілі бір уақыт өткеннен кейін, тауарға қайтадан сұраныс пайда болғанын сипаттайды. Сәтсіздікке ұшырау ирегі: рынокта мүлдем табыс бермейтін тауарды сипаттайды және ол тек екі фазамен қамтылады: рынокқа енгізу мен құлдырау фазалары.

27. Тауарлық саясат - тауар ассортименті, тауар номенклатурасы, сапасы, бәсекеге қабілеттілік деңгейі, өмірлік циклі, орамы және сервистік қызмет көрсету бойынша шешім қабылдауды қажет ететін фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы. Тауарлық саясатты өңдеу (қалыптастыру) болашақтағы өндіріс, өткізу және экспорттау мақсаттары туралы, фирманың өндірісті өткізушілік қызметінің стратегиясы туралы, рынокті жақсы білу және оның талаптары туралы, қазіргі уақытта және болашақтағы өз мүмкіндіктері және ресурстары (зерттеушілік, өндірушілік, өткізушілік және т.б.) туралы айқын мағлұмат талап етеді Тауарлық саясат тауар өндірушінің іс-әрекеттерінің нақты бағытын немесе рыноктағы мінез-құлық ұстанымдарының жиынтығын бетке ұстайды, бұлар оған бәсекелестік басымдылық әпереді. Анық-айқын тауарлық саясат тауарлық ассортиментті жаңарту үрдісін оңтайландырып қоюмен қатар іс-әрекеттердің жалпы бағытталуының сілтемесі де бола алады. Тауар саясатының бағыттары: 1) өнім түрлері(автомобиль, тоңазтқыш)2)өнім сапасы(өнім негізі, өнімнің функциясы)3)сыртқы түрі(өлшемі, формасы, дизайны, қорабы, түсі)4) өнімді таңбалау(тауардың сұрыпталым саясаты, тауар белгісі, сызықшалы код)5) жаңа тауар (тауарды жетілдіру, инновациялық тауар)6)ТӨЦ(өнімнің өмірлік циклінің кезеңдері)7) тауар имиджі(брендинг, жарнама)8)тауардың бәсекеге қабілеттілігі(параметрлері: техникалық, норматив тік, экономикалық, маркетингтік)9) сервис(сатуға дейінгі және кейінгі сервис)

28. делдалдар ж\е түрлері -делдалдар- компанияны тұтынушылармен байланыстыратын буын. Нарықтық жүйе қатынастарында көтерме кәсіпорындары тәуелсіз және тәуелді ұйымдар болып бөлінеді. Тәуелсіз ұйымдар тауарларды өз иелігіне сатып алып, кейін оларды тұтынушыларға сатып, өткізетін жеке дара делдалдық ұйымдар. Тәуелсіз ұйымдар- бұл тауарға меншік құқығы жоқ, бірақ орындаған қызметтері үшін сыйақы алаиын делдалдар.оларға: көтерме саудагерлер(коммивояжерлар)- ұзақ сақталмайтын, тез бұзылатын тауарларды сату және оларды тұтынушыға жылдам жеткізумен айналысады. Көтерме брокерлер. Олардың негізгі қызметі сатушы мен сатып алушыны кездестіру. Брокерді жалдаған адам оған жалақы төлейді. Олардың тауарға құқығы жоқ, тауар қорын жинамаайды, ешбір тәуекелді міндеттемелерді алмайды. Көмір, машина жасау, ағаш өңдеу сияқты ірі көлемді өнеркәсіп салаларында жұмыс істейді. Агенттер- ол сатушының немесе сатып алушының мүддесін қолдайды, жұмыстары брокерге қарағанда тұрақты болады. брокерден айырмашылығы өндірушіден де тұтынушыдан да пайыз алып отырады. Көтерме саудагерлер (консигнанттар)- олар азық-түлік емес, кітап, журнал, кеңсе тауарлары сияқты тауарлармен қамтамасыз етеді. Сауда маклерлері - өндіріс құралдарының көтерме нарығында және жылжымайтын мүлік нарығында жиі әрекет жасайды. Сауда джобберлері- бөлшектік сауда мен көтерме саудада сөрелерді тауарлармен қамтамасыз етеді. Олар өз жұмысы үшін делдалдық сыйақы алады. Сөрелері джобберлер тауарларжды іріктеу, көрсету, жеткізу, сақтау, бақылау жауапкершілігін мойнына алады.

29. Тауарлық ассортимент –кәсіпорын өндіретін белгілі тауарлардың барлык түрі жиынтығы. Оған әртүрлі тауарлар кіреді. Тауар түрі функционалды айырмашылыктарына,сапасына,бағасына карай ассортиментік топтарға бөлінеді. Өндіруші –кәсіпорын рынокка ұсынған белгілі тауардың түрлі жиынтығы-ассортимент деп аталады. Тауар ассортименті мына көрсеткіштермен сипатталады:ассортимент ені,тереңдігі және салыстырмалығы. Ассортимент кұрудың алдында фирма ассортимент қағидасын өңдейді, ол оңтайлы ассортиментік құрылымы мен тұтынушылардың талабын ескеріп,шикізат,каржы,техника корлары тиімді колдануға бағытталады. Ассортименттік қағиданың максаты фирманы накты тұтынушылар сұраныстарының түрлері мен курылымына сәйкес тауарды өндіруге бағыттау болады. Ассортиментті жоспарлау жұмысы кажеттіліктерді аныктаудан немесе рынокты зерттеу нәтижесінде өнім туралы негізгі ұғым калыптасканнан кейін басталады.

30. Жаңа тауарды жасау кезеңдері – Жаңа тауар деп, ол қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттерімен ерекшеленіп рынокқа ұсынылған тауар. Жаңа тауарды жоспарлау ісі келесі кезеңдерден тұрады:а) идея жинау сатысы, жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады. Ол идеяларды фирманың қызметкерлерінен, үкімет органдарынан, бәсекелес\ң тауар\ы салыстыру арқылы жинауға болады. б) өнім бағалау сатысында іріктеу арқылы жарамсыз идеяларды талдаудан тыс шығарады. Ол үшін «іріктеу тізімі» қолданылады. в) тұжырымдаманы тексеру сатысында тұтынушыға өндірілетін тауар ұсынылады, сол арқылы оның затқа деген ниеті мен алуға деген ынтысы жоғарылайды. г ) экономикалық талдау сат\а сұраны болжалданылады, шығын мен пайда есептелінеді. д) өнімді шығару сатысында идеяны нақты іс қимылға айналдыру деген ұғым е) байқау маркетингісі сатысы дегеніміз өнімді бір, н\е бірнеше таңдаған аймаққа өткізіп көру ж) коммерцияға енгізу сатысы тауар өміршеңдік кезеңінің енгізу фазасына сәйкс келеді.

Жаңа тауардың маңызыдылығын мына факторлар аркылы бейнелеуге болады:-пайданы өсруге көмектеседі;-калыптаскан тауар және ассортимент топтарына карағанда ерекше касиеттері бар;-өндіріс калдыктарын пайдалануға мүмкіндік жасауы мүмкін;-тұтынушылардың демографиялык өзгеріс сипаттамаларына өндірісті сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 1952 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...