Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Баға белгілеудің негізгі әдістері



Баға – құнның ақшалай көрінісі. Баға шығындарды талап етпейтін, пайда алып келетін маркетинг кешенінің ең икемді құрамдас бөлігі. Баға белгілеу әдістері:

1. Құндылыққа негізделген баға белгілеу әдісі (бренд)

2. Шығынға негізделген баға белгілеу әдісі. Фирманың шығындары екі түрлі – тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты шығындар дегеніміз – олар өндірген өнімнің көлемі өзгерсе де өзгермейтін шығындар, демек олар өндіріске, оның көлемііне тәуелсіз болады. Ал айнымалы шығындар – өндіріс деңгейіне тікелей байланысты.

3. Жеңілдіктерді қолданып баға белгілеу. Жеңілдіктердің үш түрі бар: 1) атқарымдық жеңілдіктер дегеніміз – ол сауда саласындағы әрекеттенушілерге көрсетілетін жеңілдіктер. Белгілі тауарды тарту арнасының құрамына кіретін қызметтерге бірдей жеңілділік ұсынады. 2) мерзімді жеңілдіктер – тауардың сатылатын мерзімінен тыс уақытта сатып алынған заттың бағасын төмендету болады. Мерзімді жеңілдіктер сатушыға өндіріс деңгейін жыл бойын тұрақты ұстауға көмектеседі, ал тұрақты шығындарды азайтуға, демек пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. 3) сынақ. сынақ ретінде прейскуранттік бағадан тыс жеңілдіктер қолданылады. Мысалы, ескі тауардың сатылуы жақсы болған кезде жаңа тауардың бағасы төмендетіледі.

4. Пайда алуға негізделген баға белгілеу фирманы шығынға ұшыратпайтындай және белгілі бір пайда мөлшерін алатындай баға анықталады.

5. Сұранысқа негізделген баға белгілеу:

6. Бәсекелеске қарап баға белгілеу:

· Нарыққа ену стратегиясы

· Нарықтық лидерге қарап баға белгілеу

· Бәсекелеске қарағанда жоғары баға белгілеу.

7. Географиялық баға белгілеу:

· ФОБ(кеме), ФОР(рельс), СИФ(құн, сақтандыру) бағалары

· Зоналық бағалар





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 5403 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...