Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері



Маркетингтің көп түрлігі тұтынушылардың сұранысына байланысты. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері:

Ø Конверсиялық маркетинг- барлық немесе бірнеше рыноктың сегменттері тауарды қабылдамайды. Бұл жағымсыз сұраныс болып табылады. Конверсиялы маркетингтің мақсаты мен міндеті болып тауарды жақсарту, бағаны төмендету, өткізу арналарын жақсарту, қоғамның пікірін өз мүддесіне сай өзгерту болып табылады.

Ø Креативтік маркетинг басқаша дамушы маркетинг: жасырын сұранысты әйгілеуге бағытталған маркетинг. Бұл жасырын сұраныс болып табылады. Маркетингтің мақсаты мен міндеті болып рыноктың әлеуетті сыйымдылығын бағалау, жасырын сұранысты қанағаттандыратын тауарларды іздеп табу.

Ø Ремаркетинг- сұраныс төмендеген жағдайда қолданылады. Ремаркетингтің мақсаты мен міндеті: жаңа нысаналы рынокты табу, оған сәйкес тауардың қасиеттерін өзгерту, коммуникацияны тиімді жүргізу;

Ø Синхромаркетинг- сұраныс өндіріс күшінен біршама асатын болса, немесе бұл тауардың өндіріс көлемі рынок қажетінен көп болса қолданылатын маркетинг. Мақсаты. Сұранысты уақыт мерзімі бойынша реттеу, икемді баға қолдану;

Ø Демаркетинг- қанағаттандыра алмайтын сұранысты төмендетуге бағытталған маркетинг. Бұл артық сұраныс болып табылады. Бағаны көтеру, өтімді ынталандыру шаралары мен сервисті азайту, сұраныс көлемін төмендету демаркетингтің міндеті болып табылады.

Ø Ынталандырушы маркетинг- ынталы әдістер табу жолында әрекет жасайтын маркетинг. Мақсатыы болып бағаны төмендету, жарнаманы күшейту, тауардың ұтымды жақтарын көрсету, өтімді ынталандыру шараларын қолдану.

Ø Демеуші маркетинг- сұранысты бір деңгейде сақтауға арналған маркетинг. Сұраныс толық қанағаттанған. Демеуші маркетинг міндеті тауардың сапасына және қызмет көрсету қасиеттеріне көбірек назар аудару.

ИРРАЦИОНАЛДЫ сұраныс денсаулыққа өте зиян, қоғам көзқарасы тұрғысынан алғанда орынсыз, ұтымсыз өнімдерде болады. Мұндай жағдайда ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУШІ маркетинг қолданылады, міндеті бағаны күрт жоғарылату, зиянды өнімдерді тұтынуды шектеу.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 4734 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...