Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Ооларды кейде тіл арты дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы.
2.2. Жіңішке дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл алды дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ә, е, ө, ү, і.
2.3. Ашық дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар деп атаймыз.
Ашық дауыстылар мыналар: а, ә, о, ө.
2.4. Қысаң дауыстылар
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар деп атаймыз.
Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і.
2.5. Еріндік дауыстылар
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү.
2.6. Езулік дауыстылар
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар мыналар: а, ә, е, ы, і.
Кесте 1.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі | ||
Тілдің қатысына қарай | жуан | а, о, ұ, ы |
жіңішке | ә, е, ө, ү, і | |
Жақтың қатысына қарай | ашық | а, ә, о, ө |
қысаң | ұ, ү, ы, і | |
Еріннің қатысына қарай | еріндік | о, ө, ұ, ү |
езулік | а, ә, е, ы, і |
Дауыстыларды талдаудың үлгісі:
а - езулік, ашық, жуан дауысты;
ә - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
е - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ы - езулік, қысаң, жуан дауысты;
і - езулік, қысаң, жіңішке дауысты;
о - еріндік, ашық, жуан дауысты;
ө - еріндік, ашық, жіңішке дауысты;
ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;
ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.
Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 926 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!