Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлім. Тәуелсіз Қазақстан



Тақырып 5.1.: Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу.

1991 жылдың 19 тамызында Мәскеуде мемлекеттік төңкеріске ұмтылыс жасалды. ГКЧП саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың әрекетін, бірқатар басылымдардың шығарылуын тоқтатты. ГКЧП қарсылығын Ресей Президенті Б.Ельцин басқарды.

Республика Президенті, Н.Ә. Назарбаев Қазақстан территориясында төтенше жағдай енгізілмейді, өйткені бұл 1990 жылдың 20 қазанындағы Тәуелсіздік декларациясына қайшы келеді.

Бүлік талпынысы іске аспады, өйткені дүниежүзілік жұртшылық ГКЧП қарсы шықты.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылуы туралы», кейіннен «Кеңес қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ КСР үкіметінің қарауына көшу туралы», «Қазақ КСР алтын қоры мен Алмас қорын құру туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономикалық әрекетінің дербестігін қамтамасыз ету туралы», «» Жарлық шығарды. Сонымен қатар, республика Президентінің Жарлығымен Семей сынақ ядролық полигоны жабылды (1991 жылдың 29 тамызы).

1991 жылдың 8 желтоқсанында Минскте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құру туралы келісімге қол қойылды.

1991 жылдың 21 желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.

1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Президенті болып сайланды.

1991 жылдың 10 желтоқсанында ҚазКСР атауын Қазақстан Республикасы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданды. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толққанды мүшесіне айналды.

1992 жылдың қаңтар айының ортасында Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30 астам мемлекеті қабылдады. Олардың ішінде АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан, Швейцария, Канада.

1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен Туы бекітілді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны бекітілді.

1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі еліміздің Негізгі Заңын – тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдады.

1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда үш саяси партия тіркелді - Социали­стік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы және «Қазақстанның халықтық конгресі» партиясы (көшбасшысы- Н.Ә.Назарбаев)

1992 жылдың қыркүйегінде әлемнің отыз елінен жиналған қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы өтті. 1992 жылдың желтоқсан айының ортасында өткізілген Қазақстан халықтарының Форумы қоғамды шоғырландыруда және халықтас достығын нығайтуда үлкен роль атқарды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаудың алғышарттары.

2. Қазақ халқының этникалық және мәдени жаңаруы.

Тақырып 5.2.: Нарықтық экономика жолындағы Қазақстан.

Әр жерде тұтынушылық тауарлар мен қызметтер өндірісі қысқарды. Бірқатар кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Тұтыну бағалары өсті.

1992 жылдың 6 қаңтарынан бастап республика территориясында бағаларды ырықтандыру туралы Жарлық қабылданды.

Азық-түлік құнының күрт көтерілуі халыққа ауыр тиді. Жалақыны арттуы талабымен мұғалімдер, зейнеткерлер мен дәрігерлер ереуілге шықты.

1993 жылдың 15 қарашасынан ұлттық валюта – теңге енгізілді.

Теңгіз мұнай массивін шетелдік фирмалармен бірлесіп өндіру басталды, жаңа кенорындарды игеру үшін «Бри­тиш петролеум», «Бритиш Газ», «Эльф-Акитен», «Аджип» және т.б. компаниялар тартылды.

Нарықтық қатынастар дамыды: экономиканы мемлекетсіздендіру, жекешелендіру, кәсіпкерліктің дамуы, демонополизация, еркін баға түзілу, қатаң ақша-несие және қаржы саясаты, инфляция қарқынын реттеу. 1995 жылы тұрақтандыру белгілері пайда болды: инфляцияның бәсеңдеуі мен экономиканың қаржылық жағдайының жақсаруы. 1995 жылдың ішінде жұмыспен қамту қызметтері ресми түрде 153 мың жұмыссызды тіркеді, бұл 1994 жылмен салыстырғанда, 1,9 есе артық. Алайда жұмыссыздықтың үлкен көлемін 643 мың адам құрады. Өндірістің толық тоқтауының салдарынан мәжбүрлі демалысқа кеткендер 192 мың адамды құрады, өндірістің ішінара тоқтауынан толымсыз еңбек уақытының режимінде 451 мың адам жұмыс істеді.

Инвестициялар мен өндірістің құлдырауы экономиканың дағдарысын және реформалардың тиімсіздігін дәлелдеді. Сонымен қатар машина жасау мен өңдеуші салалардағы дағдарыс экстенсивті экономиканың белгісі болып табылады. Шетел инвестицияларының өсуіне үміт әлсіз болды, өйткені негізінен шикізат салаларын инвестициялау тенденциясы байқалды.

Бақылау сұрақтары:

  1. 90-шы жылдардағы экономикалық реформалар: кезеңдері, мәселелері, қорытындылары.

2. Егемен Қазақстанның қазіргі экономикалық ақиқаттарына сипаттама беріңіз.

Тақырып 5.3.: Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымының қалыптасуы.

1995 жылдың 30 тамызында ҚР жаңа Конституциясы қабылданды, өйткені 1993 жылғы Конституция толық емес және қарама-қайшы болды. Жаңа Конституцияда идеологиялық және саяси көптүрлілік декларацияланды. Жерге жеке меншік енгізілді. Мемлекеттік және жеке меншік қабылданады және тең дәрежеде қорғалады.

1996 жылдың 30 қаңтарында Алматыда қайта сайланған қос палаталы ҚР Парламенті өз жұмысын бастады. 1997 ж. Президент «Қазақстан-2030» Даму стратегиясын құрды.

1997 ж. сәуірінде Талдықорған (Алматы облысының құрамына енгізілді) және Торғай (Ақмола және Қостанай облыстарының құрамына енгізілді) облыстары қысқартылды. 1997 ж. мамырында Жезқазған (Қарағанды облысының құрамына бірікті) және Көкшетау (Солтүстік Қазақстан облысына енді) облыстары қысқартылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 14 облыс бар.

1998 ж. шілдесінде Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қ. тұсаукесері өтті.

1998 жылы, одан соң 2005 жылдың 4 желтоқсанында ҚР Президентінің сайлауы өтті. Жетіжылдық мерзімге Н.Ә.Назарбаев сайланды.

1999 ж. сәуірінде Қазақстанда республиканың рухани өмірін байытқан оқиға болып өтті – әмбебап ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 100-жылдығы атап өтілді.

2000 ж. «Алтын адам» қорымен құрылған және Е,Қанапьянов басқарған, Ұлттық қоғамдық кеңестің шешімімен «Жыл адамы» атағына Ә. Бөкейханова, А. Байтұрсынов, Дина Нүрпеисова, М. Әуезов, Қ. Сәтпаев, Б. Момышұлы, Д. Қонаев, Н. Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Т. Әбәкіров ие болды.

2001 ж. 7 желтоқсанында Aқтay қ. Қазақстан жастарының 1-ші Конгресі өтті.

Бақылау сұрақтары:

  1. ҚР үкіметінің бағыты және құқықтық демократиялық мемлекетті құру.

2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы.

Тақырып 5.4.: Дүниежүзілік қаумдастықтағы Қазақстан.

1994 жылдың басында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру идеясын ұсынды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту, посткеңестік кеңістікте нәтижелі әлеуметтік-экономикалық жаңартуды қамтамасыз ету деп жарияланды.

Қазақстан сыртқы саяси және өзара қарым-қатынастағы басымдықты бұрынғыша Ресейге берді.

Әсіресе Қазақстанның ортаазиялық аймақ бойынша жақын көршілерімен – Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, ал экономикалық блок шектерінде – Түркмениямен және Тәжікстанмен байланыстары қарқынды дамыды.

Экономикалық тұрғыда Қытай, Үндістан, Вьетнам, АСЕАН құрамына енетін елдер алға шыққан, азиялық бағыттағы қазақстандық дипломатия айтарлықтай жетістіктерге жетті. Азия-тынық мұзиты үрдісіне Қазақстанның шоғырлануында республиканың Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының әрекетіне қатысуы үлкен роль атқарды. 1995 жылы Индонезияның, Пәкістанның, Түркияның басшыларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Әсіресе Қазақстанның Түркиямен байланыстары кеңінен дамыды. Осылайша, мысалы, Қазақстанның территориясында жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда қысқа мерзімде «Анкара» қонай үйі салынды.

Қазақстан еуропалық мемлекеттермен байланыстар сәтті дамытты. Республика Президентінің Германия үкіметінің басшысы Гельмут Кольмен, Франция президенті Жак Ширакпен келіссөздері еуропалық бағыттағы Қазақстанның сыртқы саяси бағытын қарқындатуға айтарлықтай үлесін қосты.

Республика экономикасына айтарлықтай инвестициялар құйылған, АҚШ ынтымақтастық Қазақстан Республикасы үшін үлкен маңызға ие болды. Сонымен қатар АҚШ мәдениет пен білім беруді дамыту саласына үлкен қолдау көрсетті. «Болашақ» бағдарламасының аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері АҚШ, Францияның, Греманияның оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды.

1996 жылы Қазақстан БҰҰ, ЮНЕСКО, ОБСЕ сияқты, көптеген беделді халықаралық ұйымдармен байланысын нығайтты. Алматыда ЮНЕСКО Орталық Азиядағы жалғыз өкілеттігі ашылды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанның геосаяси дамуы, Еуразиялық одақтың келешегі.

2. Қазіргі кезеңдегі ҚР сыртқы саясаты.

3. Қазақстанның ТМД ролі.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 811 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...