Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халық өмірінің деңгейі: қырлары



Халықтың әл-ауқатын арттыру міндеті экономикалық саясатта басты болып жарияланды. Жан басына шаққандағы шынайы кірістер артты, медицинаның, ғылым мен мәдениеттің қызметі, көптеген отбасылардың тұрғын үй жағдайы жақсарды. Дамыған капиталистік елдермен салыстырғанда бірқатар көрсеткіштер бойынша айтарлықтай артта қалу байқалды – жалақы, тұрмысты автоматтандыру, тұрғын үй, азық-түлік, денсаулық сақтау. Әлеуметтік саланы дамытуда бөлудің қалдықты қағидасы сақталды. Ақша саны мен сапалы тауарлар санының арасындағы айырма жаппай дефицитке алып келді.

Бақылау сұрақтары:

1. 60-80-шы жылдары ауыл шаруашылығының дамуы.

2. 70-ші жылдар - 80-ші жылдардың басындағы Қазақстан экономикасының экстенсивті сипаты.

3. Онжылдықтардың салыстырмалы талдауы.

4. 50-80-ші жылдардағы Қазақстанның сыртқы және ішкі саяси бағыты.

Тақырып 4.7.: КСРО дағдарысы мен ыдырауы кезеңіндегі Қазақстан

80-ші жылдардың басына қарай КСРО қоғамның саяси ұйымдастырылуы, экономикалық қатынастар жүйесі елді күрделі дағдарысқа алып келді. Дағдарыс алды жағдай басшылықтың кезі жеткен өзгерістерді жүзеге асыра алмауынан ғана емес, олардың қажеттілігін түсінбеуінен байқалды.

1985 жылдың наурызында, КСРО басшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Ғылыми-техникалық өрлеудің негізінде әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды.

Басшылық жеке шаралардың көмегімен, бүкіл мемлекеттік жүйені қайта қарай жолымен емес, идеялық-тәрбиелік жұмысты арттыру арқылы жағдайды түзетпекші болды. Сондықтан жеделдетудің сәтсіздіктері үшін кінәлі болып жеке басшылар (Мәскеуде В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев) жарияланды.

Ұлттық саясат бұрмаланды. 1954 жылдан 1986 жылға дейін республикада қазақ тілінде оқытатын 600 мектеп жабылды. Қазақ тілі қоғамдық функцияларынан айырылды және қатаң тұрмыстық тілге айналды.

1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Компартиясының ОК V Пленумы өтті, Д.А.Қонаевтың орнына Қазақстан КПОК бірінші хатшысы болып, бұрын республикада жұмыс істемеген, Г.В.Колбин тағайындалды.

1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматыда қазақ жастарының толқуы орын алды. Демонстрация бейбітшіл саяси сипатқа ие болды, мемлекеттік құрылысты құлатуға және өзге халықтарға қарсылық білдірмеді. Мәскеу күш қолданды, 1987 жылдың маусымында КПСС ОК желтоқсан оқиғаларын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Қайта құрудың үшінші кезеңі (1989-1991) саяси жүйенің өзгеруімен белгілі. Кеңес қоғамындағы КПСС жетекші ролін бекітетін, КСРО Конституциясының алтыншы бабы жойылды. Партиялық комитеттердің билігі әлсіреді.

Қазақстандағы алғашқы және көпшілікті қамтыған қозғалыстардың бірі О.Сүлейменовтың «Невада-Семей» қозғалысы болды. 1990 жылдың шілдесінде «Азат» азаматтық қозғалысы тіркелді, оның басты мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік егемендікке ие болуы. 1991 жылдың күзінде азаматтық қозғалыс өзінің саяси партиясын құрды. Осы кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-демократиялық партиясы ұйымдастырылды. Жастардың шағын тобы «Алаш» партиясын құрды. 1990 жылдың тамызында «Бірлік»ұлтаралық қозғалыс құрылды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушылары «Желтоқсан» партиясын ұйымдастырды.

1989 жылдың сәуірінде «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы құрылды.

1991 жыл 533 (11 % астам) кәсіпорындар мен ұйымдарда 600 млн. рубль шығынмен аяқталды. Өндіріс көлемі күрт азайған кезде кәсіпорындар мен халықтың кірістері күрт өсті. Шоқырақ инфляцияны, бағалардың өсуін тудырған, ақша эмиссиясы арта түсті.

Экономиканың бұрмаланған, шикізаттық бағыты сақталды. Халық наразылығы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қ. оқиғалардан көрініс тапты. Қалаға келген вахтовиктер қазақ халқының дәстүрлерін өрескел бұзды, бұл 1989 жылдың маусымында жаппай тәртіпсіздікке, қантөгіске алып келді.

Бақылау сұрақтары:

  1. КСРО мен Қазақстандағы қайта құрудың себептері мен басталуы.

2. Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының себептері мен салдары.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 696 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...