Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері



2. Пәнаралық ықпалдастықтың оңтайлы жолдары

Негізгі ұғымдар: әдіс, жүйелеу, топтастыру, ықпалдастық, ғылыми-педагогикалық зерттеу.

Дәріс (түйін)

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

«Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы және іс-әрекет».

Олай болса, оқыту әдістері – оқытудың мақсат- міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданатын жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Оқыту әдісін жүйелеу, топтастыру үнемі айтыс туғызып келе жатқан педагогикадағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оның өзіндік тарихы да бар.

20 шы ғасырдың 20-шы жылдарында белгілі педагог ғалымдар Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский, т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.

50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында кеңес дәуірінің дидактары Е.Я. Голант, С. Г. Шаповаленко, білім көзін негізге ала отырып, оқыту әдісінің жаңа классификациясын ұсынып, оларды үш топқа бөлді:

1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс;

2. Көрнекілік әдістер тобы демонстрация, иллюстрация, бақылау;

3. Практикалық немесе тәжірибелік әдістер тобы лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығулар.

Ғылыми педагогикалық әдістерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.

1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай

- Түсіндірмелі хабарлау әдісі;

- Репродуктив әдісі;

- Проблемалық

- Эвристикалық әдісі;

2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай:

- жаңа білім беру әдісі;

- біліктер мен дағдылар қалыптастыру әдісі;

- техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;

- өзіндік жұмыс әдісі;

- білімді тексеру әдісі;

- проблемалық, программаланған оқыту әдісі.

3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай:

- ой- танымдылық әрекеттерді ұйымдастыру;

- оқуға ынталандыру;

- оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.

4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай:

- ауызша баяндау әдісі;

- есеп шығару әдісі;

- өнер құралдарын пайдалану әдісі.

5. Мқғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай:

- жаңа білімді игеру әдісі;

- өзіндік білім әдісі;

- проблемалық әдіс;

- практикалық әдіс;

- көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.

Солардың ішінде ең көп тарағаны –білім берудің көздеріне сәйкес

- сөздік немесе ауызша баяндау;- көрнекілік әдістері;

- тәжірибелік әдістері;

Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалдарын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді.

Г. И. Шукина оқытудың төмендегідей әдістерін ұсынады: ақпараттық дамыту (мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, кітаппен жұмыс); эврикалық (іздену) оқыту әдістері (эвристикалық әңгіме, диспут, лабораториялық жұмыс, зерттеу әдісі); білімді, білік және дағдыны жетілдіру мен бекітудің оқыту әдістері;

И.П. Подласый әдістерді классификациялауды негіздеуді білім көзінен (практика, көрнекілік, сөз) қарастырады. Ол мәдени прогресс негізінен, кітапты және келесі он жылдықта бейне таспамен бірлескен жаңаша компьютер жүйе ненгізінен жаңа ақпараттық білім көзі ретінде ұсынады. Соның негізінде И.П.Подласый әдісті бес топқа бөлді:

а) практикалық: іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек;

б) көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың бақылауы;

в)сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция, дискуссия, диспут;

г) кітаппен жұмыс әдісі; оқу, жаттау, рефераттау, жалпы қарап шығу, цитаттау, мазмұндау жоспар құру, конспектілеу;

д) бейне таспа әдісі; көру оқыту, «электронды мұғалім» бақылаушы мен жаттығу. Оқушыларды қажеттілікті оқу күшін жұмылдырып, танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық –танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістерінің мазмұны спецификалық интеллектуальді құрал болып табылады.

Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша мән беріледі.

Алайда, оқыту әдісін қайта құру- күрлелі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекеше тәсілдерімен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалын мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді:

1.Оқыту әдістерін мақсат –міндеттіріне оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.

2.Қолда бар нақты көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру

3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру.

4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.

Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық- мақсатын жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ең алдымен оның мақсатын анықтауы тиіс.

«Мақсат, - барлық пәндер мен әдістердің арасында ішкі байланысты құрайды».

Алайда мақсат абстракты болмайды,ол білім беру мазмұнында өз көрінісін табады. Әрбір пәннің мазмұны едәуір оның оқып үйрену әдістерін де анықтайды. Бір тәсілмен математиканы оқыту керек болса, - деп атап көрсетті, екіншісі мен жаратылыстануды оқыту керек. Бірақ әрбір жеке сабақты өткізу әдісін таңдағанда мұғалімге белгілі бір тақырыпты үйрену үшін қандай әдістерді жақсы оқып үйренуге болатынын тереңнен ойластыруға тура келеді.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:көркем туынды, пән, пәнаралық байланыс, ыпалдастық. Әдебиетті оқу және талдай тану нәтижесінде келесі шешуші біліктіліктер жүзеге асуы тиіс:

- әдеби‑теориялық біліктілік ‑ әдебиеттегі тектер, түрлер, жанрлар, тақырып, идея, сюжет, композиция, көркем тіл, бейнелілік, образ, кейіпкер, көркемдік шындық, өлең құрылысы, шығармашылық, автор тілі сол сияқты негізгі мәселелерге байланысты теориялық түсініктердің қалыптасуы;

- әдеби‑тарихи біліктілік ‑ әдебиеттің даму заңдылықтары, ұлттық және әлемдік әдебиеттің тарихи кезеңдері, оларға тән негізгі сипаттар, шығармашылық тұлғалар мен басты туындылар, ағым‑бағыттар мен көркемдік әдіс‑тәсілдер жайында білім негіздерін игеруі;

- әдеби‑шығармашылық біліктілік – жастардың шығармашылық тұрғыдан ойлауы, ой‑пікірлерін әдеби көркем тілмен жүйелі жеткізуі.

Әдебиет пәнінен оқу үрдісін ұйымдастыру барысында төмендегідей мәселелерге назар аудару қажет:

- ұсынылған көркем мәтіннің мазмұнын түсініп игеру;

- тілдік қолданыстың мағыналық, эмоционалды‑экспрессивті, бейнелілік ерекшеліктерін тани білу;

- көркем бейне мен көркемдік шындықтың ерекшеліктерін, байланыстылығын ажырата білу. Осы негізде оқушының өмірлік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру;

- ұсынылған материалдар негізінде әдеби даму заңдылықтарын ашуға бағдар ұстану, соған орай қоғамдық‑әлеуметтік өмірдегі жаңа құбылыстардың мәнін түсіне білуге үйрету;

- ұлттық және әлемдік әдебиет үлгілерін салыстыра оқыту нәтижесінде ұлттық мәдениет пен тарихты, салт‑дәстүрлерді құрметтеу, оларға деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға бағдар ұстану;

- әдебиетті оқыту барысында пәнаралық байланысты, жаңа технологияларды мақсатты пайдалану.

Оқу орындарында әдебиетті оқытуда жоғарыда көзделген мәселелер жүзеге асып жатса құба‑құп. Пән оқытушыларының міндеті ‑ әдебиет пәні бойынша студент жастарға түсінікті, мән‑маңызы айқын білім беру. Жастар игерген білімді одан әрі дамыта, жетілдіре отырып, бүгінгі күн үдесінен шығатындай пайдалана алуы керек. Бұл ретте әдебиет пәнінің басқа пәндерге қарағанда жетекші орында тұратыны белгілі. Осыған байланысты бұл ұсынылып отырған еңбектің мақсаты да айқын. Яғни, әдебиет пәнін игертуге байланысты тиімді, орныққан әдіс‑тәсілдерді саралай отырып, оны әдеби жанрларын оқыту, көркем мәтін түрлерін талдау мен көркем туындының бейнелілігін таныту бойынша білім мазмұнын үйретуде қолдану. Бұл кітапты жазуда жоғары оқу орнында оқылған дәріс материалдары, әдебиет зерттеушілері мен әдіскер ғалым, ұстаздардың еңбегі басшылыққа алынды.





Дата публикования: 2014-11-19; Прочитано: 5584 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.12 с)...