![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Мақсаты: Оқулық, оның құрылысы, көрнекілік түрлері туралы мағлұмат.
1.Оқулық түрлеріне байланыстымағлұмат
2.Көрнекілік түрлері
Негізгі ұғымдар: оқулық, оқулық құрылымы, көрнекілік, көру, есту көрнекілігі, жинақтау.
Дәріс (түйіні)
Мұғалім әр сыныпқа арналған кітаптың құрылысын әбден біліп‑меңгеруге тиіс. Сонда әр тақырыпқа байланысты қандай қандай әдіс‑тәсіл, көрнекілік қолдау керектігін оңай таңдай алады. Оқулық мұғалімге де, оқушыға да арналған. Оқушы үшін ол ақпараттық, анықтамалық, жаңа білімді меңгеру құралы болса, оқытушы үшін ол ‑ әдістемелік жүйенің көзі. Оқулық авторлары жаңа материалды орналастыру мен үйренудің әр түрлі амал – тәсілдерін пайдаланады. Әрине, ең алдымен оқушының жас ерекшелігі ескеріледі. Оқулық әр сынып бағдарламасына сәйкес келуі керек. Оқулық негізінен сол сыныпта игертілетін білімнің жүйесін сақтай отырып, жасалады. Оқулықта алдымен қаламгер туралы мағлұмат, оның көркем шығармасы толық немесе үзінді түрінде беріліп, соңында сұрақтар мен тапсырмалар көрсетіледі. Егер мәтін көлемді болса, ол ықшамдалып, ұсынылады. Мәселен, тоғызыншы сыныпта М.Әуезовтің “Қараш‑қараш оқиғасы” повесі берілген (сегіз тарау). Оқушылар осы мәтін үзіндісін оқып, талдау үстінде шығарманың негізгі мазмұнын толық игереді. Ал, мәтін соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалар шығарманы нақты талдай білуге көмектеседі. Мысалы, мынадай сұрақтар бар:
- повестен қандай әсер алдыңдар, оқиғасы қызықтырды ма?
- шығарманың басталуына назар аударыңдар. Қандай көңіл‑күйді көрсетеді?
- Тектіғұлдың өліміне не себепші болды? Ол Бақтығұлға қалай әсер етті?
- Осыдан кейін Бақтығұл іс‑әрекетінде, ой‑қиялында қандай өзгерістер туды?
- Повестегі оқиғалар жігін тап та, әрбір оқиға, эпизодтың шығармадағы орнын анықта.
Бұл сауалдар негізінен повесть мазмұнын қамти отырып, оқушылардан жинақтаушы жауаптар талап етеді. Осындай сұрау‑тапсырмаларды орындау кезінде, оқушылардың өз бетімен ізденіс жасауы байқалады. Қаншама мәтінге сүйенеді дегенмен, көпретте оқушылардың мәселе байыбына баруы, қорытынды жасауы қажет етіледі. Оқушыларға бұндай тапсырма түрлерімен шектелмей, мұғалім өз тарапынан жеке, топтық тапсырма түрлерін дайындап келуіне болады. Осы секілді сұрақтарға әзірленген оқушы мұғалімнің оқулықтан тыс, өзге материалдарынан дайындап келген тапсырмаларын орындауға да бейімделеді. Оқулықтағы мұндай тапсырма түрлерін кеңейтіп, үйде орындап келуге тапсырмалар ұсынуға болады. Мәселен, Бақтығұл бейнесіне мінездеме жасатып, оның әрекеттеріне қазіргі кезең тұрғысынан талдау жасап келуді беруге болады. Бұл жастағы балалар шытырман оқиғалы шығармаларға әуес болады. Ендеше өздері оқып жатқан мәтіндегі бейнелермен салыстыртуға болады. Яғни, оқулық оқушының жаңа ақпарат алуымен бірге, ой‑өрісін кеңейтіп, шығармашылық ізденіс жұмыстарын жасауға да бағыт береді. Оқулықтағы иллюстративті материалдар (суреттер, сюжет бойынша берілген бейнелер), кейде сызба, кескіндер өтілуге тиісті материалды неғұрлым толық игеруге мүмкіндік береді. Олар мәтінмен тығыз байланысты болады да, мұғалімнің оларға да оқушы назарын аудартқаны жөн. Сол сияқты, көрсеткіштер, тақырыптар, бөлім аттары да оқушыларға оқулықтың ішкі құрылымын толық түсінуге көмектеседі.
Дата публикования: 2014-11-19; Прочитано: 2043 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!