Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Менисктердің зақымдалуы.Негізгі клиникалық симптомдары



Менисктердің зақымдалуы бұл тізе буындарының ең жиі кездесетін жақым түрлеріне жатады. 80-90%менискттердің іштей зақымдалуы,10-20%сырттай зақымдалуы кездеседі.Ішкі мениск қозғалыссыз.

Зақымдалу механизмі:олр тура және тура емес зақымдалулардан болады,көбінесе тура емес зақымдалулардан,кенеттен қозғалыс,аякка соққы,секірген кезде,аяқпен кулаған кезде.Ең көп ротационды механизм кездеседі және жаншылу механизмі.

Классификациясы: Локализациясы бойынша менисктің зақымдалу формасы:

· Паракопсулярлы аймақ

· Аваскулярлы аймақ

Диагностикасы: Науқастың шағымдарын тыңдай отыра клиникалық диагноз қою қиындай түседі,себебі зақымдалған аймақта гемартроз болады.Нақты диагнозды созылмалы периодқа ауысқан кезде қояды(1апта немесе 1ай аралығында)сол кезде зақымдалған аймақтың қозғалысы шектеледі,буын беткейлерінің сәйкес келмеуімен көрінеді.Ерте диагностика жасау үшін УДЗ немесе МРТ көмегімен анықталады.

Симптомдары:

· Блокада симптомы – сирақ және сан сүйектерінің ығысуы нәтижесінде менисктің сыртқа қарай таюы.Тағыда басқа симптомдары.

· Баспалдақ симптомы-Тізе буындарының кезеңді қайталамалы ауырсынуы, әсіресе жүк түскенде,жүргенде,секіргенде болады.

· Созылмалы синовит

· Шелчка симптомы сыртқы менискте кездеседі

· Байков симптомы 90градуска жазылу

· Штейман-Бухард симптомы сыртка қарай ротация кезінде ауырсынудың артуы және ішке 90градус бүгілу кезіндегі тізе буынының ауырсынуы

· «Калоши» Перельман симптомы

· Түрікше отыру симптомы аяқтарын айқастырып отырған кезде ауырсыну пайда болады

· Турнер симптомы


Кәрі жіліктің дистальды бөлігінің сынықтары. Жіктемесі. Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп жазыңыз. Негізгі диагностика әдістерін тізіп жазыңыз. Емінің негізгі принциптерін тізіп жазыңыз.

Кәрі жіліктің ең жиі кездесетін сынықтары –дистальды бөлігі болып табылады.Ол остеопорозбен науқастарда,қарт адамдарда кездеседі.

Классификациясы:

· А тип-буындық емес сынықтар

· В тип –буын ішілік толық емес сынықтар

· С тип –буын ішілік толық сынықтар

Бұрыштық ығысуы бойынша

· Экстензионды(Колиса)

· Флексионды(Смит)

Диагностика: Сырттай қараған кезде кәрі жілік сүйектерінің сыртқа ығысып вилка тәрізді штыкообразный деформацияланады.Коллиса сынығы кезінде дистальды сынықты пальпациялауға болады,алақанның проксимальды жағында білек сүйек дистальды бөләкпен кәрі жілікке қарай ығысады.Смит сынығында керісінше дистальды сынықты алақан бойында пальпациялауға болады.Пальпациялаған кезде қатты ауырсынады.Кәрі жіліктің сынығында қолдың қозғалуы шектеледі.

Рентгенограмма екі проекция бойынша жасалады.Бізге нақты мәліметті жанынан түсірген проекциясынан көре аламыз.Рентгенограмма арқылы кәрі жіліктің дистальды бөлігінің қай жерден сынғанын көлемін,сынық бөліктерін анық бейнесін көре аламыз.

Алғашқы көмек: алақан саусақтарынан кәрі жілікке дейін транспортты шина қою және қосымша жұмсақ тканьмен иммобилизация жасап повязка саламыз.

Емі:Консервативті емі кәрі жіліктің сынық бөлігінің ығусуынсыз,зақымдалуына байланысты гипс саламыз немесе алақаннан кәрі жілікке дейін болған жерді фиксациялаймыз.Иммобилизация 4 аптаға дейін,жұмысқа жарамдылық 5-6 аптадан кейін беріледі.Кәрі жіліктің сынық бөлігінің ығысуымен зақымдалған кезде жансыздандыру жасалып репозиция жасалынады.

Операциялық емі: Консервативті ем нәтиже бермеген жағдайда жасалынады. Кәрі жілік сүйектері қатты зақымдалған жағдайда,сқйектері орнынан тайғанда,сүйектерді қалпына келтіру үшін жасалынады.


Тізенің(голен)диафизарлы сынықтары. Жіктемесі. Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп жазыңыз. Негізгі диагностика әдісін тізіп жазыңыз. Негізгі емдеу әдістерін тізіп жазыңыз.

Асыкты жілік шыбығының жекелеген сынығы:

Жарақат механизмі:тура соққы

Диагностика: Бұндай сынықтар көбінесе клиникалық көріністері айқын көрінбейді және диагностикалау қиынға соктырады.Сынықтардың айқын ығысулары болмайды,балтыр деформацияланбайды.Сынық бөліктерін,қозғалғыштығын пальпациямен анықтау мүмкін емес.Балтырдың тіректік қызметі қатты зақымдалмайды:науқас аяғына салмақ түсіріп қозғала алады,бірақ сынық жерінде ауырсудың жоғарлауы жүреді.Пальпациялаған кезінде сынық орнында тұрақты симптомдарының бірі ауырсыну.Асықты жілік шыбығының сыныгынан жарақатының айырмашылығы:сынық балтырдың екі жақ қиғаш бағытын кысады.Сол жағдайда ауырсыну жарақаттанған сүйектің үстінде байқалады.

Радиологиялық диагностика. Екі жақ проекциясынан түсірілген рентгенограмма анық және нақты диагноз коюға көмектеседі.

Алғашкы көмек. Аяқтың 3/1бөлігінен табан саусақтарына дейін шина коямыз және иммобилизация жасаймыз.

Емі. Амбулаторлық жағдайда бақыланады.Қорытынды диагноз қойылғаннан соң балтырдың ортасына артқы гипсті лангет 3-4аптаға койылады.10күннен кейін повязкамен рұқсат етіледі,зақымдалған аяққа аз салмақ түсіріп трость көмегімен жүреді.Еңбекке жарамдылық 5-6аптада қалпына келтіріледі.

Асықты жіліктің жекеленген сынығы:

Жарақат механизмі. Көбінесе тура зақымдалулардан болады.Сирақ ішілік синдесмоздардың сақталғанына байланысты сынықтардың ығысуы алшақтамайды.Ығысулар бойлай және бұрышты болып келеді.Бұрыштар ішке,алдыға немесе артқа ашылады.Бойлай ығысу кезінде бұлшықеттік интерпозиция болады.

Диагностика. Сирақ сүйек теріге жақын жанасып орналасқандықтан диагностикалау аса қиындық соқтырмайды.Кейде балтыр қырының деформациясы және қисаюы көзге көрінерлік.Сирақ сүйегін пальпациялаған кезде сынған жерде ступенеобразды деформация байқалынады,сол жерде осьтік жүктеме түсіргенде ауырсынады.Сынықтардың қозғалысы айқын емес.Аяқтың тіректік қызметі бұзылған.

Радиологиялық диагностика. Екі жақтық проекциясымен түсірілген рентгенограмма сынықтарды айқын көрсетеді.

Алғашкы комек. Жалпы жансыздандырумен қатар аяққа транспортты шина салынады.Науқаста жатқан қалпында стационарға тасымалдайды.

Емі. Сирақ сүйектің ығысуыныз сынықтарда разрезді гипсті повязка салынады(баөай ұшының сан сүйегінің жартысына дейін 2айға).Ығысуымен сынған сираққа жергілікті анезтезия (20мл 2%новокоин ерітіндісі сынған жерге).Рентген бақылауында бір мезетті репозиция жасалынады,соған қоса гипсті повязкамен имобилизация жасалынады.Жалпы имобилизация мерзімі 3-4ай.Сынықтың ортаңғы,жоғаргы 3/1диафизарлы бөлігінің сынығынан,төменгі 3/1бөлігі ауырлау өтеді.

Асқынуы. Консолидация төмендейді.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1011 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...