Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Галеацци типті жарақаттар.Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп корсет



Кәріжіліктің типті жерден сынуы.Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп корсетіңіз.Диагностикалық әдістерін тізіп корсетіңіздер.Негізгі емдеу принциптерін тізіп корсетіңіздер

Кәрі жілікке тән жерден сыну-кәрі жілік-білезікбуынынан 2-3см проксимальды орналасқан сынықтар.Сынық бағытына қарай сынықтар көлденең,қисық және бөлшектеніп кездеседі.Сынық бастарының бұрыш жасап ығысуына қарай кәрі жілікке тән жерден сыну келесідей топталады.Жазылға Коллис сынығы және бүгілген Смит сынығы.

Коллис сынығы:дистальдық бөлік сыртқа және кәрі жілік жаққа қарай ығысады және біраз супинацияланады,пайда болған сүйек бұрышы сыртқа ашылады.Смит сынығы,олКоллис сынығына кері сынық:дистальдық бөлік алақанға қарай ығысады және пронацияланады,сүйек бұрышы алақанға ашылады.Науқасты тексеруде білектің дистальдық бөлігінде шанышқы немесе найза тәрізді деформация анықталады.Рентгенологиялық зерттеу.Диагноз қою ушін екі проекцияда рентгенограмма жасалады,кейбір жағдайда ¾ проекцияда үшінші рентгенограмма тағайындаладыЕМІ Консервативті емі Кәрі жілікке тән жерден сынудың ығыспаған түрін емдеу үшін сынық аймағына 1 % 10-20мл новокаин ерітіндісімен анестезия жасалады.Ығысқан түрін емдеуде жергілікті анестезия жасалғаннан кейін,сынықбастарына репозиция жасалады.Операциялық ем.Көрсетілімдері;кәрі жілік метаэпифизінің буынішілік ығысқан сынықтары,консервативті емнің нәтижесіздегі,ашық сынықтары.Сынық бастарын іштен бекіту үшін сымшабақтар,бұрандалар және пластиналар қолданылады.

2. Монтедждің сынық шығуы.Негізгі клиникалық көрінісі тізіп көрсетіңіздер.Дианостикалық әдіс.Емнің негізгі принциптерін тізіп көрсетіңіз.

Монтеджи сынығы әдетте білекке тиген қатты соққыдан немесе алақанын жерге тіреп құлағанда және т.б. кезде пайда болады.Монтеджи сынығы бүгуші және жазушы болып ажыратылады.Бүгуші сынықта сынған шынтақ сүйектің фрагменттері арасында алдына қарай ашылған бұрыш пайда болады.Кәрі жіліктің басы дистальдық бөлікпен бірге ығысады сақина тәрізді байламды үзеді және артқа тайып кетеді.Жазушы сынықта керісінше сынған шынтақ сүйектін фрагменттері арасында артқа қарай ашылған бұрыш пайда болады.Кәрі жіліктің басы дистальдық бөлікпен бірге ығысып алдына тайып кетеді.Науқасты тексергенде шынтақ сүйегі мен шынтақ буынында ауырсыну буынның ісінуі байқалады.Пальпация кезінде шынтақ сүйектің деформациясын сүйек крепитациясын сонымен қатар шығып кеткен кәрі жіліктің басын анықтауға болады.(бүгуші сынықта кәрі жіліктің басы шынтақ буынының артында ал жазушы сынықта ол шынтақ шұңқырында анықталады.Сыныққа толық диагноз қою үшін шынтақ кәрі білезік буындарын қамтып екі бағытта рентгенограмма жасалады.ЕМІ Бүгуші Монтеджи сынығында ығысқан шынтақ сүйегін түзеу қиынға соқпайды.Репозиция анестетикті тамыр ішіне жіберу арқылы немесе өткізгіш жалпы анестезиямен жасалады.Жазушы Монтеджи сынығына репозицияны қолмен немесе арнайы аппараттың көмегімен жасауға болады.Ол үшін науқас қолын шынтақ буынында 90-градусқа бүгеді хирургтың бір көмекшісі науқастың қолына білек бойымен тракция жасайды ал екіншісі иықтан кері тартады.Операциялық ем консервативті ем сәтсіз болғанда орындалады.операция кезінде кәрі жілік басының шығуын жабық түрде салуға тырысады.

3. Жамбас зақымдалуының жіктемесі

Жамбас сүйектері әдетте қандайда бір заттың соққысынан,жамбаспен құлаудан,жамбасқа алдыңғы,артқы жағынан,көлденеңінен немесе қиғашынан,әртүрлі бағытта қысым түсуінен зақымданады.Жамбастың зақымдануы төрт топқа бөлінеді.

1)Сүйектің жамбас шеңберінің тұтастығын бұзбай сынуы.Мұндай сынықтары кезінде жамбас шеңберінің тірек функциясы сақталады.

2)Жамбас шеңберінің тұтастығын бұзған сынық (алдыңғы,артқы және араласбір жақты,диагональді.

3)Ұршықтың сынуы(шетке,сынып-буын шығу және сынып буынның созылуы»

4)Буынның шығуы және сынып буын шығу (шат сүйегі және құйымшақтың біріккен жерінде)

Жамбас сынған кезде клиникалық көріністердің айқындалуы дәрежесі сол сынықтың өзінің шегіне,сипатына және көлеміне,сонымен қатар,зақымданған адамның ауруға шыдамдылығына,жалпы жай-күйіне, басқа зақымдардың бар-жоғына,бұрын көрсетілген медициналық көмекке де байланысты.

Жамбас шеңберінің тұтастығы сақталған сынық кезінде ауыруы көбінесе сынған жердің маңайында сезіледі.Жамбас шеңберінің тұтастығын бұзған сынықтардың анағұрлым айқын белгілері болады,өйткені ол тірек функциясының бұзылуына,спонтанды және ауру тудыратын қан кетулерге байланысты.Зардап шегушілерге өз бетімен жүру қабілетінен айрылады.Жамбастың ұршықтың сынуы зақымның формасы мен дәрежесіне қарамастан буын шеміршегін зақымдайды және мұнан кейін асқыну қаупін тудырады.Жамбастың сынып,буынынан шығуы,шат сүйегі мен сегізкөз-мықын буындасуының жамбас сүйектеріне біріккен жерлерінің бір-бірінен ажырап кетуінен пайда болады.Жамбас органдары бір мезгілде зақымданған жағдайдажамбас сынығының клиникалық –симптомдар комплексіне тиісті органның зақымдану белгісі де қосылады.

4. Өкше сүйектің сынығы,Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп көрсет,Диагностика әдістерін тізіп көрсет,Емінің негізгі принциптерін тізіп көрсет

Өкше сүйегі көп жағдайда зардап шегуші өкшесімен тік құлағаннан сынады.Өкше сүйектің көбінесе компрессиялық сынығы байқалады.Биіктен құлаған кезде өкше сүйек асық сүйек пен жердің арасында қысылып,бөлшектеніп сынуы мүмкін.Сүйектің компрессиялық ығысқан сынығында табан күмбезі тегістеледі,асық сүйек-өкше және өкше-текше(куб тәрізді сүйек»сүйектердің бір-бірімен қатынасы өзгереді.Өкше сүйектің буыннан тыс және буынішілік сынығын ажыратады(анатомиялық орналасуына және компрессия дәрежесіне қарай»,сонымен қатар көпбөлшектісынықты бөледі.Науқас өкше сүйектің сынығында аяғын баса алмайды.Өкше аймағы кеңейеді,тобықтардан төменгі аймақта гематома және ісіну анықталады.табанның ұзын күмбезі төмендейді,ал ығысу болғанда күмбез толық жойылады.Балтыр бұлшықеттерінің жиырылуынан ауырсыну қарқындайды.Өкше аймағына пальпация жасағанда ауырсыну өршиді.Өкше сіңірінің маңайында домбығу байқалады.Анықтан білуде рентгенологиялық зерттеулер жүргізіледі.Жанынан және аксиальды бағытта жасалған рентгенограмма диагнозды дәлелдейді.Рентгенограмманы жанынан жасағанда аяқ басын толық қамту керек,осы арқылы сынықтың түрін,ығысу сипатын,сонымен қатар Беллер бұрышын анықтайды .Емі Ығысқан сынықта жергілікті анестезия немесе наркозды қолдану арқылы репозияция жасалады.Репозицияны саусақпен немесе аппараттың көмегімен орындауға болады.Консервативті ем нәтижесіз болса операциялық ем қолданады.ашық репозиция жасау және сүйек фрагменттерін сымшабақпен,бұрандамен бекіту.Операциядан кейін аяқ гипс таңғышымен 1-1,5айға бекітіледі.Өкше сүйектің сынығын емдеуде доц.М.Т.Әбілмәжінов өз әдісін ұсынды.Табанға ағаш тірегі бар гипсті таңғышын салу арқылы емдеуді ұсынды.Сонымен қатар ығысқан сынықты емдеуде Каплан бойынша сүйектен тарту әдісі қолданылады.ол үшін сымшабақты өкше сүйектің дистальды бөлігінен өткізеді.Содан кейін сирақтың білігі бойымен 8кг жүкпен сүйекті тартады.3-4тәуліктен соң жүк салмағын 6кг дейін азайтады,енді осы сымшабаққа төмен бағытта тартатын 4-8кг жүкті іледі.5 тәуліктен соң екі жүктің де салмағын азайтады

Галеацци типті жарақаттар.Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп корсет.

Галеацци сынығы көбінесе білекке тиген қатты соққыдан немесе қолды тіреп құлағанда және т.б кезде пайда болады Галеации сынығы да бүгуші және жазушы түрінде кездеседі Бүгуші сынықта сынған кәрі жілік фрагменттері арасында алдына (алақанға)қарай ашылған бұрыш пайда болады,шынтақ сүйектің басы сыртқа қарай шығып кетеді Жазушы сынықта керісінше,сынған кәрі жілік фрагменттері арасында сыртқа қарай ашылған бұрыш пайда болады,ал шынтақ сүйектің басы алақанға қарай шығып кетеді.Жалпы тексеріп қарағанда осы жарақатқа тән білектің деформациясы байқалады.Жазушы сынықта білектің сыртқы беткейінде,кәрі жілік жағында ойыс,ал алақан жағында төмпешік пайда болады.Бүгуші сынықта керісінше,білектің сыртқы беткейінде,кәрі жілік жағында томпаю,ал алақан жағында ойыс пайда болады.Пальпация кезінде сынық аймағында ауырсыну анықталады,шыққан шынтақ сүйегінің басын саусақпен басқанда,шыққан сүйек орнына оңай салынады,алайда саусақпен басуды доғарғанда,сүйек басы қайта шығып кетеді.Білек және кәрі жілік-білезік буындарын қамтып жасалған екі бағыттағы рентгенограмма жарақат диагнозын және ығысу сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Бел омыртқаның денесінің компрессиялық сынықтары. Жіктемесі. Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп көрсетіңіз. Диагностика әдістерін тізіп көрсетіңіздер. Емінің негізгі принциптерін тізіп көрсетіңіздер.

ЖАРАКАТТЫН МЕХАНИЗІ: Бел омыртка денесінің тура емес закымдалуларында болады:осьтік жуктеме,кенеттен немесе шамадан тыс бугілуі,омыртканың айналуы немесе жазылуы.

Жаракаттын ерте кезеңінде ауырсынуға шағымданады,ауырсынудың қарқындылығы зақымдалған аймақта ғана емес көршілес жатқан жұмсақ тіндерге де

Беріледі.Жарақат алған кезде физиологиялық иілімдерге көңіл аудару керек.Омыртқаның қылқанды өсінділерін пальпациялаған кезде ауырсыну байқалады.Науқасты қараған жағдайда қозғалысын шектеу керек.Пальпациялаған кезде ауырсынудан басқа сол аралықтың үлкейгенін байқаймыз.Бел омыртқасының сынығы кезінде ауырсыну ішке,алдыңғы құрсақ бұлшық еттеріне беріледі.Сынықтар кезінде кұрсақ алдыңғы қабырғаларында гематомалар түзіледі.Егер гематома симпатикалық нервтерді тітіркендірсе псевдоабдоминальды синдромға алып келеді.

Халқаралық жіктемеге байланысты жіктеледі:

А-тип бел омыртқаның денесінің компрессиялық сынықтары

В-тип алдынғы және артқы комплекстің созылулық зақымдануы

С-тип алдынғы және артқы комплекстің ротациялық зақымдалуы





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2109 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...