Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндіріс құралдары



Өндіріс құралдары - еңбек құралдары - өндіріс ғимараттары, машиналар, станоктар, құралжабдықтар мен еңбек заттарынын - шикізат, отын, материалдық игіліктерді өндіру барысындаадамдар пайдаланатын көмекші материалдардың жиынтығы.Басты өндірістік фактордың бірі- өндіріс құралдары болып табылады. Бұл материалдық ресурстар, заттардың екі тобын қамтиды. Біріншіден еңбек құралдары – олардың көмегімен адамдар қажетті құндылықтарды құрады (саймандар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.). Екіншіден, еңбек заттары – еңбек процессінде адамдар әсер ететін заттар, олар келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайды (мұнай, кен, шикізат, материалдар және т.б.). Осылай өндіріс үрдісінде еңбектің материалдық ресурстарын құралдар мен заттарға олардың міндеті ойынша бөледі. Осы ресурстарды бөлудің тағы бір белгісі олардың шығу тегі.

Өндіріс құралдарының негізгі түрлері:

Шығу тегі бойынша өндіріс құралдары да екі топқа бөлінеді:
1) табиғи ресурстар (табиғаттың өзі берген) - шабындық жерлер, ормандар, минералдардың, газдың орналасқан жерлері, су және басқалары (олардың жалпылама түрде – “ жер ” деген бір сөзбен атайды); 2) өндірістік ресурстар – адамдар құраған (немесе өңдеген) заттар және олар өндірісте одан әрі пайдалану үшін ойлап табылған. Бұл – машиналар мен жабдықтар, өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, шикізаттар мен жартылай фабрикаттар және басқа да адам қолы арқылы өткен өндіріс құралдары.Қоғамдық өндіріс дамыған сайын ондағы өндіргіш күштердің де міндеті арта түспек.
Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан қозғалыс басталмақ.

Адамдар шығарған өндіріс құралдары көбінесе КАПИТАЛ деп аталады, олар негізгі капитал (өндіріс құралдарының өзі) және ақшалай капитал (өндіріс құралдарын сатып алуға арналған ақша) болып бөлінеді. Сондай-ақ нақты капитал тағы бір атауға ие – инвестициялық ресурстар (немесе тауарлар), себебі олар экономиканы инвестициялауға арналған. Осыған байланысты барлық тауарлық массада өндірістік тұтынуға түскен инвестициялық тауарлармен қатар (өндіріс құралдары) тұтыну тауарларын немесе адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтыну заттарын (азық-түліктер, киім, тұрғын үй, телевизорлар және т.б.) бөліп алуға болады. Инвестициялық тауарлар тек қана тұтыну заттарын шығару үшін қызмет етеді. Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық және моральдық тозулары орын алады. ФИЗИКАЛЫҚ ТОЗУ үрдісі негізгі капитал элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сиаттайды. Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа,оның құнсыздануы нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1549 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...