Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экономикалық теория және экономикалық саясат



Экономикалық теория — бұл:

ü ұдайы өндірістің фазалық динамикасы және ұзын толқындар динамикасы арқылы жүріп отыратын, экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым:

ü қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде, оны айырбастауда шектелген ресурстарды (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік) пайдалану туралы ғылым;

ü өндіріс пен айырбас әрекеттерінің түрлері туралы, адамдардың күнделікті іскерлік өмірі туралы және өмір сүруге қажет заттар алу туралы ғылым.

Экономикалық теория – экономикалық жүйелерге, экономикалық дамуға, экономикалық заңдар мен заңдылықтарға ғылыми көзқарастардың жиынтығы, яғни экономикалық құбылыстар мен үдерістер туралы, шаруашылықтың жұмыс істеуі туралы, экономикалық қатынастар туралы логикаға, тарихи тәжірибеге және экономист-ғалымдардың теориялық тұжырымдамаларына негізделген теориялық түсініктер. Экономикалық Теория неғұрлым елеулі жалпы байланыстарды, нарықтық экономика мен оның басқа да тұрпаттары дамуының экон. үдерістеріне тән қажетті себептік байланыстарды зерттейді. Өндіріс пен бөлу тәсілдерінің дамуын, еңбек нәтижелерінің пайдаланылу бағытын, меншік қатынастарын зерделейді. Экономикалық-өндірістік қатынастардың теориялық тұжырымы экономикалық категориялар (қоғамдық еңбек бөлінісі, тауар, ақша, капитал, ұлттық байлық, т.б.) арқылы жасалады.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.

Экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3699 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...