Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дайы өндіріс: типтері, түрлері, нәтижелері



Қоғамдық ұдайы өндіріс дегеніміз қоғамдық өндірістің әрдайым қайталанып отыратын, үздіксіз жаңару үрдісі. Ұдайы өндірістің екі типін ажыратады:

ü Жай;

ü Ұлғаймалы.

Жай өндіріс – бұл өндіріс үрдісінің бұрынғы масштабта қайталанып отыруы, сондықтан барлық түскен табыс жеке тұтынуға кетеді.

Ұлғаймалы өндіріс – бұл өндіріс үрдісінің кеңейтілген көлемде қайталануы, яғни алынған табыстың жартысы өндіріс жоғары масштабта жаңарып отыруы үшін қосымша ресурстарды сатып алуға жұмсалады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің үш түрі бар: а) интенсивті; б) экстенсивті; в) аралас. Олардың сипаттамалары төмендегідей:

Интенсивті Экстенсивті Аралас
Өндірістік әлеуетті техника және технологияны жетілдіру арқылы жоғарылату   Өндіріс қуаттылығын пайдаланылатын өндіріс факторларының санын өсіру арқылы жоғарылату Өндіріс қуаттылығын пайдаланылатын өндіріс факторларының санын өсіру арқылы және техника мен технологияны жетілдіру арқылы жоғарылату

сурет Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері

Қоғамдық өндірістің нәтижесінде игілік пайда болады.

Игілік бұл адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын және олардың мүдделеріне, мақсаттарына, ұмтылыстарына жауап беретін зат, құбылыс, еңбек өнімі, белгілі бір жағымды қасиеттерге ие барлық құндылықтар.

Экономикалық әдебиеттерде игіліктің басқа да анықтамалары бар, мысалы А.Маршалл игілікке бізге қажетті барлық заттарды немесе адамның қажеттілігін қанағаттандыратын барлық заттар деп түсінік беріп кеткен. Бұл анықтамада игілік тек нәрсе, зат ретінде ғана көрінеді.Кейде игіліктер жүзеге асқан пайдалылық ретінде қарастырылады, оларға тек еңбек өнімі ғана емес сонымен қатар табиғат сыйлары да жатады.Адамға өте қажет, соңғы кездері алатын орны өсіп келе жатқан қызмет көрсету игіліктердің арасында ерекше орынға ие.

Қызмет көрсету – бұл нәтижесі адамның қандай-да бір қажеттілігін қанағаттандыратын пайдалы әсерге ие адамның мақсатқа бағытталған қызметі. Игіліктерді терең түсіну үшін олардың жіктеліміне назар аудару қажет. Игіліктердің әр түрлі түрлерін бөліп көрсетудің негізі болып табылатын көптеген критерилер бар. Солардың анағұрлым көп таралған бір түрі болып игіліктерді материалдық және материалдық емес деп бөлуді жатқызамыз.

Материалдық игіліктерге: табиғаттың дайын сыйлары (жер, ауа, климат); өндіріс өнімі (азық-түлік өнімі, ғимараттар, құрылыс, машиналар, құралдар және т.б.) жатады. Кейде материалдық игілікке (мысалы, А.Маршалл бойынша) материалдық игіліктерді иемденуге байланысты қатынастарды да (патенттер, авторлық құқық, кепілдер) жатқызады. Сол арқылы бір топқа сипаттары бойынша ерекше игіліктерді енгізеді, олардың біреуі пайдалылықтың мәні болса, келесісі – пайдалылықты иемдену түрі.

Материалдық емес игіліктер – бұл адам қабілеттерінің дамуына әсер ететін игіліктер, олар өндірістік емес салада жасалады: денсаулық сақтау, білім беру, өнер, кино, театр, мұражай және т.б. Материалдық емес игіліктердің екі тобын бөліп көрсетеді: Ішкі – адамға табиғатпен берілген және оларды адам өз еркімен дамытатын игіліктердің бір түрі (дауыс, ән айту, декламация, музыкалық қабілет, ғылымға қабілеттілік және т.б.). Сыртқы – бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін сыртқы әлемнің беретін әсері (бедел, іскерлік байланыстар, қолдау және т.б.). Аталған топтарынан басқа игіліктердің тағы қазіргі және болашақ, тікелей және жанама, ұзақ және қысқа мерзімді т.б. түрлері болады. Игіліктердің экономикалық және экономикалық емес түрлері ерекше мәнге ие болады.

Экономикалық игіліктерге (бұл термин экономикалық ғылымның субъективтік мектебіне тән, өкілі – белгілі итальяндық экономист А.Пезенти) қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктермен салыстырғанда шектеулі көлемде алынатын игіліктер жатады. Экономикалық игіліктермен ресуртардың, игіліктердің шектеулілігі (сиректігі) жағдайындағы адамның сәйкесінше мінез-құлқымен (шаруашылық өндірістік қызмет) негізделетін игіліктердің сиректілік мәселесі тығыз байланысты екенін айтып кету керек.

Экономикалық емес игіліктер – адам күшінен тыс табиғаттан алынатын дайын сый. Бұл игіліктер адамның белгілі бір қажеттіліктерін толық және әрдайым қамтамасыз ету үшін жеткілікті дәрежеде табиғатта «еркін» болады (ауа, су, жарық және т.б.).





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2399 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...