Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Түрлендіру



Түрлендірупайдаланылатын өндіріс құралдары, технология және еңбектің ерекшеліктерімен сипатталатын жеке өндірістің оқшаулану, «тармақталып шығу» үрдісінде көрініс табады. Басқаша айтақанда, бұл қоғамдық еңбек бөлінісінің қызметтің барлық жаңа түрлеріне ажыратылу үрдісі. Мысалы, бұрын тауар өндіруші игіліктің қандай да бір түрін тек өндірумен ғана емес, сонымен бірге оны өткізумен де айналысқан. Енді ол өзінің барлық назарын тек игіліктерді өндіруге ғана аударады, ал оларды өткізу басқа, оған мүлде тәуелсіз шаруашылық субъектінің мойнында. Осылай, біртұтас шаруашылық қызмет әр қайсысы функционалды түрде сол бірлік ішінде болған екі түрге ажырады.

Мамандану

Түрлендіруден мамандануды айыра білу қажет. Мамандану негізіне түрлену жатады, бірақ ол өндірілетін өнімнің тар шеңберіне күш жұмылдыру негізімен сипатталады. Мамандану түрлендіру үрдісін бекітіп, тереңдетеді. Жоғарыда келтірілген мысалда өндірістің сатудан бөлініп шығуы қарастырылды. Айталық тауар өндіруші жиһаздың кең түрін шығарумен айналысты, бірақ әрі қарай ол тек ас уй жиһазын шығаруға оқшауланды. Тауар өндіруші жиһаз шығарудан бас тартқан жоқ, бірақ ол енді әмбебап еңбек құралдарын мамандандырылған еңбек құралдарымен ауыстыру негізінде өндірісін қайта ұйымдастырады, яғни жұмыс күшін де осы қызмет түрінде тәжірибесі, білімі мен артықшылықтары мол болуын ескере отырып таңдайды. Әрине, бұл жерде шарттылық пен өтпелі жағдайлар көп, алайда осы екі ұғым – дифф мен мамандануды ажырата білу керек.

Ртараптандыру

Өндірісті әртараптандыру ерекше назарға лайық. Әртараптандыру деп өндірілетін өнім номенклатурасының кеңеюін түсіну керек. Бұл екі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі – нарықтық әртараптандыру. Ол сол уақытта басқа кәсіпорындармен шығарылып жатқан өнім қатарын кеңейтумен сипатталады. Бұл ретте көп жағдайда осындай әртараптандыру үрдісі дәл сондай тауар шығаратын кәсіпорындардың бір-бірін ығыстыруы немесе бірігуіне әкеледі. Басты нәрсе бұл жағдайда әдетте, сатып алушыға ұсынылатын тауар номенклатурасының молаю болмайды. Екінші жол – өндірістік әртараптандыру. Ол ғылыми-техникалық прогресспен (ҒТП), сапалы жаңа тауарлар мен технологияның пайда болуымен тікелей байланысты. Әртараптандырудың аталған түрі нарықтық түріне қарағанда, бұрын болмаған қажеттіліктерді тудырады және қанағаттандырады немесе болған қажеттіліктер жаңа тауарлар және қызметтермен қанағаттандырылады. Әдетте, өндірістік әртараптандыру кәсіпорындағы сол уақытта бар өндіріспен тығыз байланыста болады және органикалық түрде одан өсіп шығады. Өндірістік әртараптандыру шеңберінде технологиялық, толық жете және азық-түліктік әртараптандыруларды бөліп көрсетуге болады. Айтарлықтай кең масштабта дамып келе жатқаны ол – азық-түліктік әртараптандыру.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1726 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...